Қыз бен жігіттің арасында достық болады ма?

+20 дауыс
28.2k қаралым
Бұл жағдай әркімнің басында болған ғой деп ойлаймын. Қыз бен жігіт достаса алады ма? Шынайы әрі мәжбүрсіз, шын көңілмен достаса алады ма? Ол табиғи жаратылысы бір-біріне қарама-қарсы адамдардың бойындағы достық сезімін қалай түсінуге болады? Аргументпен жауап болса, жақсы болар еді, жалпы жауапты минустаймын :)
• Санаты: Достық | 28.2k қаралым

43 жауап

+26 дауыс
Жақсы жауап
Қыз бен жігіттің арасындағы достық мәселесі осында талқыланып қойған сияқты. Әлде шатастырып тұрмын ба?))) Дегенмен, бұл мәселеде қарама-қайшы тұстар көп қой)) Нақты жауап: болмайды. Доспыз деп жүрген қыз бен жігіт екеуінің біреуінде әйтеуір бір сезім болады))) Кейде екеуінде де болуы мүмкін. Бірақ білдіртпей жүре береді десем ше?)) Ал қыз бен жігітте ондай сезімдер болмауы мүмкін жай араласқан жағдайда. Ол достық емес қой. Жай адамдар арасындағы қарым-қатынас. І-і-і.. Қысқасы менің жауабымды минустай бер)))
1 спам:
✌ Спам (201020102012010 “Жауап мүлдем дұрыс емес осыны өтірікші адам деуге болады. Мүлдем сезімі жоқ)”)
Ол адамдарға байлансты, меніңше болады, себебі менің жақын қыз досым бар еді, сонымен арамыз өте жақсы еді, кейіннен мен оны өзімнің ең жақын жолдас баламмен таныстырдым, екеуінің арасында махаббат пайда болды, алайда біздің арамыздағы достастыққа еш кедергісі болғаны жоқ, бұрынғыдай телефонда сағаттар бойы сөйлесе аламыз...
қызбен жігіт арасында достық болмайды және болу мүмкінде емес, жігіттерге қыздарға айтқандай сырыңды айта алмайсың.
Мүмкін ол сені іштей ұнатып әттеген ай деп кетсе де білмейсіңго бауырым
мен кыз бен жигиттин арасында достык болмайд дегенге мулдем келиспейм мен сырымды кыздарга караганда улдарга айтканды жаксы корем олар жаксы тусинед кыздарга караганда мулдем баска пикир айтад олардын кыздары менин жигитим бар
қыз бен жігіт арасында достық болады. менің сыныптас балдарды қоспағанда сыр бөлісетін жігіт достарым бар. сыныптас балдардың бәрімен жақсы сөйлесем бірақ бәрімен бірдей сыр бөліспеймін. Менің сол жігіттерге достық сезімнен басқа сезімім жоқ. кейбіреулерінің өз сүйгендері бар. сондықтан қыз бен жігіт арасында достық болады..........
сенің айтып отырғаның дұрыс!!!
Қыз бен жігіт ешқашан дос бола алмайды. Тереңірек ойландар...
+25 дауыс
Қызбен жігіттің арасында достық болады. Бірақ оның арты махаббат сезіміне ұласуы  ғажап емес! Немесе екеуі екі жаққа кетеді.
дұрыс пікіріңізге +
менім ойымша негізі "МАХАББАТ" деген жоқ! махаббатты адамдар дұрыс түсінбейді деп ойлаймын! кыз бен жігіт арасынағы байланысты, яғни жаксы карым-катынасты, сыйластықты, бауыр басуды, сағыншты махаббат деп ойлайды!!! арине бул менім ойымша! кому как!
+23 дауыс
Достық болады,бір бірін ұнатқан соң доспыз деп жүреді ғой,біраз мерзімнен кейін махаббат өшіп дос бола бастайды,тағы біраз мерзімнен кейін ренжісу көбейіп екеуі екі жаққа кететін оқиғалар менің басымда болған.
+21 дауыс
Өмірде бәрі болады.
+20 дауыс
Мен қыз бен жігіттің арасында достық болады деп ойлағам... бірақ досым деп жүрген адамдардан өзіме деген сезімін байқап қалғаннан кеінн, біртүрлі қызық боп қаласың.... енді қазір сенбеймін!!! Тіпті қазір бетіне күліп қараған адамның бәрі дос болмайды!!!
+20 дауыс
Болады) Мысалы,сыныптастарың
мен үшін сыныптастарым өз ағаларымдай адамдар))) оларды дос санамаймын, ағам ретінде қараймын...
+20 дауыс
Қыз бен баланың арасында ешқашан достық болмайды. Ақыры ол екеуі доспыз деп журіп бір-біріне қатты ғашық болып қалады сонымен бітеді.
басында достық болмаса махаббат қайдан ұшып келеді соны ақылыңмен ойласң болады едиго
+22 дауыс

