+1 дауыс
19.6k көрілді
Денің сау болып ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек? өзіңіз қандай тәсіл қолданасыз айта кетсеңіздер?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
ақпарат мына жерден алынды http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/9263

Генетикалық тұрғыда адамзат баласына 120 жыл өмір «кепілдік» делінген. Алайда, біздің ғасырымызда бұл жасқа жету қиынның қияметі. Жапондықтар орташа есеппен 79 жас, Австралиялықтар мен гректер, Канада мен Шведтер-78-ге дейін, немістер мен америкалықтар - 76 жылға дейін өмір сүреді екен. Ал, Түркі халықтары мен орыстарда өмір сұру деңгейі әлдеқайда қысқа. 67 жастан асқандар есеңгірей бастайды...

Халықаралық дәрігерлер тобы мен психолог, диетологтар «Мәңгі жастықтың он сырын» ашқан. Бұны біліп жүру ешкімге артықтық етпейді.

1. Тәбетке тыйым салу қажет! Күнделікті тұтынатын 2.500 калорияға + 1.500 калорияны қосыңыз, одан артығы ысырап. Ауқат - адам жасушаларын жаңартып, түрлі індеттерге қарсы тұру иммунитеттерін күшейтеді. Қысқасы: аздан жеңіз, тым аз жеу де зиян.

2. Қоректенетін тағам деннің шымыр болуы мен тән сұлулығының жақсы сақталуына әсер етеді. Жаңғақ жегенді ұнататын әйелдің бетіне алғашқы ажым 30 жастан кейін түседі. 50 ден асқандарға сүйектері тың болу үшін калтсий мен магний аса қажет. Ол жүрек тамырларының жұмысына оң әсер етеді. 40-қа таяп қалған ер азамат химиялық қоспалар пайдалануы тиіс. Мәселен, натрий, калтсий. 50-дегі егде азаматтың балық жегені жөн.

3. Өзіңізге лайықты, жаныңа жақын жұмыс табыңыз. Француздар мамандықтың - адамның талғамынан шыққаны дұрыс дейді. Бақытты адам жұмысқа қуанышпен барып, мақтанышпен қайтады. Жұмыссыз бос жүргендер өз жасынан 5 жыл бұрын ерте қартаяды. Әлеуметтанушылардың пікірінше, кейбір мамандықтар жас көрінуіңе көмектеседі. Бұндай мамандықтарға дирижер, философ, суретші мен діни қызметтер жатады.

4. Жүрегіңіз қалаған адаммен өміріңіздің қиындықтарымен бөлісуге тырысыңыз. Жан дүниеңізді түсінетін жар, жолдас іздеңіз! Махаббат пен мейірімділік қартаюға қарсы тұратын бірден-бір күшті тәсіл. Аптасына екі рет тән рахатын сезініңіз.

5. Қоғамдағы жағдаяттарға өз көзқарасыңыз болсын. Айналасына көп мән беретін, сұлулыққа ғашық адам депрессияға түспейді. Өзгелерден оқшауланған жан толқынның ағысына қарсы жүзген адам.

6. Қимылдаңыз! Күніне кем дегенде 8 минут спортпен айланысудың өзі өмірді ұзартады.

7. Салқын бөлмеде ұйықтаңыз! 17-18 градус бөлмеде ұйықтаған адамның өмір бойы жап-жас болып өтетіні алдеқашан дәлелденген.

8. Өзіңізге көңіл бөліп, еркелетіңіз. Қалаған нәрсеңізді ақша үнемдемей сатып алуға тырысыңыз.

9. Ешқашан ашу-ызаны ішке сақтамаңыз. Әр нәрсені ішіне тығып, шешіліп сөйлемейтін адамдар жазылмайтын дертке ұшырайды. Қатерлі ісік індетіне (рак) шалдыққандардың 64 пайызы іште тұмшаланған заһар мен зәрді сыртқа шығармағандар.

10. Миды шыңдап, жаттықтырыңыз! Уақытты бос өткізбей, ең құрығанда сөз жұмбақты ермек қылыңыз. Ұжымдық ойын залына барыңыз, ойланатын ермек табыңыз, тіл меңгеріңіз. Мимен жұмыс істеудің өзі зат алмасу процсесін күшейтіп, жүрек талмасы індетінен сақтайды.

...............................................................................................................................................................................

...............................................................................................................................................................................

