0 дауыс
14.6k көрілді
Жалпы аллергия туралы мәлімет.  Сіздің неге аллергияңыз бар ма? Аллергия туралы. Аллергияны емдейтин құралыңыз бар ма?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Менде негізі аллергия бар: шөптен, гулден, алоедан,тәтті тағамдардан, қышқылдан, ой - ойлағаннан, ашулағанда, суықтан, ыстықтағанда және тағы да жетеді. Мүмкін тағы да бар шығар, өзім аллергиядан жиі ауырамын. Неге екенінде өзімде білмеймін.........
Аллергияны емдеуге болады, вакцина арқылы. Бізде Астана қаласында бар аллергияны емдейтін клиника. Аллергиян көп екен... Иммунитетінді көтеру керек сенің. Әйтпесе тағы да қосыла береді. Иммунитетінді көтер, сосын қыста аллергиядан емделуге болады, аллергиядан сол қыста ғана емделеді негізінен. Иммунитетінді көтер, сосын иммунитетінді көтер)))
Аллергияда қайта иммунитет өте жоғары , шамадан тыс жоғары болады. Сондықтан адамға зияны жоқ заттарың  өзін организм қате зиянды екен деп қабылдап, тітіркенеді және көп молшерде гистамин бөлінеді.Гистаминнің шамадан тыс көп бөлінуі, теріде қышыма бөртпелер пайда болып,мурын, тамақ,көз шырышты қабаттарының ісініп,қышып қабынуына әкеледі. Кейде қатты тітіркенгенде қолқа ісініп, адам тұншығып қалуыда мүмкін Бұларды медицинада анафилактикалық шок немесе Квинке ісігі деп атайды.Бұлар адам өмірі үшін өте қауіпті. Егер аллергияң осындай болса, онда қалтаңда әрқашан екі ампула преднизолон және бір ампула димедрол жүргені дұрыс деп ойлаймын, себебі жедел жәрдем келем дегенше бұндай аллергиясы бар адамдар ана дүниеге жүріп кетуі мүмкін.Ал егер аллергияның мезгілдік түрі болса, онда "биология" айтқандай қыста не нәрседен аллергия екенін анықтап емделіп алған дұрыс.Толық айықпасаң да аллергияның мезгілінде жеңіл түрімен ауырып, жаның қиналмайды.Ал қыста емделе алмай, аллергияң қозып жүрсе, онда дәріханаларда антигистаминді дәрілер түрі көп.Мысалы лоратадинннің түрлері. Мүмкін болса, батыс Европада жасалғанын алып іш деп кеңес беремін. Өте ыңғайлы,тәулігіне бір таблетка ішесің, ұйықтатпайды,көлігіңді қорықпай айдай беруіңе болады.
Пікір қалдырғанызға көп рахмет......Маған бйыл қыста аллергия басталды, сол кезде қандай ауру екенін білдім.......Аллергия ауруғаннан бастап, мінезім қатты өзгерді. Тез ашуланамын, жылаймын, Жүйке жүйеме тиетін сөздерді көтере алмаймын, жалғыз қалғанды ұнатамын......Бірден ашуға булығып, жынданамын....Жалғыз қалу адам баласына жатпайтын қылық екенін де білемін....Басқа тұскен баспашылық дейді...ҚАЗАҚ...Соңғы кездері қолқама да пайда болды.....Аллергия мен ауырған кезде денеме бөртпелер пайда болып, түнімен ұйықтатқызбайды......Түнде қиналып шығамын....Жалғыз дегенде жанашырым АНАШЫМ маған қамқор болып, жүр....АНАМ болмағанда, мен баяғыда жынданып өліп кетуші едім.....
Өмір неге қатігез,
Сынайды әр бір кез......
Әрине,аурудың жақсысы жоқ,кандай ауру болса да жүйкеге әсер етеді. Жалпы аллергия психосоматикалық аурулардың  бір түрі. Сондықтан сенде өзің айтқандай мінез құлық өзгерсе, эмоцияңа ие бола алмай шырт пырт ашуланатын жағдайлар орын алып,осының әсерінен аллергияң қозатын болса,онда психотерапевтке барып қаралғаның дұрыс.Аллерголог пен психотерапевттен екі жақты ем алсаң жақсы нәтиже болады деп ойлаймын.
Психотерапевке көрінуі керек. Бірақта псих болып етпейін бе?
