Қызықты сұрақ: қазақтар ұлттық тағам бешбармақты жеп болған соң не істейді?

0 дауыс
3.2k қаралым
Қызықты сұрақ: қазақтар ұлттық тағам бешбармақты жеп болған соң не істейді?
• Санаты: Қызық сұрақтар
бешбармақты---- етті болып өзгертілсінші!
Ет деген мынау:image
Бешпармақ деген мынау:image

19 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Қолдарын жалайды, сосын қолдарын сүртеді сосын сорпа ішеді сосын шәй ішеді сосын шәйдің артынан шәй ішеді

ako_O бірінші тіркесіңіз дұрыс
қол деген негізі саусақтарғой ))
О тоба!??    Жаламайды жуады!!!
Жооқ бізде сөйтедд
0 дауыс
Не істесін,ас қайырып,асқа бата беріп,қол жуып сосын шәй ішеді.
0 дауыс

Ас қайтарып. Ауылдың үлкен ақсақалы БАТА береді. (Мүмкін ақалар есік алдына шығып темекі тартады)

+1 дауыс
Ас қайырамыз! басқа нестейді ас жеп болған адам???
Бұл сұрақтың не ойланатыны бар құдай-ау))
Не ойланатыны бар?
+7 дауыс

Бізде былай,бешбармақ жеп аламыз да,майлықпен не болмаса салфеткамен қолымызды сүртеміз,сосын бәрі болған кезде үйдегілердің біреуі айтады ал жеп болдықпа,ас қайырып жіберейік дейді,сосын бата оқылады,жұма күні болса құран бағышталады,сосын бәрі қол жуып,жайғасып жатады,біреу барып сүйектерді далаға итке тастайды,қалған  ет пен нанды ертеңге жылытпаға алып қалады,содан кейін бәрі әңгіме айтып,ТВ қарап кішкене тоқ басып жатады,біраздан соң кухнядан шәйға деген дауыс естіледі,бәріміз шәйға кетеміз.1-бөлімнің соңы дисің )))))

бірінші саусақты жалайың сосын салфетка әкел диді )))
Дастархан жиналып болып,ас қайтарғасын ер адамдар жағы жылжып сыртқа шығып түтінін будақтатып темекі тартатыны бар сосын.
Саусақты тоймасаң жалайсың,тойған адам майлық қайда дейді,міне деп майлық бересің,соған сүрте салады
Иә ер адамдар жағы солай
2 бөлімі қайда  МаДрИдТіҢ фАнАтЫ ?
)))))))))))
айй қатырдың))дұрыс,дұрыс..
+6 дауыс
2-ші бөлімі былай басталады,үлкен кісілер төрге отырып алады,біз шет жағында отырамыз сосын отағасы әңгіме бастайды,Ет жақсы,семіз болған екен дейді,оны біреу қостай қояды Іі сорпасы керім деп,содан үйдегі қарттар жағы шағым айтады етті жеп-жеп алып,жаңа майлы жерінен жей қойып едім,асқазаныма тиіп отыр деп бір кекіріп жібереді,содан кейін жастар жағы 1-2 аяқ шәйдан кейін кетіп қалады,үлкендер асықпай ішіп алады да сосын келіп алып кино қарап отқан келіндерге төсек салмайсыңдарма дейді,төсекке жатып алып комп-та отқан саған әжең сөйлеп жатады ана жақтан ЖАТШАЙШЫ қасқау,көзіңнен не қалады деп,сөйтіп 2-ші бөлім де бітеді
Өмір осынысымен қызық шығар бәлкім ))))
Сосын мындай сөз барғо кәзір қонақтар кетсін сосын дұрыстап тұрып жәй ішіеміз деген!)))
Әрине,сен дәл тауып жазып отырсың,тек біздің үйде солай болар десем,бәрінде солай екенғо
Оны алдағы сериядан көресіз дейнба)))
біздеде сол
Сөзіңіз аузыңызда, алдағы серияларын күтетін боламыз..
+1 Хехе Мадридтің фанаты 3 бөлімді салшы, қатты қызық))
0 дауыс
Дәл осындай жағдай бүгін біздің үйде болды.Бірақ ата-әжелер емес,аға-жеңгем келді.Ұйықта,ұйықта таңертең тұра алмайсың  деп мамам ана жақта қаңқылдап жатыр.Ал мен болсам отырмын сол интернетті қимай.
–1 дауыс
Жеп болған соң бәрі жайына кетеді !
0 дауыс

 Мадридтің фанаты режиссерсіз-ақ сценарийді өзі шығарып жатқан шығар,оған да уақыт керек қой.тынышталып күтейік!бірақ біздің мына жақта күтіп жүргенімізді ұмытып кетсе ше)))))