Қызды жігітпен достастырғаныңыз қасқырға қой бақтырғанмен бірдей.

bes sausak birdi emesko...

arkim ar turli bireude bolat bireude bolmait!
көкем ау достықтан жұрдай болған адамсыңау сірә
+19 дауыс

Меніңше достық сезім болмайтын секілді,бұл өз басымнан өткен,мүмкін бар шығар  ондай жағдайлар сирек кездеседі.Қызбен жігіт арасында достық сезім болған күндеде оның соңы махаббатқа жалғасып кетеді! Жалпы дос болған дұрыс,бірақ тым жақын болуда қажеті шамалы! Бұл менің әрине өз ойым!

smiley


өңдеді
+18 дауыс
егер оған сезімін болмаса достық бар егер оны сүйсең доспын деп қасында жүру азап
+15 дауыс
Қыз бен жігіттің арасында достық  болмайды дегенменен, сыныптағы ұл балалар мен қыз балалар дос болып жүре береді ғой. Мысалы,  менің қасымда отыратын баламен жай ғана доспыз. Әңгімеміз үйлеседі. Ойымыз бір жерден шығады.

өңдеді
кызбен жигит арасында достық болуы не болмауы ен алдымен сол екі адамға байланыстыгоооооооо. менің озимнің жандай жалғыз жан досым бар. и то олда ер бала. менің ойымша болады
+12 дауыс
ұлдар мен қыздардың арасында достық менің ойымша жоқ )))себебі біреуі жақсы коріп ұнатып қалады!!
Сіз сол адамдардың түрін көріп жақын араласқансызба???нақ айтатындай???
кокем саган алі де кішкене өсу керек сиякты
Мұқағали Фаризаға ғашық болған...
Ұшқын,білмедім. "Қазақтың жігітінен дос таба алмай"- деп Мұхаңның өзі айтқан ғой,соған қарап айтқан едім.
Лаззат,мен сені де көрген,араласқан жоқпын,енді саған да пікірімді білдіре алмаймын ба?:D
Гүлім шешей,сіз Нурисламға да,маған да көкем деп еркелетіпсіз,рахмет! Бірақ осы адамдар менен 20-30 жас үлкен боп қалар ау деп ойлауға санаңыз жете ме,бір сайтта болғанымыз болмаса,бір столдың басында шай ішіп отырған жоқсыз ғой дегенім да,болмаса өзіңіз біліңіз.
Фариза Мұқағалидің алғашқы махаббаты
+8 дауыс
Менде қыз бен жігіт дос болады деп сенем бірақ күнде кездесіп көрісіп тұсаң онда сезімдерге ұласады екен,сондықтан белгілі бір қашықтық шекара сақтап отыру керек сияқты. Мен бұны өз басымнан өткердім өзімді дос ретінде сезіндім бірақ ол қыздың маған кетәрі емес екенін байқадым.
+8 дауыс
Менің ойымша болады. Менің де досым бар. Сырларымның бәрін айтамын. Ол маған көмектеседі. Мен де барынша көмектесем.
+9 дауыс
Ол адамдардың қарым-қатынасына байланысты. Егер бір-бірінің барлық сырларын білетін болса махаббат болмайды деп ойлаймын, себебі адамның мақсаты бірін-бірі жақсы танып білу, яғни сырын білу. (Қыз қашқан сайын бала жақындайды, бала қашқан сайын, жігіт жақындайды) деген сияқты ғой. Шынымен де солай емес пе?)! Қашқан сайын оның неге олай істейтінін білгің кеп жүреді ғой, сол сияқты.
Бір-бірінің сырын біле тұрып, ұнатуы да мүмкін ғой. Сезім келсе, ешнәрсеге қарамайды, айтып келмейді. Енді жұмбақ жағдайды білуге бәріміздің құмартатымыз рас)
+9 дауыс
Достық әрине болады, бірақ ол сөз жүзінде ғана, олардың біреуі немесе екеуі де бірін-бірі жақсы көреді де айтпайды. Ең соңында махаббатқа немесе айырылысқа апарып соғады, менің ойымша осылай, өз басымнан өткен жағдай.
