Менің көзім бұрындары алыстан нашар көретін ал, қазір жақынды да әрең көремін. Мен көзілдірік тағуды бастауыш сыныпта оқып жүргенде бастағанмын (3 сыныптама ұмытып қалыппын) әлі тағып жүрмін. Дәрігерге қаралдым жазып берген тауфон, эмокси-оптик, тропикамид деген дәрілерін тамыздым, черника форте т.с.с дәрілерін іштім түк пайда жоқ, көзім жыл сайын нашарлауда. Көзілдірікті көзімнен мүлде тастамағанмын, ылғи тағып жүрем. Енді тағы көзге қаралмақшымын мамам қаралма болды көзіңді құртасың, тәуіпке барайық оқып берсін диді. Сұрағым тәуіп көзімді емдеп бере ала ма? Тәуіпке емделіп көріппе едіңіз? Пайдасы болды ма?