0 дауыс
41.5k көрілді
Көп бағыныңқылы сабақтасқа 3 мысал сөйлем жазып беріңізші (Ойдан)

3 жауап

0 дауыс
Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмады.

Екі – үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап үйінде отырды.

Көп бағыныңқылы сабақтасты былайша айырып тануға болады, мысал ретіндегі сөз; бүйтеді, сүйтеді деп аяқталады
0 дауыс
Көп бағыныңқылы және көп басыңқылы сабақтас

1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз: Е) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.

2. Сатылы және бағынңқылы сабақтасты табыңыз. В) Кенжетайдың көзі түскен кезде, Кошкиннің мұртына күректей мұз қатып, қабағына да қырау тұрған.

3. Көп басыңқылы сабақтасты табыңыз. Д) Біз ауылға жақындағанда, күн батуға таяп қалды, мал да өрістене қайта бастады, жыылқы кісінеді, сиыр мөңіреді, ит үрді, жер сілкінер алдындағы азан-қазанға ұқсады да кетті.

4. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. В) Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер.

5. Көп бағыныңқылы сабақтастың түрін табыңыз. С) Бірыңғай жарыспалы.

6. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. В) Әке хабарын үй іші сұрастырыа бергенде, Абай әдейі осында келіп, әр нәрсені естіп қайтатын.

7. Схема қандай сабақтастың түрін көрсететіндігін табыңыз.

 

Бағыныңқы

 

бағыныңқы

 

басыңқы

С) Сатылы.

8. Сабақтас құрмаластың құрамдық түрін белгілеңіз.

Басқа қонақтар мүгедек батырға еңкейіп сәлемдесе, Сәдір жер төсекте отырған

Шойнақтың қасына тізерлеп отыра кетіп, екі қолын бірдей созып амандасты.

9. Көп бағыныңқылы сабақтастың түрін ажыратыңыз.

Биыл Есіл қатты тасып, алқабына су мол жиналғандықтан, қазір шалғынына құлын жасырынғандай.  С) Сатылы.

10. Көп бағыныңқылы сабақтас түрін анықтаңыз.

Жолаушылыр қалың шұбардың арасына тоқтап, әркім әр жерге төсеніштерін жайып жатқан кезде, Мәмбетәлілердің қосына тағы да сумаң етіп Козлов келді. В) Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас.

11. Мына сызба көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрін білдіреді.

бағыныңқы

 

бағыныңқы

 

басыңқы

С) Сатылы.

12. Көп бағыныңқылы сабақтас нешеу, белгілеңіз. Д) 2.

13. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас мағыналық әрі тұлғалық жағынан қанша, белгілеңіз. А) Екеу.

14. Жарыспалы бағыныңқылы сабақтастың түрін белгілеңіз.

Сабырды тыңдай отыра, оның  сөздерінен көңіліне қауіп ала отыра, Байжанға көлденең бір ой кеп кетті. Д) Бірыңғай.

15. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді  көрсетіңіз. А) Жайдары, ақ көңіл, бала мінезді болғандықтан, сақалы беліне түссе де, жұрт оны Антоша дейтін.

16. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

 В) Кітапханаға барсаң, мені табасың.

17. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) 2.

18.Көп бағыныңқы сбақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. С) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

19. Көп бағаныыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Қайық оқиғасы былайша елеусіз, ауыл өмірі үшін ешқандай әсері болмаса да, бір шеті тәрбиемен ұштасып жатқандықтан, Жақыпбек бұған үлкен мән берді.

20.  2-сөйлем мен 3-сөйлемнің мағыналық қатынасын анықтаңыз.

Ол күні бойы адам баласынан қуғын көрсе де, Марал Ұлпаннан бұл жолы да қашпай, сергек аяңдап жүре берді. Д)  қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

21. Схема қандай сабақтастың түрін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағыныңқы

 

Бағыныңқы

 

Басыңқы

 А) Жарыспалы.

22.  Егер бағыныңқы басыңқымен әр түрлі мағынада ---------

түрлі сұрауға жауап берсе, сабақтастың қай түріне жататынын анықтаңыыз. Д) Әр алуан жарыспалы.

23. Құрамына бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай таталатынын табыңыз. Е) Көп бағыныңқылы.
0 дауыс

1. Бостандық алғаннан бері, жұрттың көзі ашылып, қайда болса да ынтымақ-бірлік табылып, қалың қазақ ішіне береке ұйытқысы орнағандай болып тұр еді. 2. Құстың қанаты қанша жеңіл болса да, сүйенетін ауа болмаса, құсты жоғары көтере алмаған болар еді. 3. Үлкен кісілер кеп әке қасын қоршағаннан бері және Камшат өліп, үй ішін, аналар көңілін уайым басқаннан бері, Абай әке қарекетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалған еді. 4. -... Ал үш қудың біреуі жекпе-жек кез келсе не тіпті екеу-үшеуі бірдей кездесіп қалып бірдеме қылмақ болса, жалғыз өзім-ақ ұрып жығатынмын. 5. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-тұрық мал жайын ойлап, күннің қабағына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырғанда, ұсақ мал төлдеп қалды. 6. Берілген заказдардың орындалуы ұзаған сайын, жұмыстағы кемшілік көбейіп, авария жиілеп, Бараковқа үлкен жауаптылықтар артылған сайын, оның халі де неміс әкімдері алдында екі ұшты бола бастады. 7. Осыдан кейін буыны дірілдеп, балдағы тайып кете бергесін, Рәйс оны қолтығынан алды. 8. –Мен, Тұраш ұйықтамас бұрын, «Қаракөз» алғаш басталған кезде, келгенмін! 9. Күйме Васильевскідегі үйдің алдына жеткенде, аспан ақшыл тартып, жұлдыздар жүдей бастаған-ды. 10. Қылтиған бұтақтарына қарағанда, жарқабаққа жақын сияқтанғанмен,  етегіне түссең, ар жағында бес-алты шақырым. 11. Ал бұл ауылдар ішінде малы мол болғандықтан және шаруаға пысық, тықақ болғандықтан, Тәкежан аулы әрқашан өзгелерден озып, шырқау барып отыратын. 12. Жоғары төбеден тамшы тамған соң, жер табанда шылпылдаған лай су болған соң, оның үстіне қашап жатқан тесігіне салған суың, ұшпыр соққанда бет-аузыңа шашырап тұрған соң, біраздан соң, үсті-басың аузың көк лай суға аунап тұрған адамның түріндей болады.13. Абай, кеудесінен оқ тигендей, демі үзілердей, сілейіп бір тұрып қалғанда, ат үстіндегі денесі дір-дір етіп, үзеңгілері табанына тұрмай, ойнақшып кеткендей болды. 14. Жамал – сағынып көрген баласының алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті. 15. Түлкі кезікпей, аңшылар жолы болмай, қосқа кеш қайтты.

...