Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті СТАНДАРТ
Өзін-өзі тану пәні сабақ жоспарлары жүктеу: https://yadi.sk/d/KOWCsHAOpxB9P
Осы стандарт – өзін-өзі тану процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілеп, мектепке дейінгі және 12 жылдық орта білім беру шарттарына сәйкес жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының негізгі бағыттарын анықтайды
Белгіленген талаптар:
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және жалпы білім беретін орындарында өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде;
1. өзін-өзі тану бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу кезінде;
2. өзін-өзі тану бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау кезінде;
3. адамгершілік-рухани білімнің вариативті құрам бірлігі ретінде қолданбалы курстар мен таңдау бойынша курстарды әзірлеу кезінде;
4. қосымша білім беруде және мектептен тыс іс-шаралардың түрлі нысандарын ұйымдастыру кезінде міндетті болып табылады.
Өзін-өзі тану пәнінің мақсаттары
“ Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:
1. әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;
2. жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
3. өзінің өмірлік позициясын анықтау;
4. әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
5. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарам –қатынас жасау;
6. адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
7. жасампаздық белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту;
8. адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауыпты болу;
9. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Белгіленген жалпы мақсаттар күнделікті практикада:
- жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге бағытталған біртұтас білім беру процесін құру;
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
- басқа оқу пәндері мазмұнының құндылық мәнін күшейту;
қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен тыс тәрбие рөлін арттыру;
- мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін, мұғалімдердің ата-аналар, қамқоршылар, тәрбиешілермен тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптастыру үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Нақты практикада белгіленген мақсаттар мен рухани-адамгершілік білімнің басым бағыттары оқушылардың өзін-өзі танудағы белгілі бір оқу жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер
Өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға негіз:
1. мынадай:
2. өзін тануға;
3. өзгелерді тануға;
4. әлемді тануға;
5. адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі;
6. мынадай:
7. өз-өзіне;
8. өзге адамдарға;
9. қоршаған әлемге;
10. адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты негіз бола алатын тұлғаның жеке қасиеті болып табылады.
Күтілетін нәтижелер – бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ересектер тобы және мектепалды топтары, сондай-ақ жалпы орта білімнің екі жылдық циклына арналып (2-4-6-8-10-12 сыныптардан кейін) белгіленген мақсаттар жүйесі. Күтілетін нәтижелердің бұл жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерінің сегіз деңгейі бойынша жиынтықты құрайды.
Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, оқушылардың рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай сегіз деңгей бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізуін болжайды:
Мектепке дейінгі білім
1-деңгей (ересектер тобы)
2-деңгей (мектепалды тобы)
Жалпы орта білім
3-деңгей (1-2 сыныптар)
4-деңгей (3-4 сыныптар)
5 деңгей (5-6 сыныптар)
6 деңгей (7-8 сыныптар)
7 деңгей (9-10 сыныптар)
8 деңгей (11-12 сыныптар)
Оқу жүктемесі және оның бөлінуі
Өзін-өзі танудың жеке міндетті пән ретінде оқытылуы оқу жоспарының инвариантты бөлімінде жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу жүктемесінің көлемі:
1. мектепке дейінгі білім берудің ересектер тобында - аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 32 сағатты;
2. мектепалды тобында – аптасында 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы – 32 сағатты;
3. жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарында (1-12 сыныптар) аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы 32 сағатты құрайды.
4. Вариативті оқу жүктемесінің бір оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғары сатысындағы бейіндік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (32 сағаттан 64 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
Сонымен бірге рухани-адамгершілік білім берудің іске асырылуы барлық міндетті оқу пәндері мен мектептен тыс іс-шаралардың, сондай-ақ әрбір оқу пәні бойынша білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.
Өзін-өзі тану бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бала бақшаларда және мектептерде өзін-өзі тану пәнінің мақсаттарын толық іске асыру үшін жалпыадамзаттық құндылықтар басым болатын ерекше атмосфера құрылады.
Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгеріледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.
Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік - рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.
Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланады.
Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданады:
- “Шаттық шеңбері”, “Тыныштық сәті”, “Өзіммен-өзім”, “Оқу”, “Сабақтың дәйексөзі”, “Мұғалімнің әңгімелеуі”, “Оқушының әңгімелеуі”, “Әңгімелесу”, “Ойын”, “Жаттығу”, “Шығармашылық жұмыс”, “Жағдаяттар кезінде ойлану”, “Бейнематериалдар көру”, “Ән шырқайық, достар!”, “Сергіту сәті”, “Сахналау”, “Қорытындылау”, “Жүректен жүрекке” шеңбері, “Үй тапсырмасы”.
Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тану сабақтары арнайы үнтаспалар бейнетаспалар, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде 10-15 адамнан тұратын шағын топтарда өткізіледі.
Білімнің әрбір деңгейі үшін типтік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, хрестоматия, өзін-өзі тану бойынша дәптер, көрнекі–иллюстрациялық, дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құралатын оқу-әдістемелік кешен пайдаланылады.
Өзін-өзі тану процесінде мұғалімнің рөлі айрықша, өйткені ол қазіргі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, психологиялық білімдерін, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті дербес құра алу білігін жетік меңгерген болуы тиіс. Өзін-өзі тану мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі, дәстүрлі емес түрлерін, интерактивті нысандары мен әдістерін қолданады.
Өзін-өзі тану мұғалімінің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсіністікті және қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім әрбір оқушының ерекшелігін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің жеке тұлғалық “Менін” жете түсіну процесіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, балаларды өмірлік маңызды іскерліктер мен дағдыларды игеруге жетелейтін өзін-өзі тану процесінің жетекшісі. Ол балалармен бірге пікір таластырады және ойланады, жаңалықтар ашады, таңданады және күмәнданады, бірлескен шығармашылықта қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады. Осының барлығы оқушылардың компетенцияларын дамытуға, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жағдай тудыруға ықпал етеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша ұсыныстар
Бағалау білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқу жетістіктерінің сегіз деңгейде көрсетілген күтілетін нәтижелер жүйесі оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дамуын қадағалау, олардың жалпыадами құндылықтарды ұғынуы мен қоғамға қызмет ету дағдыларын игеруі үшін негіз болады.
Рухани-адамгершілік білім ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сандық емес, сапалық бағалау маңызды болып табылады. Осыған байланысты өзін-өзі бағалау, құрбыларының бағалауы, оқушының нақты іс-әрекеттері туралы қысқаша және шағын жазбалар, оқытудың әрбір деңгейінен кейінгі аралық нәтижелерді өлшеуге арналған тапсырмалар жүйесі сияқты бағалаудың әр түрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
Оқушылардың ағымдық оқу процесіндегі жетістіктері туралы ақпараттар және деңгейден кейінгі қорытынды нәтижелер:
1. оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру процесінде;
2. оқытудың интерактивті әдістерін немесе сараланған тапсырмаларды қолдану кезінде портфолиоға жиналады.
Оқыту нәтижелерін оқушылар жетістіктері туралы жинақталған ақпараттар негізінде қорытындылау мен бағалау жеке мұғалім арқылы да, оқушының қатысуымен ұжымдық шешім негізінде де жүзеге асырылады. Оқушылардың оқу жетістіктерін:
1. оқушылардың жеке және рухани дамуына қолдау көрсету үшін;
2. оқудың барлық кезеңінде әрбір оқушының өз жетістіктерінің даму динамикасын ұғынуы үшін осы бағытта бағалаудың мәні зор.
Портфолио құру және оқу жетістіктері туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау өзін-өзі тану бойынша білім стандартын және оқу-әдістемелік кешенін жетілдіру мен дамытуға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің іс-әрекеттерінің тиімділігін жоғарылату үшін өз уақытында шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер туғызады.
