+1 дауыс
95.9k көрілді
Мұрыннан су ағып, тұмау тигенде не істеуге болады? Міне 1 аптадан асып кетті-ау деймін, мурнымнан су ағып тұмауратып жүргеніме. Қалай емделуге болады үй жағдайында. Немесе дәріханадан қандай дәрі алып қолдану қажет?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауа-райының ауыспалы кезенінде тұмаудан құтылу қиындау болады. Аскорбин қышқылын көк тамырға күніне 2 рат 5 күн салдырыңыз (бұрын салдырмаған болсаңыз аллергиялық сынама жасатуды ұмытпаңыз), жиі ауыра берсеніз иимунитетті көтеретін иммунал сиропы жақсы, өзім пайдаланып көрдім, нәтижесі жақсы. Ешқандай побочный эффектісі болмады маған.

Сосын, мүмкін сізде де көктемде пайда боладын мезгілдік аллергия емес па? Ол да тура тұмаудың белгілеріндей болуы мүмкін. Көктемде көк шөп шыққанда пайда болады. Қазір көпшілік адамдарда кездесіп жатыр. Бір танысым тавегил қолданып жүр аллергияға. Аллергиядан құтылудың ең бірінші жолы аллергенге (аллергия туғызатын затқа) жоламау, яғни көк шөпке. Менікі жай болжам, білерім аллергияда да мұрыннан су ағып, көз жасаурайды. Жиі түшкіру тән.

Тұмауда иммунитет көтеруге лимонмен шәй ішіңіз, лимонның өзін былайынша да жеңіз. Ара баллын ыстық сүтке араластырып ішсеңіз болады. Ара балын шәймен араластыруға болмайды, консероген пайда болады-мыс)

Терафлю, ногрип, антигрипин... Жаңадан шығып жатқан түрлері де көп... Саулығынды тілеймін!

П.С: Таң ертенгі жаттығуға ерінеміз, бірақ сол жаттығу көптеген аурудың алдын алады.
Тавегил аллергияға жақсы дәрі . Бірақ , ұйқы келтіретін әсері бар. Соңғы кезде шыққан кларитин,лоратал деген дәрілер ұйы шақырмайды және күніне бір таблетка ғана ішеді. Жалпы аллергияның бір себебі иммунитет жүйесінің қызметінің бұзылуы.Кейбір адамдарға эхинацеядан жасалған дәрілер жақсы көмектеседі. Бұлардан басқа тағы да тұмау сияқты ауру " вазомоторный ринит"деген болады. Бұған коллоргол (күмістің тұздарынан жасалатын мұрын тамшылары) ерітіндісін мұрынға тамызу арқылы емдеп жатады. бірақ неше %тік  ерітінді керектігін тек лор-дәрігер рецептке жазып береді. Сол рецептпен аптекаға барсаң, фармацевттер жасап береді.Егер мұрныңның біткені екі аптаның ішінде кетпесе, онда лор-ға барып каралғаның дұрыс болады. Негізі аллергиясы бар адамдар, тұмаудан асқынып риносинусит болғандар мұрнын теңіз тұзы ерітіндісімен азанда және ұйықтар алында жуып тұрған дұрыс.Аптекаларда осы мұрын жуғанға арналған Аквамарис деген теңіз тұзы сатылады.Арзан емес, бірақ мүрын ішінің қабынуларына яғни риносинуситтің барлық түрлерін емдегенге және алдын алғанға өте жақсы көмектеседі.Қорабында чайник сияқты қолдануға өте ыңғайлы ыдысы да бар.Реклама деп ойламаңдар, көп адамдар мақтап жатады, сосын айтып отырмын.
Үлкен рахмет. Қолданып көрейін, бүгін арнайы барып 4-5 лимон алып келдім. Біреуін өзімді қинап жедім, денем түршігіп кетсе де :) Қалғанын шаймен ішіп жатырмын. Жақсыбике әпке сіз айтқан Аквамарис ертең алып қолданып көрейін. Рахмет сіздерге.
Менде ойымды қосып жіберейінші:)) Тәк.. бәрін оқып шықтым... лимон анау мынауға қарсылығым жоқ халық емі ғой, ал аквамарис тымауды емдейді дегенге сенікіремеймін. Аквамарис, Маримей спрейлер мурынды тазартатын тұзды су. Оның ешқандай емдік қасиеті болмайды.
Жалпы біз риниттерді былай емдейміз: (ересектердің нақты дозаларын білмедім нұсқауға қарап айтып отырмын, балалардың дозасын жақсы білемін) Маримей спрей по 2 впыск. з р. в день носов/ходы. Називин по 3 к. 3 раза в день. УФО №5 мұрынға яғни 5 күн қабылдайды:)
Аквамаристің емдік қасиеті өте жақсы . Қаланың ауасы  нашар жерінде  тұратындар, шаң,тозаңы көп жерде жұмыс жасайтындар, мезгілдік аллергиямен ауыратындар үшін және тұмаудың алын алу , ринит және мұрынның қасалқы қуыстарын қабынуларын емдеу үшін Аквамаристі күнделікті қолдану ең жақсы шешім.Жаңа Майроштың пікірін оқыған соң гуглдатып мына сілтемені(www.piluli.kharkov.ua/drugs/drug/aqua-maris/) тауып алдым.Майрош ,оқып көр ,мүмкін өзіңнің практикаңда қолдансаң ,науқастарыңнан тек алғыс алатыныңа 100%  сенемін.Ал Називиннің емдік қасиеті аз, оны тек мурынның шышышты қабатындағы ісінуді азайту үшін ,яғни мұрынды ашу үшін ғана қолданады. Көп пайдаланса, мұрынды кептіріп ,тіпті шырышты қабатын семітіп (атрофия), қайта қалпына келмейтін жағдайға жеткізуі мүмкін.Сондықтан , називинді баларға қолданғанда ата-анасына бір аптадан артық қолдануға болмайтынын қатаң ескерткен дұрыс. Бірақ өкініштісі соны дәрігер айтқанмен , баласына дұрыс қолданып жүрген ата- ана аз ! УФО қолданған өте дұрыс,бірақ міндетті түрде науқасты қан талдаудан өткізіп,нәтижесі жақсы болған жағдайда.  Соңғы кезде  емдік сәуле пайдалануға болмайтын қан аурулары өте жиі кездеседі.
+1 дауыс
Сәуірдің майын ішіңіз. Ауылдық жердегі ағайын-туыстардан сұратыңыз немесе дәріханадан "Грипго" деген дәріні сатып алыңыз. Өте мықты дәрі. Және тағы бір дәрі бар "День и ночь" деген. Екі мезгіл ішесіз. Таңертең кешке. Ол терлетеді. Тер шықса ауруда кетеді. Мен осы үш емдік қасиеттері бар дәрі-дәрмектерді қолданып жазылғанмын.
+1 дауыс
Ешқандай дәрі қолданудың қажеті жоқ.

