+2 дауыс
256 көрілді

Араға апта салып, араларыңызға қайта оралып отырған жайым бар. Сабақ пен МАБ-қа дайындаламын деп бұл сайтқа кіруге уақытым болған жоқ. Қол босап, бүгін кірсем...

Сайт шынында да өз қарқынын жоғалтыпты. Бұрыңғыдай біреу сұрақ қойса тез арада жауап берілмейді. Модераторлар, редакторлар, мамандарымыздың басым бөлігі сайтқа кіруді доғарған. Араға минут салып қойылатын сұрақтар, күн салып қойылып жатыр. Оқу жылының аяғы болғасын белсенді қолданушылардың осылай істегені жөнде болар. Десе де сайт беттерін аптасына бір рет шолып шығуға жағдайлары жететін шығар. Жаңа жас қолданушыларға айтарым, сайттың өркендеуі үшін барлығымыз еңбектеніп, достарымызға осы сайт жайында айтайық. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген. Бір мәнісі болар. Алдағы уақытта сіздерді сайттың белсенді қолданушыларының қатарынан көргіміз келеді. СЖ-ның рейтингі түсіп қалмасын! Қысқасын айтсақ сайтқа әрдайым кіріп, білетінімізді өзгелермен бөлісіп отыралық.

 

Модераторларға құлақ қағыс. Өткен жолы саны барда сапасы жоқ мамандар жайында сөз қозғағанымда біреулерің олар керек, сайтты дамытады деп едіңдер. Бүгінгі күн олар жоқ. Мықты маман болса арамызда болар еді. Сондықтан әрбір істі ойланып барып істеңдер.

2 жауап

0 дауыс
Сайт бүгін ғана істеді бір апта істемей тұрған, сондықтан қателеспе!
0 дауыс
Ешкімде себепсіз кірмей кетпейді, жұмысы бар тағы басқа шаруалары бар дегендей модераторлардың ақсақалдары көбі өзің ойлағандай мектеп оқушылары емес, және де осы сонғы 1 апта көлемінде сайтқа кіру мүмкін болмады, сол себепті де 1 апта бұрын қойылған сұрақтарда басты беттен көрініп жатыр.
...