0 дауыс
2.7k көрілді
Мектеп өмірі: қызықпа?қиынба?

9 жауап

0 дауыс
Мектеп өмірі қызық, қиындықтарыда бар. Жаттаулар, түсініктер көбейіп кетсе, сызу, есеп қабаттасса қиналып қаламыз. Мектепте өміріміздің қызықты күндерін өткіземіз. Меніңше мектеп қиын емес қызық сияқты.
9-ыншы сыныптасын-ау деймін иә?
Иа, 9 оқимын!
0 дауыс
Мектеп өмірі әрине қызық. Оны мектепті бітірген адамдар түсінеді. Менің ең бақытты шақтарың тек қана мектеп кездерінде сияқты. Қайтадан сол бақытты бозбалалық шақтарға баруға мүмкіндік туып жатса, мен міндетті түрде еш ойланбастан алақайлап жетер ем.
0 дауыс
Иа,мен де мектепті сабақтары қиын болғанмен,өмірдің ең қызық кезеңдерінің бірі дер едім.Мектептің,балалық шақтың қадірін көп адамдар есейгенде,балалы-шағалы болғанда біліп жатады.Мен биыл мектеп бітіремін,бірақ мектебімді,10 жыл бірге оқыған сыныптастарымды,мұғалімдерді қимаймын.Сондықтан 11 сыныпқа қалуды шештім.Өйткені мектепке енді біз ешқашан оқушы ретінде қайтып келмейміз.Яғни мен мектепті өмірдің ең,ең,ең қызық,әрі уайым-қайғысыз кезеңі дер едім.
0 дауыс
Мектептегі өмір  қызық әрі қиын. Сабақтар қиын болғанымен  мектептегі өмір ең қызықты ғой)) Бірақ  болады ғой адамдар ешкіммен араласпайтын сондайларға мектеп  қызықсыз болып көрінеді...
0 дауыс
Иә өте орынды сұрақ. Мектеп әрине қызықты. Себебі есейген соң мектептегі кездерді сағынамыз, балалыққа тағы да саяхат жасағымыз келіп тұрады. Мектепте жасаған жаман қылықтарды есейгенде түсінеміз ғооооооой.....))
0 дауыс
Еее,мектеп өмірінің қызығын сол мектепті бітіріп кеткеннен соң, сол бір шақтарды сағынсаң да қайта оралмайтынын білген кезде түсінесіңдер, қайран десеңші...
0 дауыс
Мектептегі өткізген әр күнінді күнделік етіп жазып отырсан,том кітап жазып шығаруға болады!Және де оқуға ешкім де жалықпас еді!
0 дауыс

kenester.kz осы туралы кеңес жазылған. Оқып көр.

0 дауыс
Өте қызықты. Мен бірінші сыныпқа қайта барғым келеді, сол 2003-жылға қайта оралып қалғым келеді - бұл менің орындалмас және орындалуы мүмкін емес арманым.
...