0 дауыс
19.9k көрілді
маңғыстаудың жеті кереметіне қай жерлерді жатқыза аласыздар? 7 кереметтің тізімін жазып қалдырсаңыздар.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақтау әуежайына табан тіреген әрбір адам облыс орталығына жеткенше жол бойына орнатылған ескерткіштерді тамашалайды. «Маңғыстаудың жеті кереметі» деген атауға ие болған бұл ескерткіштер арқылы қала қонақтары Маңғыстаумен алғашқы таныстығын бастайды.

Өйткені беймәлім елге алғаш рет аяқ басқан жанның сол жер туралы алғашқы түсінігі оның тарихы, табиғаты мен ескерткіштері арқылы қалыптасады. Сол арқылы жергілікті халықтың арғы-бергі тарихынан мағлұмат алып, ой түйеді. Әсіресе, ескерткіштер мен тарихи белгілер жүйелі, мағыналы салынса, сол елдің нені құрмет тұтатынын, ықылым заманнан бергі ата кәсібін көреді. Мұндай көрініс кез-келген жолаушыны бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Керісінше, оны жұмбақ өлкенің беймәлім құпиясын «білсем екен, көрсем екен» деген ой жетелей түседі. Төменде назарларыңызға өлкенің жеті кереметі 

 Басты идея Маңғыстауға тұңғыш келген қонақтарды ұшақтан түсіп, қалаға жеткенше өлкенің тарихымен, мәдениетімен таныстыру болатын. Маңғыстау – киелі жер, қасиетті тұлғалардың мекені дегенімізбен, жол бойында сол ерекшеліктерді көрсететін ескерткіш жоқ. Осы өлке туралы, Маңғыстаудың негізгі ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат беру идеясын облыс басшысы Қырымбек Көшербаев ұсынды. Ал, оны біз құп алып, идеяны көңілден шығардай етіп жүзеге асыруға тырыстық. Алғашында «Маңғыстаудың жеті кереметі» деп аталып, бірақ кейіннен олардың саны көбеюіне байланысты «Маңғыстаудың кереметтері» аталды.

Эмблема

Көзіңізге алдымен шалынар Маңғыстау өлкесінің эмблемасы. Биік тұғырға орнатылған эмблема бұл өлкенің көрерге көз керек тарихи-архитектуралық ескерткіштерінде, жартас беттеріне салынған ежелгі, бізге беймәлім суретшінің туындысынан алынған. Бір қараған адамға қарапайым, қарадүрсіндеу көрінгенмен осы бір жартас бетінде салынып бүгінге жеткен суреттің сізге айтар сыры көп сияқты. Сонау ықылым заманнан бұл жер тұрғындарының арқасын кеңге салып жайбарақат кешкен күндері аз болыпты. Үнемі аттың жалында, атанның қомында күндіз күлкі, түнде ұйқысын бұзған жан-жақтан анталаған жауына қарсы тұрып, туған жерінің пұшпақтай жерінде жат қолына жібермей арпалысумен өтіпті. …Айттырсаң Адай ерді нар дейді екен, Жау келсе жалғыз ұлға бар дейді екен. «Жалғызың жаудан жазым болды» десең, «Төгілмей қалса болды ар» дейді екен. Батырлық бабам берген дерт дейді екен, Дертіне ерлік қана ем дейді екен. Қарттары кәлимасын қайырғанда «Маңғыстау құрбандығың мен» дейді екен,-деп ақын Сабыр Адай айтқандай ер азаматқа туған жер үшін арпалысып өтіп, ұрпаққа аманат етуден артық бақтың жоғын жадыңызға салғандай әсерде боласыз.

Арқарлар

Маңғыстауға тән көріністердің бірі арқарлар болатын. Қаратаудың бойында, анау Үстіртке иек артсаң болды, шың жағалап алыстан көз тіккен, сол жердің қожасындай өзін еркін сезінген шаңырақ мүйіз арқарлар жүретін. Кәзір «Қызыл кітапқа» еніп, көзі азайған арқарлар бір кездері осы жердің сәні болған-ды. Өйткені халық осы бір дала еркесін әу бастанда киелі санап оны асқақтықтың, бекзаттықтың символы санаған. Орынсыз қырып жоюға жол бермеген. Табиғатпен біте қайнасқан дала халқы тепе-теңдікті сақтау жолында еңбектенген. Аңшылар қай уақытта да арқарды қызық үшін ауламаған, тек үйірдегі басы артық еркек жыныстыларын дұға оқып, әруақтардан рұқсат сұралғаннан кейін ғана қолына қаруын алатын еді. Халық арасында арқардың қасиеті, киелілігі туралы аңыз көп айтылып, ұрпақтан ұрпаққа өсиет ретінде жалғасып келген. Сондықтан да жергілікті аңшылар көне қағидаларды қатаң сақтап, өзгелерден де соны талап еткен. Тіпті жаралы кеткен аңның артынан оған дәрілік шөптің кездесуін тілеп дұға оқыған. «Арқардың аруағы қатыгездікті көтермейді, ондай аңшының алдынан бір күні арқар омқа тұрады. Қолы қаралы, дүниеге тойымсыз аңшының ажалы содан болып үрім-бұтағының тағдыры қиын жағдайға ұшырайды» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да арқар киелі.

