Мода, Стиль | 2.7k қаралды
2.7k қаралды
Сіздер үшін әдемілік деген не? Сіздерге қандай жігіттер  ұнайды? Фигура, мінез, түрі ма? Өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

11 жауап

Сыртқы сұлулық жануарларда да басқа да табиғаттағы тіршіліктерде де бар емес пе?! Мен сұлу болғаны үшін барлық еркелігіңді көтеретін адамдарды түсінбеймін. Және менімен сыртқы сұлулығым үшін бірге болғысы келетін адамдардан бойымды таса ұстауға тырысамын. Адамдар "сыртқы түріне қарамаймын жан дүниесіне қараймын деп бәрі айта береді дейді, шын мәнінде бәрі де бірінші сыртқы келбетіне қарайды" деп айтады. Осындай адамдарды тіптен түсінбеймін. Өмір болған соң бәрі болады, мысалға ол сұлу жары апатқа ұшырап немесе басқа да жағдайға ұшырап сұлулығынан айырылды (Алла сақтасын ондай жағыдайдан) делік сонда оны ұсқынсыз болып қалғаны үшін тастап кете ме? осыны түсінбеймін... ӘДЕМІЛІК - адамның көркем мінезеді болуы. Иманды адамдар көркем мінезді болады. Ал ондай адамдар мен үшін ең әдемі адамдар. Иманды жарды АЛЛА баршаңызға нәсіп етсін!
Жақсы Жауап
Мен ең бірінші мінезіне қараймын, мені сыйлап ешқашан қол көтермейтін, ішпейтін, шекпейтін жігіттер ұнайды. Иа, шынымды айтайын бойға қараймын, түрге де қараймын әдемі болмасада кейбіреулер болады ғой топ томпақ көздері сықси боса да сүйкімді, тартып тұрады ғой адамды сондайлар ұнайды ж/е фигураға қараймын арық жігіттер ұнай бермиді, боқтайтын жігіттер мүлде ұнамайды, бірақ боқ ауызсыз сөйлитін жігіттер аз((( Намаз оқитындарды жақсы көрем!

Мойындайық, көптеген қыздар сондай  әдемі болмаса да , сүйкімді жігіттерді ұнатады. (Сұлулық бетте емес, жүректе деп айтпай-ақ қойыңдар.  ) Және де бір көргеннен оның мінезін, қылықтарын біле алмайсың. Әрине, түрі әдемі болып, мінезі жаман, ішімдікке әуес, өзін сыйламайтын жігіттерді ешкім ұнатпайды.  Шынымды айтайын, ең алдымен мен бойына қараймын. 10-15 см каблук кигенде немесе тіпті жайдақпен жүргенде маған жетпейтін  жігітті қайтем?!  Өзін де, мені де қорғай алатын жігіттер ұнайды. Мінсіз адам болмайды, қанша жуас болса да әр адам өмірінде бір рет болсын ашуланады. Ең бастысы ақкөңіл, зиянды заттардан аулақ болғаны.  Түрі маңызды емес.(Әрине әдемі болғанын қалар едім)  ...

Маған тартымды,ақылды жігіттер ұнайды.
Түріне қарайсыңба?
ендіі қатты әдемі болмаса да адамды тартатын сүйкімділігі болу керек ғой
иәәә солай
қыздар алдымен жігіттердің түр-келбетіне қарайды, одан кейін денесіне, қыздар көбіне спортпен шұғылданатын, өз-өзіне жақсы қарайтын жігіттерді ұнатады.
Бір жігіттер болады- сүйкімді, бірақ өзіне тартпайды. Түрі қарапайым болса да қылығымен сүйкімді, өзіңе баурап алатын жігіттерде болады. Мен үшін ең әдемі жігіт- өзім жақсы көретін жігіт.
Сөздің шыны керек. Адамдар өзгеруде, жігіттерде. Еліктеушілік жағы жігіттерде басым. Құдай-ау одан не шығады. Одан да өзіңіздін өміріңізге лайықты жігіт болсаныздаршы. Сұрағыңызға келсек: адамдардың пікірі әртүрлі. Сондықтан да бірдей пікір таба алмайсыз. Өзіме қайратты, сезімтал яғни, романтик, толық айтқанда барлық жағынан икемі бар жігіттер ұнайды. Ондай жігітті табу мүмкін емес, деп шешсеңіздер. Қателесесіздер, мен 8 қырлы, 1 сырлы жігітті тауып қойғанмын:)
Белгісіз

Маған өз басыма мінезі ашық, қалжынды көтеретін,орынды қалжындай алатын, достарының арасында өзін салмақты ұстай білетін жігіттер ұнайды. Ал Фигураға тоқталсақ smiley , спортпен шұғылданатын ұлдардың фигурасы yes болады ғой. Түрі адемі,сүйкімді жігіттердің де кейбіреулерінің мінездері no.

 

Сосын ақшасы бар десей))))))))
сосын машинасы бар)))))))
негізі қыз ұл деп бөлмесе де екі жақтың ұнату ұнатпауы бірдей кезедермен өтеді. Оны былай трактаттасам: ең бірінші кезең визуалды контакт. адам ең алғаш осы контаккттан өтеді ары қарай ұнау ұнатпауы соған байланысты бұл кезеңнен кей адамдар өтпеуі мүмкүн ол бір бірімен бір ортада өмір сүретін адамдар сыныптастар группаластар көрші т с с. 2-ші кезең аудиальді яғни сойлесу бунын ишине вербалды вербалды емес те киреді егер де осы кезең болмаса  ол адаммен сойлескен ұнамаса байланыс осы жерде үзіледі. келесі кезең кинетикалық кинетикалық контакт яғни бір бірінің дене мүшелерінің жанасуы қол алысу қушықтау сияқты бұл кезең өтпей яғни жанасқан ұнамаса ары қарай ашыла алмай байланыс ары бармайды. келесі кезең рухани байланыс ішкі жан дүниелер арасында байланыс. Жалпы меним ойым осылай корытынды 1-кезең ғана блмауы мумкин жана айтылган сыныпас топтас болган сиякты ал калгандары кезекпе кезек отуи шарт

Ең бастысы махаббатқа адал болса, сыйласа болды!!" Сыртқы келбеті аққұба,бойы ұзын,ішкі жан дүниесі адеми.Орысша айтқанда понятливый болса.......

Ақылды кыздар акылдыжигиттерди тандайдгой негзи
118,383 сұрақ
305,282 жауап
153,296 пікір
67,643 қолданушы