0 дауыс
Биологиядан мед-тен қандай мамандық жақсы?Дефектолог қызметі жөнінен айтып кетсеңіздер?
08.04.2013 29.8k қаралым

7 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Дефектология (лат. дефект – жетімсіздік және гр. логия – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір!
08.04.2013
үздік деді
+1 дауыс
Дефектология (латынша defectus-кемшілік,  греше λόγος –ілім, ғылым)-дамуында психикалық, дене кемшіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым. Дефектологияға арнаулы педагогиканың бірнеше бөлімдері (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика и логопедия) және арнаулы психология (сурдопсихология, тифлопсихология, олигофренопсихолгия и логопсихология) кіреді. Сонымен бірге дефектология психикалық дамуы тежелген балалардың тәрбиесі мен оқуы, эмоциональды-еріктік кемшіліктері, тірек-қозғалыс аппараттары, күрделі құрылымдық кемшіліктері, психофизикалық даму проблемаларын зерттеумен де айналысады. Дефектологияның ғылым ретіндегі әлеуметтік ортадағы рөлі өте зор. Ал дефектолог-дефектология саласының маманы. Кең мағынада алғанда дамуында ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, оқыту, үйрету  маманы. Тар мағынада-түзетуші педагог. Дефектолог мамандығы педагогика және медицинамен бірлікте қызмет атқарады.  Оның жұмысының мақсаты-аталған балаларды мүмкіндігінше дамыту, әлеуметтік, оқу, тұрмыс, кәсіби және басқа салаларға бейімдеу. Қоғам дамуының әр кезеңінде дамуында кемшілігі бар балалардың боғандығын деректер дәлелдейді. Әр түрлі тұқымқуалаушылық, экологиялық, физикалық, материалдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты  дамуында кемшілігі бар балалар барлық заманда да өмірге келген. Олар да адамазаттың бір мүшесі. Олардың арасынан небір ойшыл, ғылымға өзіндік үлесін қосқан адамдардың болғаны  да белгілі.
08.04.2013
қиын ақ екен
0 дауыс
Тілдері дұрыс дамымай қалған адамдарды емдейтін маман.
08.04.2013
0 дауыс
Дефектолгтың жұмысы өте ауыр көбінесе балалармен(ақыл есі кем) жұмыс жасауға тура келеді
08.04.2013
+1 дауыс
Бул мамандык бойынша кандай пандер тандайды УБТ да
01.09.2018
0 дауыс
Дефекталогия мамандығы бойынша жұмыс жасайтын мемлекеттік кәсіп орындар барма  және осы жұмыстың ақшасы қанша болад
08.11.2018
0 дауыс
Бұл мамандықтың оқуына түсу үшін қандай пəндер маңызды
19.11.2018

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы