+2 дауыс
1.0k көрілді
Елім ай өлеңін тауып беріңдерші минусымен және әнімен ? Ана қара таудың басынан көш келеді көшкен сйын бір тайлақ бос келеді дейтін қайғылы өлең ше ? Жоңғар шапқыншылығы кзіндегі ?

1 жауап

0 дауыс

Қаратаудың басында көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-аи

http://xmusic.me/q/lse8zLXr5POR_YvXtvkXs8qD6qDbt8C8-7bApdmI6GKejJ3ztaeq1BiU-pbsVr_3pOS50ubxmdo/

...