+2 дауыс
7.0k көрілді
СОл монолог қай шығармадан және авторын жазып берсеніздер????

1 жауап

0 дауыс

ТАМЫР (монолог)
Өлеңді жазған: Жұмекен Нәжімеденов


Жаңбыр жаусын!
Жаумай қойсын!
Былай да
Қатысым жоқ қара бұлтқа, құдайға.
Сен-коктейсың,
Тұрған шақта мен аман,
Бұтаһтарым,жапырақтарым,мұңайма!
Мен аманда жарқырап бір шығып қал,
Жапырақтар,ши-бұталар,шыбық-тал!

Жел,шуаққа көрген емен елеңдеп,
Құс-көбелек жазған емес мені емдеп.
Көтеріліген сайын сендер биікке
Жерге кіріп барамын мен тереңдеп.
Бұтақ саған бұлбұл келіп қонады,
Сайрап отыр,сайрап отыр ол,әне.
Жапырақ,сенің обалың жоқ,олың-
Шымшықты да көтеретін жоқ әлің.
Ал мен туған топырағымда тоңамын:
Жауын құрты- менің жалғыз қонағым.
жиған сөлім жапырақ сорып жатып ап- Соны, соны сен әкеттің, жапырақ!
Елеп көге ілген емес мені ешкім,
Көрінуге менде ұмтылған емеспін.
Қалдым ақыр,қан,бойаудан жұтап бар.
Есесіне,сен өстің,ши-бұтақтар.
Менің нәрім-желге ұшатын қаңбақ па,
Желдей тарап ап кеттіңдер жан-жаққа.
Жо-жоқ, бұлдап жатқаным жоқ оны аса-
Өз бұтағым тонасыншы-тонаса!
Разымын тағдырыма!
Бұлда рас:
Тағдырластар.о,тамырлар,құрбылас,
Ғұмыр бойы сорып бізді жұтатқан
Бір-ақ тілек тілейікші бұтақтан,
Жапырақтан шаңдақтағы,жолдағы:
Не солғанда құлақтары салбырап,
Не толғанда жасыл басы жалбырап
Бізді есіне алып қойса болғаны!

Ұқсас сұрақтар

...