Өзін-өзі тану бойынша оқушылардың қорытынды нәтижелері мектептің негізгі сатысын бітіргені туралы, сондай-ақ жалпы орта білім құжаттарында “сынақ” түрінде көрініс табуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:
1. Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзыреттілікті үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
2. өзінің өмірлік позициясын анықтау;
3. әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
4. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
5. адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
6. өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
7. жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
8. адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
9. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:
1) оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
2) жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға әсер ету;
3) білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны. Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:
Адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы.
«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әр бір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үрдісімен байланысты.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны.
Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.
«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мен бөлінуі:
Өзін - өзі тану пәні оқу жүктемесінің көлемі:
Негізгі орта білім беру деңгейінде-аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Жалпы білім беру деңгейінде- аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Өзін - өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі барынша жүзеге асыруына ықпал етеді.
Оқу бағдарламаларында базалық мазмұны - бала дамуының жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы нақтыланады. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді құрайды.
1) Адамның өзін-өзі тануы
2) Адам және қоғам
3) Адам және қоршаған орта
4) Адамзаттың рухани тәжірибесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы оқу жылында Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
1.4. Адам және қоғам білім саласы
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үрдісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең аузымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепке өзін-өзі тануды оқыту төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
1. Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2. Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3. Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6) жасампаздықпен белсенділік, адамзаттылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Тақырыптық күнтізбе жоспары
Өзін-өзі тану пәні
8-11 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:
Рухани –адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзыреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:
- оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
- жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға әсер ету;
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны. Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:
1. адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
2. Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы.
«Өзін—өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әр бір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үрдісімен байланысты.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны.
Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.
«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауым, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мен бөлінуі
Өзін - өзі тану пәні оқу жүктемесінің көлемі:
Негізгі орта білім беру деңгейінде - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Жалпы білім беру деңгейінде - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Өзін - өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұны рухани—адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі барынша жүзеге асыруына ықпал етеді.
Оқу бағдарламаларында базалық мазмұны—бала дамуының жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы нақтыланады. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді құрайды.
1. Адамның өзін-өзі тануы
2. Адам және қоғам
3. Адам және қоршаған орта
4. Адамзаттың рухани тәжірибесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы
2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
1.4. Адам және қоғам білім саласы
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушы болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үрдісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең аузымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепке өзін-өзі тануды оқыту төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тан» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:
- өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздықпен белсенділік, адамзаттылық және елжандылық таныту;
- өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлінген.
Пәнді оқытуда басшылыққа алатын бағдарламалар мен пайдаланылатын оқулықтар
1. Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы. Алматы 2010ж «Бөбек»
Авторлары:
Бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы. Авторлары: М.Ж.Жадрина,
А.С. Сейтақов, Ғ.З. Байжасарова, Р.О. Ізттынова, Ұ.М. Әбдіғапбарова, Ж.Ж. Әкімбаева;
Негізгі орта мектепке арналған оқу бағдарламасы: Авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З. Байжасарова, Б.А. Әрінова, Ж.Ж. Әкімбаева, Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, А.С. Сейтақов, Ұ.М. Әбдіғапбарова;
Мектептің жоғары сатысына арналған оқу бағдарламасы. Авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З. Байжасарова, Б.А. Әрінова, Ж.Ж. Әкімбаева, Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, А.С. Сейтақов.
5 – сынып А.С. Сейтақов, Ж.Б. Қажығалиева. «Бөбек» Алматы 2010 жыл
6 – сынып Б.А. Әрінова, Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж. Әкімбаева «Бөбек» Алматы 2010 жыл
7-сынып Б.А. Әрінова, Ж.Ж. Әкімбаева, Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова «Бөбек» Алматы 2010 жыл
8 – сынып Б.А. Әрінова, Ж.Б. Қажығалиева, Ж.Ж. Әкімбаева, Р.О. Ізғұттынова «Бөбек» Алматы 2010 жыл
10- сынып Ж.Ж. Әкімбаева, Б.А. Әрінова, А.Қ. Рауандина «Бөбек» Алматы 2010 жыл
11 – сынып Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, Е. Сағымбаев «Бөбек» Алматы 2010 жыл