Ой - ойлағанда  аллергия шығады, егер бұл қайталанса, және де мән бермесе, одан бетер өршіп,  ертенгі күні өліп кетуі деп мумкін, АЛЛА сақтасын.
Осындай естуім бар. Бұл қаншалықты рас???
–1 дауыс
Аллергияны емдейтин құралыңыз барма? әлде тек аллергия көзін іздеп отырсызба? егер бар болса қалай емдеу көздерін ұсынар едіңіз? құдайға шүкір менде жоқ бірақ аллергиясы бар адамдарды білем сол кісілерге айта жүрейін. мысалға алайық көк шөптен: қандай ем домыңыз бар?
тавигил дген дәріні ғана қоданамын өзім, менде де сол көк шөптен аллергия.... сізде болмағаны жақсы екен, қызығам.. және тағы да внутывенный дәрі бар, но ол гормонный болғандықтан оны пайдалануға болмайды, оны тек отбасылы болып, балалы-шағалы болған адамдар болмаса, тағы бір минусы ол семіздікке әкеліп соқтырады. сондықтан нафтизин (оны да көп пайдалануға болмайды, және тавигил қолданған жеткілікті, ең дұрысы сол көк шөпке жақындамау керек ғой, күз келіп бәрі қурағанша... Аллерголг дәрігерді өмірімде көрмеппін, алайда алергиямен ауратындар мемлекетімізде күн санап көбейіп келе жатыр, сондықтан болашақта керек мамандық екен... айта жүрргініз келсе сол тавигилді күніне 2 рет, азанда және кешке аш қарынға ішу керек. инструкциясын толық оқып алсын алдымен, мүмкін оған жақпайтын бірденелері бар шығар, жазыламын деп асқынып кетуі де мүмкін ғой! АЛЛА шипасын берсін бүіл аллергиямен ауратындарға!:))))))))))
+1 дауыс
Аллергия дегеніміз қандайда бір нәрселерге ағзаның кері әсер беруі болса, аллергендер көзге, мұрын, өкпе, теріге әсер етеді. Күнделікті қолданатын заттарды, тағам мен дәрі- дәрмекті айырықша сезіну қабілетінің пайда болуынан аллергия түрліше көрініс береді.

     Бүгінде аллергияның түрі өте көп. Солардың бірі – инфекциялық және инфекциялық емес деп екіге бөлінеді. Инфекциялық дегеніміз- вирустар, бактериялар. Инфекциялық емес дегеніміз – қоршаған сыртқы факторлар: климат, күннің тез суытуы, сонымен қатар, сәбиді жасанды тамақтандыруға ерте жастан бейімдеп, мөлшерден артық тамақтандыру аталған сырқатқа тез мүмкіндік береді. Тағамдық аллергияның ең ауыр түрі – анафилактикалық шок. Сырқаттын бұл түрі 4 сағаттың ішінде дамып, естен тану, құрысу, тұншығу, іш өту, құсу секілді белгілермен көрінеді.
ал менде аллергия шаң-тозаңнан, бирак озинен ози койып кетеди ешнарсе истемесем де
0 дауыс
Сәлеметсіз  бе!   Менің      балам он екі де үстіне           уак бөріткендер     шығып       түнге қарай   қатты қышып баланың мазасын  алады .   Біз    оны дипросалик    целестодерим  атты екі маз   жағып кетіріп отырамыз. Бірак аллергия шыга береді асірессе күн суыткан кезде. Бізге не істеуге болады  аллергияны кетіру үшин. Дәрігерлер қанды сүзу керек дейді. Елімізде аллергияны емдейтін қандай кленика бар,қай қалада.
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме? көп кеңестеріңізге рахмет!  менде аллергия деген бале бұрын болмаған еді, ауылда шаң топырақта өстік қой, ештеме болмайтын, ал қазыр шаң тозаңға, қолыма   қаттырақ жанасқан заттарға сол жерінен аллергия пайда болады да тез кайтып кетеді,  ол неге екен? қандай түрі екен, ? не істесем екен кеңестеріңізге......? рахмет!
0 дауыс
Салеметсіздерме! Менде де аллергия бар жазда басталады..коз кышып бастап мурныма келеді коп тушкірем кузге карай мурным бітіп демала алмайм каплямен гана журмін..Ол неден? Кандай ем бар? Кенестерінізге коп рахмет
...