Меніңше ең бастысы оның дінге деген беріктігі емес, адамгершілігіне, ақылдылығына, мейірімділік пен т.б. жақсы қасиеттеріне қарау керек. Өйткені, қазіргі кезде орамал таққан, не діннің жолындағы адамдарды періштедей көріп, кейін отбасын құрғанда мінездеріңіз, түсініктеріңіз мүлде сәйкес келмей жатқанын байқап, қателесетіндер көп. Үйлену оңай - үй болу қиын дейді ғой аталарымыз. Барлық мәселе тек дінмен ғана шешілмейді. Қызға ештемені жасырмай айту керек сияқты. Егер жақсы көрсе, сені қалай бар, солай қабылдайды. Және сен де оның көзқарасын сыйлауың керек. Дінге келе салып, сене салу мүмкін емес. Кейде оны қабылдау үшін бірнеше жылдар керек. Тіпті сенбей де бақытты болатындар бар.