0 дауыс
2.3k көрілді
Мен өзі көп сөйлемейтін адаммын! Достарм болсын, группада болсын, үйдеде өте аз сөйлеймін! Одан Қалай құтылуға болады! Себебі қыздармен кездесуге барғанда айтатын сөзім таусылып қалады" Ұялшақпын депте айта алмаймын" Осы жайлы не айта аласыздар?

5 жауап

0 дауыс
Мүмкін адамдармен көп араласпайтын шығарсыз.Мен де сондаймын.Бәрі үндемейсің,тұйықсың дейді.Ертең осы көөөп сөйлеп миларын ағызбаспын ба деп барамын сабаққа.Бірақ сонда да осыдан құтыла алмай қойдым.
Дұрыс айтасын, кішкентай кезімнен үлкен кісілердін әңгімесін тыңдап отыра беретінмін! Осы маған ұнайтын! Бірақ өсе келе неге аңгіме айтпайсың деген сөздер шыға бастады"  Кітап та оқимын, философияға қызығамын! бірақ бұл тема менің достарымның ешқайсысын қызықтырмайды""
Түсінем түсінем :)
Белгісіз
0 дауыс
дәл мен сияқты екенсіз )) негізінде мына сөзді есінізден шығарманыз "аз сөйлеп-көп тыңда"
Көп сөйлеп біреудін басын ауыртам ба деп те ойлай кейде! Сосын сойлемей қоям" менің аңгімем оны қызықтырмайтын сияқты болып көринед"
0 дауыс
бірақ аз сөйлеген сайын бәрі сені көп тыңдаған білімді емес,ештеңе білмейді деп ойлайды екен.Мысалы кей мұғалімнің өзі үндемей отыра берген баланы түсіре береді де,ал өтірік болсада бірдеңені айқайлап отырған баланы көп біледі деп ойлайды.
Менің матем апайым сияқты)
+1 дауыс
Негізі қазақта аз сөйлеп, көп тыңда дейді ғой. Жігіттерге көп сөйлеген жараспайды. Алайда, қойылған сұраққа жауап беріп, орайы келгенде айтылуы керек нәрсені сіздікі дұрыс болмауы мүмкін болса да айтып қалу керек
0 дауыс
Ол,адамның мінезіне байланыстығо.Біреулер көп сөйлейтін мылжың болады,біреулер аз сөйлеп көп тыңдайды.Мен де көп сөзге жоқпын,әсіресе үйде,туыстарымның арасында көп сөйлемеймін,бірақ жолдастарымның,достарымның арасында,отырыстарда,кештерде әзілдеп,әңгіме айтып отырамын.Көп мылжың болған да жақсы емес,қасыңдағыларды мезі қыласын.
...