0 дауыс
2.4k көрілді
бөтен біреудің баласын асырап алуға калай қалай қарайсыздар?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бала асырап алған сауап.Тек бала жоқ, бала асырау керек деп, туыстың, яғни менің айтайын дегенім анасы бар баланы алу,меніңше анасы мен баласын айыру боп саналады, оданша ана мейірімін аңсап жүрген жетімханадан бала асыраған жөн. Және де бала 18 ге келіп, ақыл тоқтатқанда ғана өзінің асыранды екенін білу керек. Жастайынан асыранды екенін білген бала анасы жақсы болсын деп ұрысқанын түсінбей асыранды болғаным үшін ұрса береді деп ойлап қалады, өтпелі жасқа келгенде бала құбылмалы боп жүреді. Сондықтан меніңше 18 жаста айтқан дұрыс,және бала бұл жасқа жеткенше ата-анасы балаға оны қаншалықты жақсы көретінін дәлелди алады,балада осы күнге дейін бағып-қағып келген ата-анасын жек көрмей кішкентайынан жетім сезімін білдіртпеген ата-анасына алғысын айтар.
менде дәл сіздей іс әрекетке барар ем
Neobiknovenna9 балаға асыранды екенін 18 де айту ақымақтық. Өйткені бала 18 де өтпелі кезеңде болады, бала бұл кезеңде өте ашушаң, барлығына жауапкершілікпен қарамайды. Сондықтан балаға тек ес тоқтатқанда ғана айту керек. Мысалы, мен шамамен 23-24 жастарда айтушы едім, өйткені бала бұл кезде ақыл тоқтатып отбасы жағдайымен жүреді. Сіз қандай тәрбие берсеңіз балаға сіздің айтқан сөзіңізді дәл солай қабылдайды.
Меніңше мұндай хабарды есту балаға жеңіл болмайды. Бірақ ақылы бар болса артынан бәрін түсінеді....
М.м ал мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін) бала 23-24-25 жасында қыз таңдау емес ендігі үйленетін кезі ғой) жаңағы елі бір қызбен үйленіп қалса не болмақ? Бұл салтымызға сай емес қой. 18 жас па не? Мен 15-16 жастар құбылмалы деп ойлап жүрсем) Бала 18 жаста жеке азамат ретінде тіркелмейтін бед.18 жаста адам өз өмірін қолға алатын, ақыл тоқтатқан  кез емес пе. Енді әркімнің өз ойы бар ғои)))
Неде болса баланың келешегі ата-ананың қолында. Қанша жаста айтсада баланы келешекте нағыз азамат қылып өсірсе болғаны.
Дұрыс айтасыз!
Бұл өте бір қиын мәселе оны басынан өткермеген адам түсінбейді деп ойлаймын.
Сізге қосылам! Біз мұнда бүйту керек сүйту керек деп білгенімізді жаздық, шындығынды басымыздан өткермегендіктен қандай қиын екенін сезініп, түсіне алмаспыз.
0 дауыс
Бала асырап алған жақсы амал. Сол балаға өз туған балаңыздай қарап, сүйіп, мәпелеп, өзгелерден бөліп-жармай, барлшық жағдайын жасау өте жақсы амал. Бірақ, ескеретін тағы бір жәйт, ол баланың тегі мен әкесінің атын құжат жүзінде өзгертпеген абзал. Себебі, бала өсе келе руы, туған ата-анасы, яғни, тегінің кім екенін біліп жүргені дұрыс. Керісінше жағдайда, егер ол баладан шындықты жасырып, өсіп, азамат болған шағында білсе, ол үшін де, сіз үшінде өкінерлік жағдай болары сөзсіз.
Есболот ол бала шындықты білетін болса бөтен болып өспиме
Менің пікірімше, кішкене кезінен асыранды екенін біліп, бойына сіңіріп өскені дұрыс. Мысал, егер ол көшеде ойнап жүр делік, достары ойын арасында немесе ренжіскеннен оған асырадысың десе, ол балақайдың қандай жағдайда болатынын ойап қараңызшы. Асырап алған ата-анасы әу-бастан есі кірген балаға ақиқатты айтып, туғанындай жақсы көретіндерін сөз және іс жүзінде де көрсете/дәлелдей білуі керек.
Бала асырап алуга қарсы емеспин, арине куйеуим руксат етсе.Али оз баламыз жоқ,бирак болады деген умиттемин
0 дауыс
Құдай бала бермей жатса(((( егер де жұбайыма інілерімнің 1 баласын асырап алуға кеңес берер едім.))))
туысқаннан алған қиын сияқты себебі ондай адамды көргем үлкейгенде кетіп қалды аке шешесіне.
АЙСҰЛТАН ЕРЕХАНОВ бұның барлығы мысал ретінде айтылып жатыр. Есейместен мынадай сөздерді айтпаңыз.
0 дауыс
Қасқырды қанша баққанмен орманға қарап ұлиды. Асырап қанша баққанмен өскесін қайта құриды.
мүмкін олда рас шығыр егер бала болмаса өмірдің мәні жоқ сияқты.
0 дауыс
Бұл тек алдағы уақытта Аллахтың қалауымен болатын дүние.
+1 дауыс
Мен бала асырап алуды колдаймын.Ар Казакстандык отбасылар бip баладан асырап алса,керемет болар едi.ОСЫЛАЙША жетiмханалар жабылса гой,шipкiн!.Болашакта бала асырап алу ,таза ниетiм бар.Мейлi озiмнен туган бала болсын.Барлык бала Алланын берген сый,аманаты. ШЕТЕЛГЕ ОЗ ОТАНЫМЫЗДЫН БАЛАЛАРЫН БЕРIП ЖАТКАНГА,УДАЙ IШIН АШИДЫ.ШЕТ ЕЛДЕ КАНДАЙ ТАРБИЕ АЛЫП ЖАТЫР,ЖАГДАЙ КАЛАЙ ЕКЕН ДЕГЕН ОЙЛАР МЕНI ЖИI ТОЛГАНДЫРАДЫ.ОЗ КАНДАСТАРЫМЫЗ,ОЗ ТУЫЛГАН ЖЕРIНДЕ ТАРБИЕЛЕНIП ОССЕ ЕКЕН ДЕГЕН ОЙ,БIЗДЕ.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...