+2 дауыс
372 көрілді
Мен 1қызға қатты ғашық болып қалдым. Сезіміде білдіріп,қазір екеуміз кездесіп жүрміз. Таныса келемен оның Ислам діні жайында әлсіз екенін байқадым( емші,құмалақшы- балгерлерге сенетінін,аруақтарға сиынатынын). Осыдан кейін мен намаз оқыйн деп жүргенімді айтқаным жоқ.Мен оны қатты сүйемін,тастап кете алмаймын. үйленейн десем 1ші қыздың иманына қара деген хадис есіме түсе береді.Басым қатты көмек керек......

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше ең бастысы оның дінге деген беріктігі емес, адамгершілігіне, ақылдылығына, мейірімділік пен т.б. жақсы қасиеттеріне қарау керек. Өйткені, қазіргі кезде орамал таққан, не діннің жолындағы адамдарды періштедей көріп, кейін отбасын құрғанда мінездеріңіз, түсініктеріңіз мүлде сәйкес келмей жатқанын байқап, қателесетіндер көп. Үйлену оңай - үй болу қиын дейді ғой аталарымыз. Барлық мәселе тек дінмен ғана шешілмейді. Қызға ештемені жасырмай айту керек сияқты. Егер жақсы көрсе, сені қалай бар, солай қабылдайды. Және сен де оның көзқарасын сыйлауың керек. Дінге келе салып, сене салу мүмкін емес. Кейде оны қабылдау үшін бірнеше жылдар керек. Тіпті сенбей де бақытты болатындар бар.
Zere Beckinsale, pikirinizge rahmet! Arine senin aitkanyn da durys, birak ekeuimizdin dinge degen kozkarasymyz arturli bolyp turgannan keiin bakytty bolamyz degenge sene almai jurmin. Ne de bolsa bar shyndykty jakyn arada aitamyn, ary karai jasyru jaksylykka aparmaidy.... ALLAH jurekterge iman bersin!!!
+2 дауыс
Ол өзіңізге байланысты.Сізге оның қателесетінін,тек бір Аллаға ғана құлшылық ету керегін,тағы да өзіңіздің білген,түсінген ойларыңызды ашып айту керек. Егер сізді сүйсе,өзі де ойланар.

Менің де имандылыққа бет бұрғаным-ұнайтын адамның намаз оқуы,нағыз мұсылмандығы.Әйтпесе,мен мүлдем басқа ұғымдағы адам болғанмын.
VK, sizge rahmet! Jakyn arada barin aitamyn. Shyndykty aityp shyryldap koreiik, jasyryp jure bergenshe.
Сәттілік. Бәрі де ок болады!
менің де жағдайым дәл сіздікіндей  VK . ұнайтын адамым үшін ислам дініне бет бұрдым. Альхамдулиллах шариғат бойынша қыздарға жалпы құлдарға парыз етілгендерді орындаудамыз. сүйгеніңізге бәрін түсіндіріңіз. сізді нақ сүйер болса иншаллах бәрі дұрыс болады.
0 дауыс
Әлібееееек, бауырым! Көтер басыңды! Біз кімбіз? Аллаһқа сансыз шүкірліктер болсын, мұсылманбыз! Ал мұсылман деген кім? Әлбетте Аллаһқа және Оның пайғамбарына бағынған пенде. Егер Аллаһтың аяттары мен пайғамбарымыздың хадисінен асып, басқа бағыттан бақыт табамыз десек, ұзаққа адасқанымыз! Бауырым, тезірек есіңді жишы. Дінсіз қыздармен қосылып, отбасы быт-шыт болған бауырларымның жағдайын білемін. Кейін олар зор өкініште қалған. Сенің де солардың соңынан кетпеуіңді тілеймін. Аллаһ иманды қыз нәсіп етсін! Әмиииииииииин! Иманды қыздан махаббаттың шынайылығын татасың әлі, инщааллаһ!
InshALLAH, kezdeser. Birak myna kyzdy ne isteimin sony aitshy. Olda bireudin aialap osirip otyrgan kyzy go.
Исламды жеткіз. Уағызда. Ақиқаттың Құранда екенін жеткіз! Себепші бол. Аллаһ тура жолға салады, инщааллаһ.
...