Мына сұрақтың тізесі шығып кетті ғой. Менде бір ғажайып сөз бар, болмайтын нәрсеге басыңды ауыртпа.
Мағынасын түсіндірейін: Латын қарпіне көшуді жай профессорлар емес ҚР призиденты яғни елбасымыз айтты, сондықтан қаламасақта латын қарпіне көшеміз.
Меніңше көшкен дұрыс, Егер болашықты елестетін болсақ, яғни шамамен 2035 жыл Қазақстан дамыған 50 қатарында, Әлемде барлық ел Қазақстанды біледі және білгісі келеді, Қазақстанға келгісі келеді. Енді келгенде біздің барлық жазуларымыз Орыс қаріптерімен жазулы турса бір түрлі емес пе? оның үстіне Қазақстанның барлық жеріне жазылған жазуларымыздың 70 пайызы орысша, ал ол 2035 жылдарға дейін 30 н/е 20 болатынана сенбеймін. Өйткені Қазақстанда қазақ тілі мен орыс тілі бірдей келеді. Сондықтан Латын әрпіне көшсек меніңше жақсы болады. Қазақстан дегеннің орнына Qazaqstan жазылса кирилшеге қарағанда әдемі көрінеді.Егемендік алғанда ағылшын былай тұрсын қазақтар орыс тілін білмейтін еді, ал қазір орыс пен қазақты ажыраты алмайтын дәрежеге жеттік, ағылшын тілін мүлде естімеген еді, ал қазір соны біліп, үйреніп, тіпті меңгеріп алған адамдар қанша.
Сонша тілді менгерген қазаққа латын әрпіндегі Қазақ тілін, ана тілімізді Әлбетті үйреніп кетеміз.