Аллергияда қайта иммунитет өте жоғары , шамадан тыс жоғары болады. Сондықтан адамға зияны жоқ заттарың өзін организм қате зиянды екен деп қабылдап, тітіркенеді және көп молшерде гистамин бөлінеді.Гистаминнің шамадан тыс көп бөлінуі, теріде қышыма бөртпелер пайда болып,мурын, тамақ,көз шырышты қабаттарының ісініп,қышып қабынуына әкеледі. Кейде қатты тітіркенгенде қолқа ісініп, адам тұншығып қалуыда мүмкін Бұларды медицинада анафилактикалық шок немесе Квинке ісігі деп атайды.Бұлар адам өмірі үшін өте қауіпті. Егер аллергияң осындай болса, онда қалтаңда әрқашан екі ампула преднизолон және бір ампула димедрол жүргені дұрыс деп ойлаймын, себебі жедел жәрдем келем дегенше бұндай аллергиясы бар адамдар ана дүниеге жүріп кетуі мүмкін.Ал егер аллергияның мезгілдік түрі болса, онда "биология" айтқандай қыста не нәрседен аллергия екенін анықтап емделіп алған дұрыс.Толық айықпасаң да аллергияның мезгілінде жеңіл түрімен ауырып, жаның қиналмайды.Ал қыста емделе алмай, аллергияң қозып жүрсе, онда дәріханаларда антигистаминді дәрілер түрі көп.Мысалы лоратадинннің түрлері. Мүмкін болса, батыс Европада жасалғанын алып іш деп кеңес беремін. Өте ыңғайлы,тәулігіне бір таблетка ішесің, ұйықтатпайды,көлігіңді қорықпай айдай беруіңе болады.