Еуропалықтардан қалыптасып қалған үлгі бойынша, жеміс-жидектер десерт ретінде ыстық тамақтан кейін ұсынылады. Десек те, оны тамаққа дейін де, тамақтан кейін де жеуге болады. Кейбіреулер тамаққа тәбеті болмай тұрса, алдымен жеміс-жидек жейді. Тіпті кішкене балалардың тамаққа тәбеті болмаса, алдын ала 1 стакан жүзім шырынын ішкізу пайдалы дейді. Ал кейбір адамдар керісінше тамақтың алдында әдейі жейді. Өйткені асқазан жартылай болса да толып (өйткені жеміс-жидектің құрамында қант мол болады), ыстық тамақты көп ішпеуден сақтандырады. Ал жалпы, диета ретінде бір-екі күн тамақ ішпей, тек қана алманы жеп жүрудің пайдасы бар деп жатады дәрігерлер. Соған қарағанда, қалаған кезде жеудің зияны жоқ.