 

Ұзақ өмір сүрудің құпиялары!  15.10.2011, 15:35

Бүгінде әлем ғалымдарының басын қатырып отырған ең басты мәселенің бірі – адамзаттың неғұрлым ұзақ өмір сүруі болып отыр. Осыған орай, әлемдегі барлық ел халқының орташа өмір сүру жасын ұзартуға тырысуда. Айта кетер жайт, біздің еліміз халқының орташа өмір сүру ұзақтығынан басқа елдермен салыстырғанда «ұяттылау». ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2009 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша күтілген көрсеткіш  68,6 жас болса, 2010 жылы 68,41 жас болған. Алайда, шындығында, бұл көрсеткіш 67,87 жасты құраған. Нәтижесінде еліміз өмір сүру ұзақтығының деңгейі бойынша әлем елдері арасында 152-орында тұр.

  Ал әлем елдерінің арасында орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша Жапония 82,12 жаспен алдыңғы орында келеді. Мамандар өмір сүру ұзақтығының төмен болуының негізгі себептерін ерте өлім-жітімге, мүгедектікке әкеліп соқтыратын аурулардың пайда болуымен түсіндіреді. Осы орайда жыл өткен сайын түрлі аурудың «жасарып» бара жатқаны да мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені қай ауру түрі болсын адамдар өмірін қысқартуға елеулі әсерін тигізеді. Бүгінгі күні халқымыздың өмір сүру жасының төмен болуына елеулі әсерін тигізіп отырған аурулардың бірі – остеопороз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, аталмыш ауру таралуы жағынан жүрек-қан тамырлар жүйесі, онкология, қант диабетінен кейінгі төртінші орынға ие көрінеді. Мамандар «халықтың өмір сүру жасының төмен болуына көбінесе остеопороз ауруы әсер етеді» дейді.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.
Осындай қағидалардың негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесі ретінде осы тұжырымдаманы ұсынып отырмыз.

Салауатты өмір сүрудің мақсаты
Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
Осындай арнаулы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:
Ең әуелі, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін
Адамдардың көп өмір сүруінің несі жақсы? 80-90 жасқа келген сон келесі адамға әлемді босату керек сияқты. Планетамыз 9 миллиардтан көп адамды ресурспен қамтамасыз ете алмайтын көрінеді. Адам көбейсе табиғи ресурс үшін күрес, соғыстар болады. Бірақ ешқайсымыз да ата-анамыздың өмірден кеткенін қаламаймыз иә, 100-ге келсе де...
хехе дұрыс айтасыз . Планетамыз 9 миллиардтан көп адамды ресурспен қамтамасыз ете алмайтын көрінеді.:D
80-90 жас былай тұрсын 70жасқа денсаулықпен жету мұң боп қалдығой.
0 дауыс
СӨСті насихаттап ұзаақ өмір сүру керек))
0 дауыс
Әрбір адам бұ жарық дүниенің бес күндік қызығына тоймай,  ұзақ өмір сүруді қалайды. Бірақ Алла Тағаланың қалауы ерте ме,  кеш пе  әйтеуір пендесін о дүниелік етеді. Дегенмен, адам әрекеті өз ғұмыр-жасын ұзартуға да мүмкіндігі бар екен. Соны  негізге алсақ,  тек пайдалана білсек,  бәлкім ұзақ өмір сүріп те қалуымыз да мүмкін.

-Адамның өмір жасының ұзақ болуы  екі нәрсеге байланысты. Біріншісі - тұқым қуалайтындығы. Егер ата-бабасы көп жасаған болса,  оның тұқымының да 80-ге  дейін, тіпті одан да көп өмір сүруі мүмкін. Екіншісі - сыртқы құбылыс, яғни, біздің өмір сүру салтымыз. Бұған бірқатар зерттеу жұмыстары дәлел. Мәселен, күніне сіз екі бума сигарет тартатын болсаңыз, бір  минут тартқан темекіңізге  бір минут өміріңізді қияды екенсіз. Сөйтіп темекі тартпаған адамға  қарағанда сіз өміріңіздің 8,3 жылынан айрылған болып шығасыз. өкпе, қолқа және тіл рагына ұшырағандардың 95 пайызы темекі тартатындар болып отыр. Ал ішімдікке салынғандар жүрек, асқазан, қан қысымы мен қан бұзылуы, демікпе, жүйке, т.б.  ауруларға ұшырайтыны  анықталды.  Тамақты  дұрыс ішпеу де  адамның өмір жасын  шамамен 5-7 жылға  қысқартады. Толық адамдар салмағы  өзіне  лайық адамдарға қарағанда жүрек  қабынуы, денесі  тартылып қалатын ауруларға 3,5 есе  жиірек  шалдығатыны белгілі, - дейді медицина ғылымының доқторы А. Чкалин.

Ал медицина  ғылымының докторы  Ю. Григоров болса:

- Хайуанаттарға жасалған тәжірибелер көрсетіп отырғандай.  адам өмірін ұзартатын ондаған азықтық заттар  қазірдің  өзінде  белгілі  болып отыр.  Оған  қызыл  бұрышты  да жатқызуға  болады.  Қызыл  бұрыш  зат  алмасуын қалыпқа  түсіріп, қан қысымын азайтады, ішек  микрофлорасын жақсартып,  қартайғанда шығатын ауру  түрін  тежейді.

Ең  алдымен, тамақтың түр-түрін көбейтудің  маңызы зор.  Хлостерні  мол,  майлы  қышқылы  көп  тамақтан бас  тартуға  болмайды, тек  оны  шектеу қажет. Өйткені  кез-келген тамақта кері  әсерін  тигізетін заттар болады.

Өсімдік және мал өнімдерінен қосып жасалған тамақтың,  әсіресе  сүттің  пайдасы  зор.  Күніне 4 рет тамақтану  қажет,      ем ретінде айран ішкен жөн. Ол тозған организімнің  қуат беретін заттарды бойға  сіңіруге көмектеседі, әйтпесе  тамақ етке жиналады.

Ғалымдардың  тағы бір тапқан амалы  өмірде  көп жаяу  жүрген адамды өмір жасы ұзақ болады екен. Кейбір дерек  көздеріне қарағанда  ерлер үшін көп әйел алу  да адам өмірін ұзарта алатыны айтылған. Бұның тоқ етері адамның қан айналымы мен көңіл күйінің дұрыстығы көп жасауға жетелейді.

Ұлы биолог И.И.Мечников адам организмі ішкі резервтерінің  сарқылмас мол  екенін айта  келіп,  былай деген болатын: «150 жастың бұрынғы өлім күштеп өлтірумен тең. Егер адам 70 жасында қайтыс болса, мұның  өзі  өмір сүру дағдысын дұрыс жүргізбегендігін,  адам  организімінің сақтаушы қорғаушы күш-жігерін жетілдіруге, дамытуға және бейімделу қабілетін арттыруға жағдай жасамағанын, қайта  оларды  әлсіретуге және  шектелуге алып баратын жағдайда өмір сүргенін көрсетеді».

Өз көңіл күйіңіз өз қолыңызда. Еңсені  түсірмей езу тартып,  шат-шадыман жүруімізге әбден болады екен. Тек ол үшін жұмыстан кейін мына  процедураларды жасауды естен шығармау керек:

1. 5 минут сарқырама (душ) астында тұрыңыз. Суды  бірте-бірте салқындата  аяқтайсыз. Таза  шытқа (төсек жаймаға) оранып 10 минуттай  еркін тыныс  алып  жатыңыз.  Аяғыңыз 3-5 минуттай массаж жасап  беретін кісі  табылса,  тіпті  жарар еді. Осы уақытта  дәкені  жылы,  салқын  шайға  малып,  көзіңізге  басып және 5 минуттай  жата  түсіңіз. өзіңізді  жеңіл сезініп, бет-әлпетіңізге  әр  кіреді.

Жұмыстан кейін 15-20 минуттай  уақытыңызды бөліп демала білу, денсаулықты  ұзақ  жылдарға  сақтай алуға мүмкіндік  туғызады.

2. Су ваннасын қабылдау да  шығындалған күшті  қалпына  келтіреді. Суға 2 л. хвой  экстратын  қосасыз. Шалқайып жатқан  қалпы  аяқтарыңызды  ысқышпен 3 минуттай  мұқият массаж жасаңыз. Орныңыздан түрегеліп, 5-7 минуттай  денеңіздің  басқа  мүшелеріне де көңіл аударып болған соң 1 минуттай тынығыңыз. Десек те, бүгінгідей дамыған қоғамда  уақытты  дұрыс  пайдаланып, арақ ішпей,  темекі шекпей жүрсек те жетіп  жатыр. Көбіне  дәрігер кеңесіне  жүгініп ас  тағамдарын ішіп-жегенде  де  абай болған жөн. Қалай  болғанда  да әрбір  істе адамнан әрекет болса,  ол зор денсаулық пен ұзақ  ғұмырдың негізі болары анық.
0 дауыс
Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс, әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз.

1) Зиянды әдеттерден – темекі шегуден, спиртті ішімдіктер ішуден, тым қатты тойып тамақ ішуден бас тартыңыз.

2) Күн сайын отыз минут таза ауада серуендеу адамның денсаулығын жақсартуға сеп болады.

