+1 дауыс
2.7k көрілді

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
менің ойымша мінезі, интересі бір адамдар бірге бола алмайды. Егер біреуінің интересі басқа ал біреуініңкі мүлде басқа болса онда олар міндетті түрде қосылады. Себебі бірінде жоқ кемшілік бірінде бар, сол себепті олар бірін бірінің кемшіліктерін толтырып тұрады.
0 дауыс
Бұл сұрақты форумда қою керек қой. Сосын екі жақ болып айтыса бересің:)
+1 дауыс
Көбісі " Бұл өмірде шын ғашықтар, бірін-бірі сүйген жандар қосыла алмайды" деп жатады. Бірақ мен бұл пікірмен келісе алмаймын... Бұл қуанышқа, қайғы-мұңға, көптеген қызықтарға, шешімін таппас жұмбақтарға толы өмірде барлығы да мүмкін! Сол себепті шын ғашықтар бұл өмірде қосыла алады. Бірақ бірін-бірі шын сүйіп қосылатын жандар аз.....мүлдем сирек кездеседі)
0 дауыс
> Бір өлең бар еді соны осы сұраққа жазғым келіп тұр

    Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.
Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да,үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
0 дауыс
Меніңше шын суйгендер косыла алмайды.Қосыла алмағандықтанда шын суюдің не екенін білетін болармыз.Қосылып үнемі қасымызда болса оны бағалай алмауымыз мумкін.Қолда бар алтынның қадірі жоқ деген сияқты.
...