+1 дауыс
180k көрілді
Қаныш Сәтпаевтың еңбектері туралы мәлімет тауып берініздерші?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ ғылым академиясындағы

        президнттік қасиеттерінің
ең зоры – ол аса талантты
                  және қажырлы, еңбекке төзімді
                 ұйымдастырушысы
                                                         МұхтарӘуезов

Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1943 жылы Қ.И. Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды.

 

слайд қажет емес пе?
болса жақсы болар еді
егер өз почтыңыздың адресін қалдырсаңыз, жіберейін
+1 дауыс
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, каратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол-геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Қазақ ғылыми академиясының тұңғыш президенті геология ғылымының 20-ғасырдағы аса көрнекті оқымысты академик Қаныш Сатпаевымыз ең алғашқы педагог-мұғалімдерінің бірі.
Семейдегі педагогикалық техникумды тәмамдағаннан кейін 1918-1919 жылдары Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған 2 жылдық педагогикалық курстарға жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 1919-1920 жылдары Семей губерниясындағы Павлодар уезіне қараған Ақ келін болысындағы ата жұрты №4 ауылда мұғалімдік қызмет атқарады.
Мұғалім болып қызмет істеген кездегі оқулықтарға тапшылықты өз басынан кешіргендіктен, 1919-1924 жылдар аралығында тұңғыш «алгебра» оқулығын құрастырыпты.
Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен 1924 жылы Қ.И.Сатпаев құрастырған осы «алгебра» оқулығы комиссариатының тиісті комиссияларында баспаға қабылданып, авторға аванс берілген көрінеді.
Енді кітаптың жарық көріп, ел қолына жетуі ғана қалған секілді еді.
Қ.Имантайұлы қазақ тілінің үлкен қамқоршысы екенін «ер Едіге» эпосын қазақ тіліне мұқият түсіріп бергендігімен дәлелдесе, математикалық және ғылыми-техникалық терминология жасаудағы ең алғашқы ірі авторларының бірі екендігін осы аталып отырған оқулық арқылы біліп отырмыз. Бұл кітаптың құндылығы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Б.М.Қасанов ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Көлемі 1642 беттен тұратын осы қолжазба болашақ ғалымның 20 жасында жазған тұңғыш ғылыми еңбек екен. Бұл кітап А.П.Киселевтің алгебрасы негізінде жазылған. Бірақ бұл жалаң аударма емес. Қаныш аға аудармамен қатар осы негіздей қазақ мектептеріндегі оқушылардың білімі мен талап деңгейін ескере отырып, шөп, мал түрлерін санауға, сол кезеңдегі сауда-саттық ұғымдарына байланыстырып көптеген жаңа мазмұнды оқу бағдарламасына сәйкес есептерді құрастырған. Қолжазбаның соңында 220 математикалық терминдердің қазақша байланысын енгізген. Қолжазбаның ішінде араб графикасымен жазылған 592 бет, латын графикасымен жазылған 1440 бет, 30-35 баспа табақ болавтын математикалық қолжазбалары Қазақстан Республикалық мемлекеттің орташа мұражай қорында сақталған.
Б.Қосановтың айтуынша Қ.И.Сәтпаевтың қазақ тіліндегі тұңғыш «алгебра» оқулығының қолжазбасын Қазақстан халық ағарту комиссариатына 1924 жылы тапсырған һәм қолжазба Комиссариаттың ғылыми-әдеби кеңесінде математикалық оқулығы ретінде мақұлданып, баспаға ұсынылғандығы жайындағы құжаттар сақталған екен. Қаныш Сәтпаев ұсынған алгебралық жазбалардың белгілейтін шрифтер мен матрицалардың болмауына байланысты «алгебраны» басып шығару сөзбайламға түскен көрінеді. 1927 жылы оқулықтың Мәскеудегі «Центриздатқа» жіберілген жөніндегі қағаздар айқын екен. Бірақ, «Центриздат» пен «Қазиздат» арасындағы түсініспеушіліктердің салдарымен кітаптың басылуы құрдымға кетеді.
Автор ретінде Сәтпаев заңды алаңдаушылық білдіріп, бұл баспаларға бірнеше нәтиже шыға қоймапты. Қазақстан жазуының 1929 жылы латын алфавитіне ауысуына байланысты Қ.И.Сәтпаев оқулықтағы формулаларын бастан аяқ латын әріптерімен түзеп шығып 1928 жылы наурыздың 3 күні латыншаға көшіріп, қайтадан баспаға өткізеді. Осыған байланысты қолжазбаның тағы бір құндылығын аша түседі. Қаныш аға қазақша оқулыққа тұңғыш рет халықаралық емес тілін яғни теңдеу өрнектерін латын әріптерімен белгілеуге ұсынды. Сонан бері ешқандай өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Мәне осындай Қаныш ағаның кемеңгерлігі, данышпандылығы, жан-жақты ғылыми иесі екенін тағы да дәлелдей түскендей. Бірақ бұл оқулық 30 жылдардан бастап Кеңестер Одағында бірыңғай ортақ оқулықтарға көші басталып кетеді де, Қ.И.Сәтпаевтың «Алгебра» оқулығын баспадан шығару ісі аяқсыз қалады.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді.
Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш
0 дауыс
Жезгазган кен орнын алды, металлогение голыми мектебинин негизги  калаушысы,казакга негизин калаулы жане онын  тунгым Президентке белгили
+1 дауыс
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)

Қаныштың азан шақырылып қойылған есімі Ғабдуғани оны анасы Ғабдуым , Ғанышым, Қанышым деп еркелеткен сондықтан оны Қаныш деп атап кеткен .

Ол  еліміздің дамуы үшін көптеген ғылым салаларына үлес қосқан .

Ол 640 тан астам ғылым еңбектерінің авторы.
...