3) Денені шынықтыру ағзаны сергітеді, бұлшық еттерді, сүйектерді, жүрек тамырларын, жүйке, иммунитетті және ағзаның барлық жүйелерін нығайтады. Дене шынықтыру жаттығулары кезінде ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Сонымен қатар, көңіл-күй көтеріледі. Сондай-ақ, суға түсу, моншаға бару артық салмақты бір сәтте-ақ жояды.

4) Әр күн сайын шоколадтың кішкентай ғана бөлігін жеу жақсы эмоцияларды арттырады.

Шоколадтың бірнеше үлесі бір күнде жақсы эмоцияларды арттырып, адам өмірін 1,3 жылға ұзартады.

5) Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға да, әйел адамдарға да жас көріну мүмкіндігін береді. Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға 1,9 жыл, әйел адамдарға 0,8 жылға жас көріну мүмкіндігін береді.

6) Өсімдік, зәйтүн, зығыр майлары тамырлардың икемді жұмыс істеуін қолдап қана қоймай, бауырдың өтті дұрыс өңдеуіне және ағзадан зат алмасу өнімдерін бөлуге көмек береді.

7) Күн сайын мүмкіндігінше көбірек түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп, қуатыңызды арттырады. Күн сайын 5 түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп, энергетиканы арттырады.

8) Пісірілген, бұқтырылған немесе буға пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз балығын аптасына 2-3 рет жеуге тырысыңыз. Пісірілген, бұқтырылған немесе буға пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз балығын аптасына 2-3 рет жеу адам өмірін 3 жылға ұзартады.

9) Бірдей көлемде араластырылған дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі фолий қышқылы сіздің саулығыңызға өте пайдалы. Бірдей көлемде араластырылған дәрумендер өмір жасын ұзартады. Дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі фолий қышқылы сіздің жасыңызға тағы да 1,2 жыл қосады екен.

10) Дұрыс, мағыналы күлкі, көңілге тимейтін әзілді де ұмытпаңыз. Күлкі, жағымды, сәнді әзілдің адам өсіміне тағы да 8 жыл қосатынын ұмытпаңыз.

11) Құрамында кальцийі басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) – сүйегіңізді бекітеді. Кальций және құрамында ол басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) – шамамен бір жыл қосады.

12) Ауыз қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару – денсаулық кепілі.

Ауыз қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару сіздің өміріңізге тағы да 6,4 жыл қосады.

13) Дұрыс ұйқы – салауаттты өмірдің бір салты. Салауатты түс – әйелдердің өміріне 7 сағат, ал ерлердің өміріне 8 сағат қосып, сіздердің өмірлеріңіз тағы да 3-12 жылға ұзарады.

14) Орташа салмақты ұстаңыз.  Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше минут дене шынықтырумен айналысыңыз. Жаттығу барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі. Орташа салмақты ұстау Сізге тағы да 6 жылға дейін өмір қосады. Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше минут қана дене шынықтырумен айналыссаңыз да өміріңіз ұзарады. Жаттығу барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі.

15) Жақсы адамдармен жақын болыңыз. Табиғат аясына көбірек шығыңыз. Бұл сіздің жан сарайыңызды ашады.

Жақсы адамдармен, табиғатпен, жануарлармен араласып, олармен сырласа біліңіз. Бұл сіздің жан сарайыңызды ашады.

16) Қандай жағдай болса да түңілмеңіз. Оптимистер пессимистерге қарағанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді, бұл ғылыми тұрғыда расталған. Қиын сәттерде өз өміріңіздің қуанышты сәттерін, бақытты кездерін, есіңізге түсіріңіз, шүкірлік етіңіз. Бұл өмір сүруге деген құштарлығыңызды арттырып, ренжіткен адамдарды кешіруге көмектеседі.

Миды жұмыс істетіңіз. Кроссвордтар шешіңіз, көп оқыңыз, шет тілдерін оқыңыз. Миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлесеңіз, тек қана ақыл емес, сонымен бірге жүрек қызметін, қан айналымы жүйесін, зат алмасу барысын жақсартасыз.
менің ойымша адам өмірге келгеннен кейін өмір сүру үшін күресу керек бірақ қанша жасайтынымыз бір Аллаға аян. тек алға ұмтыла беру керек. жанымызда болып жатқан жаңалықтан хабардар болуымыз керек. басқасын көре жатармыз.
0 дауыс

Ол үшін шылым шекпей арақ ішпеу керек Салауатты өмір салтын ұстану қажет әрдайым күліп жүру қажет 1минут күлсең 5минут өмір уақытың ұзарады

...