CD-диск қашан пайда болды?
Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманында музыка, кино, басқа да ақпараттарды CD-дискіге жазатын болды. Сол CD-диск алғаш қашан пайда болған?
Шағын дискіні алғаш 1979 жылы Philips және Bayer компаниялары шығарған. Philips өзінің бұрынғы лазерлік дискілерінің технологиясына сүйене отырып, өндірістің жалпы процесін жасады. Sony ілгеріде сандық кәсіби магнитафонды жасау кезінде қолданған өзінің жазудағы pcm — Pulse Code Modulation тәсілін пайдаланды. 1982 жылы Германияның Лангенхаген қаласында шағын-дискі жаппай өндіріле бастады. Шағын дискінің танымалдығы үшін Microsoft и Apple Computer мол қаражат салды. 1987 жылы Apple Computer-дің басқарып тұрған Джон Скалли шағын дискілердің кәсіби компьютерлер әлемінде революция тудыратындығын айтқан болатын.
Шағын дискіні Philips пен Sony емес, Джеймс Рассел есімді америкалық физик Optical Recording компаниясында ойлап шығарды деген де нұсқалар бар. Ол 1971 жылдың өзінде-ақ ақпарат сақтауға арналған өзінің өнертабысының тұсауын кесіп, жұртшылыққа көрсетіп қойған екен. Ол шағын дискіні өзінің винилді пластинкаларының дыбыс түсіргіш инелерімен сызылып қалуын болдыртпас үшін «жеке» мақсаттарына ойлап тапқан екен. Сегіз жыл өткеннен кейін ғана, дәл осындай құрылғы Philips и Sony компаниялары арқылы «тәуелсіз» түрде шығарылды.