0 дауыс
294 көрілді
осы барлық қалаларға бір күнде баратын поезд шығады деиді  бағасы 20-25 болады деиді сол қашан шығад

1 жауап

0 дауыс


 

Жолаушылардың Астана мен Алматынаң арасында әуе жолымен де, автожолмен де, теміржолмен де қатынап, жүріп, тұру мүмкіндіктері бар. Тек әркім қалтасына қарай таңдау жасайды. Әйтсе де Респбулика Президенті шетелде болған бір сапарынан кейін Астана-Алматы арасында ұшқыр пойыздардың жүруі жобасын қолға алуға болатыны туралы айтып қалған-ды. Осы мәселенің жай-жапсарын білмек болып мәжілісмен Николай Турецкий бастаған бір топ депутат Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауалмен шықты.

Қазақстан теміржолында қазір пойыздың жүру жылдамдығы – орташа есеппен  сағатына 50 километр. Бұл көрсеткіш  Ресейде – 70, Қытайда – 90. Ұшқыр темір жолы бар елдің дамыған мемлекет қатарына кіретіні белгілі. Демек, ұшқыр пойызд жүретін темір жол жобасы жүзеге асырылар болса, мұның дамуымыздың жаңа деңгейі болатыны айдан анық. Дегенмен, басты мәселе – ол жобаны қаншалықты жүзеге асыру мүмкін екендігінде.

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы  Астана-Алматы ұшқыр  теміржол магистралінің құрылысы туралы меморандумға қол қойды деген кейбір деректер бар. Дегенмен, бұл жобаның қай кезеңде жүзеге асырылатыны белгісіз», дей келіп мәжілісмендер Үкімет басшысынан  Астана мен Алматы арасындағы  ұшқыр теміржол құрылысының мақсатқа сәйкестігінің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізуді өтінеді

Ұшқыр темір жолдың болуы бедел үшін болмаса, жолаушылар үшін аса қажеттілік деуге бола қоймайды. Біріншіден, бүгінгі көлік қатынастары қажеттілікті қанағаттандырады. Екіншіден, ұшқыр теміржолдың жолақысы әуе жолының жолақысынан кем болмайды. Ондай жолақыны халықтың негізі санатының қалтасы көтермейді. Әрі бүгінгі күн үшін аса маңызды басқа мәселелер аз емес. Сондықтан  мұндай жобаны таяудағы жылдардың еншісіне қалдыруға болмас па екен? Әрине, мәселені мемлекеттің қаржы қазанының құлағын ұстағандар шешеді…

http://www.aorda.kz/?p=13056
...