Ұйқы кезінде ауыздан сілекей ағуының бірнеше себептері бар. Олар :қызыл иектің және ұрттың кілегей қабықтарының қабынуы, сәбилерде тіс жарып жығу кезеңінде, ересектерде ақыл тіс шыққанда,адам қатты шаршап ұйықтап,жақ еттері қатты босаңсығанда, адамда әлсіздік пайда болғанда (көктемгі әлсіздік), және кейбір адамдарда ішек құрттарын жұқтырып алғанда болады екен.Тіпті қан аздық ( анемия) болғанда, витаминдер жетіспегенде де әлсідікке ұшырап, тез шаршағыш болған адамдарда ұйықтағанда аузынан сілекей ағады.Ауыздағы сілекей бездері қабынғанда да ұйқы кезінде сілекей ауыздан ағып, езуді ойып жібереді.Кейбір адамдарға мән беріп қараса, езулері жара болып тұрады, тіпті күлген кезде қанап кетуі де мүмкін.Сондықтан тек сілекейге ғана мән бермей,себебімен күресу керек.Ауыз қуысының гигиенасын қатаң сақтаған дұрыс. Ауыз қуысын ромашка, календула, шалфей сияқты шөптердің қайнатпасымен шайқап түрған дұрыс. Ал сізге ИМУДОН деген дәріні аптекадан алып қолдануға болады. ішетін дәрі емес , соратын дәрі Иммунитеті көтереді,ауыздағы иістіде кетіреді,сілекейдің шамадан тыс бөлінуін де тоқтадады.. Бірінші нұсқаулығын мұқият оқып алыңыз.