+2 дауыс

Мынау жазғаным дұрыс па: Жылқының дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Қымыз – биенің ашыған сүті.Олар жылына 3000 литрдей сүт береді. Ләззат алатын асымызет, сүйетін шәрбатымызқымыз, қызық көретінімізөрістегі жылқымыз. Жылқы көлік есебінде де, мініс малы ретінде де пайдаланылды.Оның негізгі қасиеті – мінсең көлік, жесең ет, ішсең қымыз. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы мен ауылдың өндірістік және әлеуметтік өмірінде жылқы малының алар орны зор. Жылқы өнімдері ет, сүт, қымыз, қан және терісімен қатар құйрық-жалы, тезегі және тұяғына шейін пайдаға асыруға болады. Жылқы еті жер бетіндегі ең жеңіл қорытылатын және калориялығы өте жоғары ет қатарына жатады. Ал қымыз бойға түскен қоректік заттарды сіңдіргіш қасиетімен танымал. Қымызда адам организміне қажетті элементтердің барлығы да табылады. Сонымен бірге бие сүтінің құрамында витаминдер мол. Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем.

 

15.04.2013 9.8k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жылқы өте таза мал. Өйткені ол өзге түлік ( сиыр қой ешкі түйе) су ішкен жерден ешқашан су ішпейді. Жем-шөп талғамайды дейсіз, талғайды.
15.04.2013
Біздің ауылдың жылқылары ( сиыр қой ешкі түйе) су ішкен жерден су іше береді.
+1 дауыс
Жылқыда өт болмайды.

Майы түрлі ауруларға ем.
15.04.2013
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,030Қолданушы