+1 дауыс
5.5k көрілді
Жүрек ревматизмі қандай ауру?сол аурумен ауырған адамның  барлық мүшесі де ауыра ма?

2 жауап

0 дауыс
Ревматизм[1] (грек. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, негізінен жүрек-қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық ауру. Бұл аурудың клиникасын зерттеген француз дәрігері Ж.Б. Буйо (1796 — 1881) мен орыс терапевті Г.И. Сокольский (1807 — 1886) болды, сондықтан Ревматизмді Сокольский-Буйо ауруы деп те атайды. Аурудың пайда болуы, өршуі А тобына жататын бетагемолитик. стрептококк бактериясына және организмнің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты. Ревматизммен негізінен жасөспірімдер (7 — 15 жас аралығындағылар) ауырады. Аурудың белең алуы баспа, скарлатина, фарингит ауруларынан кейін 1 — 2 апта өткесін басталады; аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, тізе, білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, ісінеді. Табан, балтыр буындарының ісінуін — полиартрит деп атайды. 10 — 12 күннен кейін буын ісігі басылып, дене қызуы қайтады. Егер ауру асқынса, жүректі және оның барлық қабаттарын (эндокард, миокард, сондай-ақ клапандар және перикард) зақымдайды. Мұны ревмокардит деп атайды. Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене темп-расының көтерілуі мүмкін. Ревматизм бірте-бірте басқа органдар мен тіндерді, әсіресе, жүйке жүйесін (қ. Хорея.) зақымдайды. Ревматизм әлеум. тұрғыдан да өте қауіпті, себебі ауру асқынып, созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Бұл жасөспірімдер мен жұмысқа қабілетті адамдар арасында еңбекке жарамсыздықты көбейтеді.
Ауруды толық дәрігерлік тексерістен өткеннен кейін анықтайды;
алдын ала сақтандыру үшін баспа, тонзиллит, тіс ауруларын асқындырмай, дер кезінде емдету, организмді шынықтыру керек.
Емі: қозғалмай жату, диета сақтау. Глюкокортикоидтық гормондар (преднизолон, триамсинолон), стероидтық емес қабынуды басатын препараттар (вольтарен, индолитацин) және холин туындыларын (делагил, плаквенил) қабылдау; курорт, санаторийлерде емделу қажет. Ревматизмнің қайталануын тоқтату үшін бициллинмен емдейді, суықтан сақтану керек.[2][3]
аяқ сырқырап,жүрек шаншидыма?
0 дауыс
Иə аяқ қолым сырқырап,жүрегім шаншиды,аяқ қолым бет аузым ісиді,суыққа шықсам аяғым тоңып шыдамай кетем

Ай
...