+2 дауыс
224k көрілді
Маған ұстаз туралы мектеп туралы бір-екі шумақ өлен шығарып беріңдерші...

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұстазға мың алғыс

Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Толқыныңда біз жүземіз.
Желбіреген ақ желкені
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.
Қайырмасы:
Ұстазым,
Жыр сазым.
Бір өзіңе,
Мың тағзым,
Ұстазым.
Ұстаз ана, ұстаз дана,
Нұрлы жүзің жанға пана.
Менің маржан асыл сөзің
Әнұранымдай жаңғырады санамда.

Мейірбан ұстаздар

Жайраңдап көктемім,
Күледі көкте күн.
Құшағын тұр жайып,
Аяулы мектебім.
Санама нұр құйған,
Ұстазым көп менің.
Қайырмасы:
Мейірбан ұстаздар
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.
Биікке өрлеген,
Тайсалып көрмеген
Ұрпақтың кеудесін
Қуаныш кернеген.
Ұстаз деп ән шырқап,
Күй төккен пернеден.

+2 дауыс
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

 

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
+1 дауыс
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің

Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден – Батырдан
Өнері асқан актерден,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден,
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың сәлем!

Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.

Қыр-сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің адамның.

Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін!

Өмірдің ұғып тереңін,
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің!

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
Бұл тақпақтарды сіз өзіңіз жазыппедіңіз? Авторлары қайда?
0 дауыс
Ұстаз деген ұлы зат өмір сүреді бізбенен қыламын мен осы əт есімін теңізбенен
0 дауыс
Устаз ол улагатты адам камкоршы адам мен озимнин устазымды оте катты жаксы корем динара каирова женискызы♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡☆☆☆☆☆☆☆☆осындай жулдыз бен журек болып турынызшы
0 дауыс
Ұстаз біздің екінші анамыз ғой!

Ұстаз біздің екінші данамыз ғой!

Білім беріп,ақылымызды жинақтап

Бізге бəрін үйреткені-ұстаз ғой!!!

Автор:Фатима
0 дауыс
Есимде бари де есимде

Ен алгаш келген кезимде

Мектебимнин торине

Билимге жол тартакан туримде

Кызыгын кордим мектептин

Азабын бирак кормеппин

Мугалимдер мейримин

Оте ерекше сезиндим

Алгысым шексиз барине.

                                    Ш.Али
0 дауыс
Ропииимиимьиита
0 дауыс
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтайым ұстаздарым баршаңды
0 дауыс
Мектебім  ді сағындым он бір жыл болам сенімен әрсәтімді қызықты өткізем алтын ұям мектебім достарымды сағындым  сағынышым басылмайды киде бір  сағындым ұстазымның сөздерің мектебім алтын ұям     апайымды сағындым достарымды сағындым мектебімді сағындым  қоңыраудың үнің сағындым .

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
5 жауап
...