0 дауыс
Ақ көгершін әнінің минусовкасы керек?
25.04.2013 16.5k қаралым

2 жауап

0 дауыс

Ақ көгершін

Ақ көгершін
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін , көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына

 

 

25.04.2013
0 дауыс
Ақ көгершін әнінің минусын қайдан табуға болады?
05.04.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы