0 дауыс
4.7k көрілді
Маған "сырмақ туралы кіріспе" жазып беріңдерші өтініш

1 жауап

0 дауыс
Қазақ қол өнері қорындағы киізден жасаған бұйымдар қайталанбас өзгешелігімен, қалыптасқан топтама жүйелігімен ерекшеленеді. Солардың бірі – сырмақ. Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. Сыру дегеніміз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу. Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау әдісінен алынған. Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қа­баттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы – кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою-өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезгiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Ісмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою-өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi-түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды шашақты сырмақ деп атайды. Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады. Қазіргідей тігін машиналары жоқ кезде қазақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан, т.б. тұрмыстық бұйым­дарды қолмен тіккен.
...