 

Шерқала тауы

Шерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ. Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида сияқты таудың солтүстік-шығыс бетінен түбіндегі туннелге жол тартылған. Тауды үңгіп қазылған туннель жоғарылаған сайын екі тарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар. 1857 жылы геологиялық экспедиция құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б.Залесский «Шерқала алыстан қарағанда Римнің керемет пантеондарын елестетіп, ерте заманның ескерткішін көргендей боласың. Жақындап келгенде жеке қабырғаларының колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің» деп жазып Шерқаланың суретін жазып алады. Шерқала тауы жөнінде халық арасында айтылатын аңыз әңгімелер көп. Белгілі ақын Оңайгүл Тұржанова өзінің «Шерқала» атты өлеңдер жинағында мынандай аңызды келтіреді. «…Тауды табанынан тесіп кіріп, жоғары қарай үңгіп қазып, елу метрлік шыңның төбесін ойып шыққан туннельді көргеніңіз бар ма? Маңғыстаудағы Шерқала сондай тау. Тау басында, шың баурайының әр жерінде 2-3 адам сиярлықтай ұяшықтарда қашалған адайдың «үш әліп», түрікменнің «жарты ай» таңбалары Шерқаланың қолдан қолға өткенін сыбырлап қана айтып тұрғандай. Бұл жерде кешегі қырғын айқай-шу қаза болып, тыныштық таққа отырған. Қателіктер қапыда туады да, олар да адамдар сияқты ұзақ өмір сүреді. Олар да қартаяды. Бірақ өлмейді. Ұлы қателіктер өзінің ұлы екенін әлі айтып тұр. Қателіктің ең сорақысы-біреудің жеріне тарпа бас салу». 1989 жылы Шерқала маңында белгілі әнші С.Ротару ән шырқап, Бүкілодақтық теледидарға түсті. Ол Мәскеуден әлденеше рет көрсетіліп, бұрынғы Кеңес одағының бүкіл жұртшылығы Шерқала тауына тәнті болған. Бұл тау Маңғыстау өңіріндегі табиғаты сұлу, көрікті жерлердің бірі болып табылады.

 

Балбал тас.Маңғыстаудағы әулиелі орындар.

Ел аузында Маңғыстаудың қара ойында 360 әулие барлығы айтылады. Шындығында да еліміздегі тарихи ескерткіштердің жартысына жуығы біздің өлкемізде шоғырланған. Әрқайсысының өзіндік тарихы, үңіле қалсаң айтар өнегесі, әріден басталар шежіресі мол. Өз бастауын әріден алатын жер асты мешіттері тек Маңғыстау жерінде ғана кездеседі. Көрерге көз керек небір асыл туындыларды өмірге әкелген, тастан түйін түйген шеберлердің туындылары күні бүгінге дейін өзіне табындырып, таңқалдырумен келе жатыр. Бұлар өткеннен қалған асыл мұра, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына айтып кеткен аманаты. Өйткені осы ескерткіштер арқылы Әбіш ағамыз айтқандай «Көшпелі елдің зираттары олардың әрі өз тұсында салып кеткен қалалары, әрі артындағы ұрпақтарына нақты заттар тілінде жазып кеткен кітаптары. Зираттағы ескерткіштерге үңілген сайын бұл аймақта қай дәуірде қандай тайпа мекендегенін, қандай саяси оқиғаны бастан кешкенін, әл-ауқаты, мәдени өресі қандай дәрежеде болғанын білеміз» Өлке жерінде сонау ықылым заманда, біздің дәуірімізге дейін салынған ғибдатханалар жетерлік. Олардан табылған тас мүсіндер Орта Азия мен Қазақстанның басқа аймағында көп кездеспейді. «Үстірт пен Маңғыстау тас мүсіндерінде ер кісінің тұлғасы белгілі бір қағидамен берілген. Оң қолы төмен түсірілген, ал сол қолы шынтағынан бүгіліп ішін басқан. Олардың кейбіреулері ең жетік кәдімгі мүсін сипаттамаларына сай келеді. Қорамсақ сол жақ белдігіне, қыны бар семсер алдыңғы жағына ілінген. Ал қанжар оң жақ беліне бекітілген. Мүсіндерде бір, не көп өрімдеп ширатылған қалыпта мойынға тағатын алқа бейнеленген. Ол скиф, сақтарда жоғары әлеуметтік дәреже мен билік белгілі болған,-деп жазады зерттеуші ғалымдар. Бәйті жерінен табылған балбал тастар туралы 1984 жылы КСРО ҒА-ның Волга-Урал археологиялық экспедициясын басқарған Л.Галкин «Бізді Бәйті құдығына жақын жердегі балбал тастар шындығында да таң қалдырды. Олар әр түрлі, бірі төрт метрге дейін жетсе, біреулері екі, кейбірі метрдей. Бізді ерекше таң қалдырғаны олардың жетпіске жуық көптігі

+1 дауыс

1. Тамшалы

2. Сұлтан-үпі

3. Бекет ата жер асты мешіті.

4. Бекет ата ескерткіші

5. Шерқала

6. Жығылған

7. Қарақия ойпаты

0 дауыс
1.Мен 2.Мен 3.Мен 4.Мен 5.Мен 6.Мен 7.Мен
0 дауыс
1 каспий тенизи

2 362 аулие

3отпан тау

4каракия ойпаты
0 дауыс
Бозжыра Сенек Аккудык Каспий Таңбалы тас Камысты Отпан Тау Бекет Ата
...