Сарымсақты /чеснок/ ортасынан жарып ,мұрныңа тығып қой,түшкіріп,мұрыннан су ағып біраз әбігерленесің.Бірақ есесіне ары кеткенде 2 күнде ойнақтап кетесің.Өзім ,отбасым тымау тие бастаса  үнемі осы емді қолданамыз.Осының әсері болар,құдайға шүкір,тымаумен сирек ауырамыз.
0 дауыс
Кішкентай қызымның мұрныннан ылғи су ағып жүреді ол денсаулығына зиян емес па? Не болады? Оны қалай емдеуге болады? Рахмет алдын ала!!!
0 дауыс

Тұмауды антибиотикпен емдегіштерге

Обшым Бэлланың тұмау туралы постында оқырманның екіден үші антибиотикпен емделуге кеңес беріпті. Егер ол точно тұмау (ОРВИ) болса, оған антибиотиктің еш пайдасы жоқ. Неге? Түсіндіруге тырысайын. Антибиотиктер бактерияның клетка қабырғасын бұзады, осылайша оларды "өлтіреді".

Ал тұмау дегеніміз - вирус. Олар тіпті кішкентааай, және олардың клетка қабырғасы жоқ. Сонда әлгі антибиотигің нені бұзу керек? Әшейін ауаға оқ атқанмен бірдей боласың. Тіпті керісінше, вируспен күресіп жатқан ағзаңды одан сайын титықтатасың.

Айналайын, егер сен тұмаудан антибиотикпен емделген болсаң, ол жай ғана сәйкестік, яғни ағзаң вирусты өзі жеңген. Немесе ол тұмау емес, ол ангина, отит, синусит, пневмония тырым-пырым шығар, бірақ тұмау емес. Бұл аурулар тұмаудың дұрыс емделмей асқынуынан болады немесе жеке ауру ретінде де басталып кетуі мүмкін.
Сонда тұмауды қалай емдеу керек?

Мұрынды әлсін-әлсін тұзды ерітіндімен (аквамарис, аквалор) шаю, тамақты тұзды ерітіндімен (бір стақанға бір қасық тұз), фурацилинмен, ромашкамен шаю. Және көп-көп жылы сұйықтық ішу. Лимон, итмұрын қосылған шай, зімбір, бал қосып ішіңіз, морс, компот қайнатып ішіңіз. Обшым в любой непонятной ситуации ішіңіз. Вирус термен, зәрмен шығады.

Бөлмені қайта-қайта желдетіңіз. Артыңызбен емес, терезені ашып.
А лучше, дәрігерге барыңыз.

0 дауыс
"Мерин хилт "деген бады бар сол, барлық ауруға ем
...