–2 дауыс
Біріншіден қазақта ешқашан "бешбармақ"деген тамақ болмаған,оны ет деп атаймыз Соны түсініңіздер.
Кей өңірде ауызекі тілде Бешбармақ деп атайды!
Негізі тамақтың аты бешбармақ,ол бұрынғылар қойып кеткен аты,тек қазіргі кездеғо ет деп жүргені
бешбармақ емес бес бармақ деп жазылады
+2 дауыс
Мәссәған достар,әншейін жаза салып едім,сіздерге қызық емес шығар деп ойласам,басында бәрін бір серияға қылып фильмнің соңы қылуым керек еді ))))
Соны айтам,сенікі сериал боп кетейін деп тұрған сияқты.:D
+8 дауыс

Назарларыңызға біздің өмір кинофильмнің 3-бөлімі.ТАңертең ұйқыдан ең бірінші оянатын ол әрине әжең(ол кісіні ақмама дейміз).Тұрып шәй қойып келіп сені оятады.Ұйқы деген тәтті ғой шіркін,қазір,қазір деп тұрып болмайсың,сосын саған кеше айттым саған жат деп,тұр енді тамағыңды іш дейді.Ол кезде үйдегі үлкендердің бәрі тұрып жуынып,таңғы асқа келеді,ұйқыңды ашалмай маужырап отсаң саған папаң(немесе басқа біреу) қалай?ұйқың қанды ма? дейді,өтірік болса да иә дейсің.Үйдегілер әңгімені сапырып жатады,сен болсаң ішіп-жеп,оқуыңа кетесің.Түс қайта үйге келсең үйдің алдында көлік тұрады,үйге кіріп амандасып болып отсаң саған сыныпта нешінші шепсің дейді(бұрын кішкентай кезімізде айтылған сөз),кім біліпті дейсің де 1 дейсің,өй маладес дегенге сеніп қалды екен деп мәз боласың да ойнап кетесің ғой,атаң(ақпапа дейміз) сені мақтап жатады сыныпта менің балам отличник дейді, сосын ал шәйға жүріңдер деп хабарлап кетеді,немесе кішкентай бала болса шәйға дейді.Бәрі шәйға кетеді,сен  жатасың  қарның шұрылдап,сол кезде байғұс анаңның келіп саған айтатыны қазір кісілер кетсін,жақсылап(кейде тәттілеп) шәй ішеміз(david бауырымыздың желісі бойынша) дейді,ондайда кісілер кететін бе еді,шәйді сораптап отырады.Уф әйтеуір болды ау деп дастарқанға барасың да жаңағы тәттілерден туралған алма мен шұжық(колбаса) жейсің,тәттілер қайда десең ақмамаң бәрін өзің жеп аласыңба,ертең кісі келсе сені қоямызба дейді,естілер естілмес қылып кісі,кісі деп өлетін болдыққо,әкелші деп анаңа бір қарайсың,сол кезде әкеңе риза боласың бітсе алармыз,бер балаға,шүкірмізғо дейді,сонда ақмамаң иә,аласың,ақшаң көп қой дейді(түсінбейтінім үлкен кісілердің көбісі ақша болса да жоқ дейді),сосын ер адамдар көбісі бірдей келеді ғой,ақпапаң араласады әй кемпір,балдардың берекетін алмай бері кел дейді,,сен тамақ көрмеген кісі ше тәттінің бәрін жейсің.3-бөлімнің соңы

+1 маған өте ұнады. Мадридтің фанаты күшті шыққан. Сіздердеде осылай екенғой. Ата-әжем жоғы өкінішті тек...
Рахмет,бізде де солай, өмір болғасын бәрі де болады,өмір бірде алдын,бірде артын береді дейді ғой,қамықпа!
Тфә-тфә әңңгімеге жүйрік екенсіз..
Рахмет !!!!!!
Маған ұнады,сенен керемет режиссер шығатын сияқты )))) +1
Рахмет,барлықтарыңызға!Бәрі тек сіздер үшін ғой
көзіме жас келді оқып
+4 дауыс

Кім екенін білмедім,көре алмаған біреу менің жазғандарымды минустапты ғой,не де болса көп рахмет емесsmiley

мен + тайын
Рахмет,жомарт жігіт екенсің
0 дауыс
өз басым ас жеп сорпа ішіп ас қайырғасын құман шлыпшынға жүгірем қолға су құю керекқо
+1 дауыс

Барлық бөліміңе +1  МаДрИдТіҢ фАнАтЫ.Өте қызықты жазыпсың!Бізде де солай!Алайда менде де  Eптібай*))-дың жағдайы!Атам мен әжемді өмірімде көрмегенмін!Сонда да жағдайымыз жақсы АЛЛАға мың да бір шүкір!))))))

