0 дауыс
8.6k көрілді
Сәлематсыздарма!!! Маған сіздердің көмектеріңіз керек еді, менің шашымның ұшы жаман ұштанып кете береді, осы жақында ұшын қидым сонда да тағы да ұштанып кетті, көбі шашынды боясан кетеді диді бірақ шашымды бояғым келмейді, естуім бойынша шашқа жағылған бояу кеткен соң шаш қайта ұштанып кетеді екен. Сол сұрайын дегенім қандай дәрі немесе ем білесіздер шаштың ұштануын кетіру үшін???
Амандасудан қате жіберген екенсіз! Саламатсыздарма? деу керек , не болмаса сәлеметсіздерме? деп жіңішкелеп амандасуға болады. Ал сіздің мына амандасуыңыз Сәлематсыздарма!!! мүлдем дыбыс үндестігіне бағынбайды! Кештеу көрдім бұл сұрақты. Бірақ қайтадан өңдеу керек. Админ байқамай қалыпты.
Белгісіз

3 жауап

0 дауыс
Менде де сол проблема..Менің шашымның ұшы ғана емес жоғарғы жағына дейн ұшталып кеткен..Рекламада Pantine PRO-V шампуні шаштың ұшталуын кетіреді дегеннен кеңн алып едім.Көмек болмады..Қию керек шығар
0 дауыс
Шаштың ұштануына қарсы Майсана және бадам майларын бірдей өлшемде алып араластырыңыз. Майлардың қосындысын сәл жылытып, жақсылап араластырыңыз. Жасаған сарсуды ылғал шаштың ұштарына 10 минутқа жағығыз. Артынан шашты жылы сумен шайыңыз. Дәл осы құралды құрғақ шашқа жағып, 30 минут ұстап, артынан шашты жууға болады. Байқап көріңіз!Көмектесер!!!
0 дауыс
Ыстық қайшымен шаш қию

Егер шаштың ұштануы сіз үшін үлкен мәселеге айналса, одан арылу үшін ыстық қайшымен шаш қию дауасын жасатып көріңіз. Бүгін осы шаш қию түрімен танысып, оның жағымды жақтарын қарастырайық.

Қазірде ұштанған шаш көп арулардың мәселесіне айналып отыр. Судың сапасы, экология, түрлі ыстық плойкаларды қолдану, шашты фенмен кептіру - осының бәрі шаштың ұштары құрғап, ұштануына әкеледі. Нәтижесінде ай сайын 2-3 см шашты кесіп тұру керек болады. Шашын өсіремін деген аруға бұл тиімді емес. Сондықтан шаш алудың заманауи түрі, арнайы тек ұштанған шаштарды алатын ыстық қайшымен шаш қию дауасын қолданып көріңіз.

Бұндай дауаға арнайы қызатын қайшы қажет. Шаштараз 80-150 градус арасындағы температураны таңдап, шаш қырқа бастайды. Ыстық қайшымен шаш алғанда оның ұштары күйіп қалады. Осының арқасында шаштың ұштануы тоқтайды.

Шаштараздың шашыңызды дұрыс алуын қадағалаңыз. Ыстық қайшымен шаш алу қарапайым шаш қырқуға ұқсамайды. Ол шаштың кішкене бұрымын бұрап, ұзындығы бойынша ұштарды қырқып шығу керек. Жиі жағдайда шаштың ұзындығы көпке қысқармайды. Ол тек ұштанған шаштың бөлігін қырқуы керек.

Мұндай дауа 40 минуттан 2 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл шашыңыздың ұзындығы, қалыңдығы, түріне байланысты болады. Ыстық қайшы дауасынан кейін шаш ұштануын тоқтатып, жылтырап, жұмсақ жатады, шашыңыз күтімді болып көрінеді.

Әрине тек осындай шаш алу түріне үміт арту дұрыс емес. Сондықтан дәстүрлі шаш күтім түрлерін ұмытпай, шашыңызды арнайы термо қорғаныс спрей, ұштарды күтетін құрал, басқа да бальзам мен маскалармен еркелетіп жүріңіз.

Массагет сайтынан!
ыстық қайшымен үйде шаштын ұшын қиюға болама?
...