0 дауыс
7.0k көрілді

Маған  жаратқан бір өнер сыйлады! Ол - сурет салу.  Кішкентайымнан көңілім қалаған нәрселерді ақ параққа бейнелей бердім.  Мені сыныптастарым Қастеев деп те атайтын.  Бірақ мені көп мазалайтын  нәрселер бар.  Мен сурет салғанда ,  бір нәрсенің суретін көшіріп салу ,  дәптерге айнытпай көшіру  мүлдем қолымнан келмейді. Көшірдім дегенше  бір жерін артық не кем қылып қоямын. Ал ойдан , көз алдыма елестетіп салған суреттерімде еш  кемшілік болмайды! Мені мазалайтыныда осы.  Бір нәрсені көшіре алмасаң суретші болғаның қайсы. деп ойланамын. Суретші адамға  көшіріп салу міндетпе?  Мен суретті көшіріп сала алмасам суретші болмағанымба?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүрегіңіз кең, сезімге толы болу керек деп ойлаймын
+1 дауыс
Көшіріп салу нағыз суретшіге тән емес нәрсе, ойдан , көз алдына елестетіп салған суретші нағыз суретші демек сіз нағыз суретші болғаныңыз
+1 дауыс
Иә, менде де осындай талант бар бірақ ел-жұртқа паш ету қиын. Мысалы көзің ашық тұрғанда суретті салу оңай болады, бірақ, көзді жұмып салу өте қиын.  Себебі сен сол суратті жүрегіңмен түсіне білсең салуға болады. Бірақ суретшілердің барлығы да айнытпай көшіре алмайды. Себебі әркім әртүрлі салады. Суретшілер көшіріп сала алмаса міндетті түрде дарыннан айырылып қалмайды. СОНДЫҚТАН СУРЕТТІ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫҢМЕН САЛ!!!
+1 дауыс
Менің де кішкентайымнан  ең жақсы көретін ісім сурет салу. Бірақ мен керсінше бір нәрмеге қарап сурет салғанда жақсы саламын ал өз ойымнан сурет салу маған қиынырақ, Сондықтан мен суретші бола алмаймын алайда архитектор болсамба деген ойым бар ,Суретшілік саласының да бірнеше түрі бар ғой, Сіз соның ойдан салатын сурет саласын таңдасаңыз көп жетістіктерге жететін шығарсыз,
...