РАхмет,пенде болғасын ондай жағдай ерте ме кеш пе бәрінің де басына келетін жағдай.Еңселеріңді түсірмеңдер
+2 дауыс
Бұйыртса кешке бешбармақ жейміз,кинодағыдай болатын шығар )))))))
0 дауыс
Бізде де сол Мадридтің фанаты айтқандай ғой
0 дауыс
Жарайсың,мадридтің фанаты!Сенен жақсы жазушы шығады.Кітап жазуға болады саған.Әңгіме,повесть жазсаңшы,қолыңнан келетін сияқты.Менің де анамды немерелері АҚ МАМА дейді
+2 дауыс
МФ бастағанын мен жалғастырайын,Үш ағайынды баламыз,Үлкені Мәди ортасыншы Ернар кішісі мен Данияр,Үшеуміздің басымыз шағын ғана атамның(ақ папа) ауылында қосылатын,Шамамен бұл ауылда 50 үй бар,Жаз басталысымен сонда баратынбыз,Кеш болды,Шай ішіп отырмыз,Атаммен әжем қөрші үйдің қызы жайлы әңгіме айтып отырды,Бір кезде жеңгем маған ақ Дон келін барма деп қалжыңдады!!Бәріміз күліп асқайырып дастарханнан тұрып бара жатқанда әжем ертең қой кезек ерте жатып қалыңдар таңертең 6 да оятам деді,Мәди, онда мен қазір заттарымды шығарып дайындайын дедіде сөмкеге шұжық нан су салып жаттты,Біз Ернар екеуміз бір бірімізге қыздардың суретін көрсетіп жетісіп тырқылдап күліп жатырқ,Бір кезде атам келіп Ернар Данияр келіңдер бір екі жол карт соғып(ойнап) жіберейік деді,Ойнап отырдықта төсекке жатып ұйықтап кеттік,Таңғы 6 да тұрдық,Әжем ана екі балаға ер адамның жаман көйлектерін берді де ал маған жеңгемнен қалған халат орамалдарды берді,Кішкентай ауылда маған кім қарайды дисің дедімде киіп алдым!!Мәди жеңгеме бірдеме деп айтып жатыр,Соның құлағыма бір сөзі ғана ілінді ол біз келгенде қарбыз тұрсын деген сөзі,Хех менде мәз болдым,Ернар екеуміз 15 құрт тығып алған болатынбыз сөмкеге салып алдық,,Оны Мәди білмейді!!Су бітті құртта бітті ауызымыз құрғап келе жатыр!!Бізден шамамен 700 метр алыста құдық тұр екен жолаушыларға арналған,Ернар екеуміздің басқа амалымыз барма жүгірдік,,Мәди қойдың қасында қалды!!Ернар екеуміз суға тойып бір вагонның көлеңкесінде жатыр едік бір Камаз келіп тоқтады қасымызға,,Ішінен бір орта жастағы кісі түстіде бізге қарады,Біз амандастық,Ернар екеумізді әрлі бері жұмсап қойды,,Ернар екеуміз шаршап кеттік,Ернарға бір ой келді!!!!Мәдидің киімі бастан аяқ ақ болатын,,Батыс өңірінде АҚ АДАМ деген бір қорқыныш бар,,Соны айтсаң бәрі қорқады!!!Содан Мәдиге хабарласып мән жайды түсіндірдік,,Ол асфальтқа шығып екі қолын көтеріп тұр еді жаңағы жүргізуші көлігіне міне салып қашты,,Сөйтіп Ернар екеуміз бір қызықты оқиғаға куә болдық!!!!Бұл менің қызықты бір күнім!!!
Сен қызықты оқиларың туралы МФ-ның сериалдарын жалғастырмай,басқа сериал жаз,қанша дегенмен сценариің басқа бағытта,және сенде сайтта өзіндік орны бар қолданушысың ғой,сенікі де қызық екен жалпы
МаДрИдТіҢ фАнАтЫ ары қарай жаз деген болатын
Білуімше оны саған емес,Ептібай деген қолданушыға тапсырды емеспа?
өзінің жеке емайл агентінде сүйдеп жазды сіз неге қадалған жеріңізден қан алып отырсыз
Онда кешке МФ-дан жеке емайлынан сұрармын
Достар,Мадридтің фанатын қатысты менде жақсы жаңалық бар,ол маған өзінің жеке емайлында СЖ сағынып жүргенін,бірақ оған кірмейтінін айтты.Және де ол Біраз уақыттан соң аз уақытқа кіріп өзінің аяқталмай қалған сериалын жазады екен!
Шын ба сол адам өзі қазірде кіріп отырған сияқты!!!хехе

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
5 жауап
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы