0 дауыс
5.2k көрілді
Сіз қай кезде жылайсыз? Жылаған адамдарды көргенде не ойлайсыз? Жылау бұл әлсіздік пе? Әлде адамның жүрегі бар екенің көрінісі ме?...

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жылау - адамның көңіл-күйінде тебіреніс (қуану, қайғыру, сағыну, залану) пайда болған кезде туындайтын құбылыс. Өмірде жыламайтын адам болмайды. Өмірдің тауқыметті шақтары болады екен, қалайда жылайтын күндер болады.

Біздің кейде жылағымыз келеді. Неге дейсіз ғой...

Тұрмыстың тақсыретін тартқан кезде жылағымыз келеді. Аурудың азабын тартып қиналған кезде жылағымыз келеді. Қарныңның ашқанына, киіміңнің жыртылғанына емес, ақылыңның жоқтығына жылағың келеді. Бір нәрсеге опық жеп назаланған кезде жылағың келеді. Өмірде біреуді сағынған кезде жылағымыз келеді. Қатты қуанып тебіренген кезде жылағымыз келеді. Бір нәрсеге айырықша әсерленген кезде жылағыңыз келеді. Сәтсіздікке жолығып, өкінген кезде жылағымыз келеді.

Қорта айтқанда жыласаң бір жеңілдеп қаласың!

Басқа ер азаматтар айтпақшы "ер жігіттер үшін жылау әлсіздіктің белгісі" деп есептемеймісіз?
Жылай білмейтін адамдар тасжүрек, сезімі жоқ, адамгершіліктен жұрдай адамдар.
0 дауыс
Әр адамның мінезі әртүрлі болады. Сондықтан бір адам тез жылағыш келеді. Енді бірі анау-мынау нәрселерге онша көңіл аудара қоймайтын болады. Тез жылағыш адам қорқақтықтан жыламайды, керісінше ондай адамдар батыл болып келеді. Қанша жыламайын десе де көзінің жасына ерік беріп қоя береді.............

Жауабым осы.. Мен өзім қай кезде жылайтыныды білмеймін.........
–1 дауыс
ер жігітке жылаған жараспид))) қыздар жылауық болад негізі)))
Ер жігіттер қиын сәттерді қалй өткереді?
нервничает, курит)))))))))әзіл
+1 дауыс
Жылау, жылай білу үшін де жүрек керек. Шынайы түрде жылау да адамдықтың белгісі. Жыламайтын адамнан, тебіренбейтін жүректен қорқу керек. Ер кісі көз жасын көрсетпейді дейтін сөз, ерлер жыламайды, болмаса жылауға болмайды деген мағынаны білдірмейді. Көзіңнің жасыңды біреуге көрсетпей жылауың керек. Әрине, біреу қарнының ашқанына, ал біреу қадірінің қашқанына жылайды. Ал, жылаудың шыңы Құдайдан қорқып жылау. Бұрнағы тақуалардың көп жылағаннан беттерінде көз жасының ізі қалған деседі. Сондықтан жылау жүрегі бар адамның ісі.
Алла Таъалам тек жақсылыққа жылауды нәсіп етсін!
+1 дауыс
Еркектер жыламайды деген қате,адам баласы болғаннан кейін бәрі де жылайды.Әйелдер нәзік жандылар,сондықтан олар көз жасына тез ерік береді,олар қиын жағдайда ер адамды қорған санайды,ал егер сол қорған санаған адамың жыласа әйел байғұста не жан қалады,сондықтан ер адамдар көз жасын көрсетпеуге тырысады,олар қиын шақта іштен тынады,сабырлы болады.
әйел азаматшаларға қорған болғандарыңыз үшін рахмет! Біз үшін сабырлырақ боласыздар-ау)
+1 дауыс
Кәдімгідей бала кезімдегідей соңғы рет қашан жылағаным мүлдем есіме емес, Алла жаратушы ием ешкайсымызды жылата көрмесін деп тілейік.

Кеше "Сейчас самое время" деген киноны көргенімде еріксіз көзіме жас келді, киноға жылайтын әдетім жоқ еді, қайдағы жоқтар еске түсіп...

Мужчины не плачут, а рыдают дегендей ғо)))) Адам болғаннан кейін ер адамдар да жылайды сөздін шындығына келгенде, кірақ біз ешкімге білдірмеймізззз.

Ғабит Мүсірепов ағамыздың қойын дәптерінде "Әйел адам жыласа құлпырып кетеді, бойындағы ыза-ашуы сыртқа шығып өзі құлпырып кеткендей болады" деп жазған екен, сөзбе сөз жаттап қала алмадым, бірақ мағынасы солай))
Осылай ойлайтын адамдар бар екені көңіл қуантады!
...