Cөздерің дәл менің ойымдағыдай!
+10 дауыс
Қыз бен жігіт дос бола алады.Бірақ сирек өйткені қыз бен жігіт достасып жүріп екеуінің біреуі  ғашық болып қалады...
+9 дауыс
негізі кыздың досы оның күйеуі. дос тек жігітте болат
+5 дауыс
Өмір! Өмірде бәрі де болады! Мүмкін болар мүмкін болмас......бұл болады. болмайды дегеннен щешіле салатын сезім емес, ол сол достасқан адамдарға байланысты
+5 дауыс
Адам мен адам дос бола алмай ма сонда? Жынысына қарап  дос бола алмайды деп айтуға бола ма? Барлығын да сезім пайда боп кете бере ма?
Барлығы өз пікірлерін ашық жеткізіп жазыпты... Негізі алып қарағанда қыз бен жігіттің арасында достық болмайды. Жаңағы сіздер айтып отырған сыныптасым, бірге партада отырамыз деген ол достық та емес, махаббат та емес. Ертең мектеп бітіргенде екеуіңіз екі жаққа кетіп, бір біріңізді іздемейсіздер да. Ол достық па? Жоқ, әрине. Ол уақытша ойлары бір жерден шығатын адамдар ғана.
Тіпті қыз бен жігіт деп алмай, қыздардың арасындағы достық та солай. Мектепте, колледжде, университетте жаныңда бірге жүретін адам болса болды, соны біз ең жақын құрбым дейміз. Ертең оқу бітіріп кеткенде, ешқайсысы бірін бірі іздемейді. Өмір бойы араласып, достықтары шынайы адамдар өкінішке орай өте аз. Сондықтан, уақытша араласып , сырласатын адамдарды досым деп жаңылыспаңыздар. Сөздің түйіні, қыз бен жігіттің арасында достықтың болуы мүмкңн емес. Аллах жынысы бөлек адамдарды бір біріне құштар етіп жаратқан. Сондықтан олардың арасында міндетті түрде сүйіспеншілік болады. Достық деп өздері соған алданады!!!
0 дауыс
арине болады бирак ол кыз бен жигиттин минезине байланысты емес пе? бирак накты жауап жок шындыгында казирги кезде жигиттер достыкка берик болып келеди кобине
0 дауыс
арине болады,оз басымдагы жагдай, маган кыздармен караганда жигиттермен араласкан унайды сондыктан достарымнын коби де ул балалар. себеби кыздарга мысалы кыздарга бир проблеманмен келип акыл сурасан онсыз да жылармандай болып турган халинди типтен тунилдирип бирге отыра калып жылаудан тайынбайды. ал жигиттер болса аркашан позитивти келеди гой озинин колынан комек келмесе де конилдендируге аркашан дайын турады. Жигиттердин басына кандай ис туссе де олар ешкашан мойындарын салбыратып мунайып корген емес  солары унайды. мен озим басыма ис туссе кобинесе ул достарыма немесе агаларыма жугингенди жон коремин
0 дауыс
Жалпы қыз бен жігіттің арасында достық кездеседі. Бірақ болмайды дегендердің де сөздері бір жағынан дұрыс болып көрінеді. Себебі олар көп ретте үйленіп кетеді де, басқаларға "бұл достық емес, махаббат болды" деген ой қалыптастырады. Әйтсе де бұл достасқан қыз бен жігіттің өресіне байланысты. Егер достықты махаббатпен шатастырып, нәпсінің қалауына еретін болса, онда жоғарыдағы пікірлердің сөзін шындыққа шығаруы ықтимал. Ал керісінше болса, онда ақиқатқа бір табан жақын деген ойдамын
0 дауыс
қыз бен жігіт дос бола алмайды, ақыр соңында точно біреуі жақсы көріп қалады, небір адамдар бар ғой, менің әпкемді бұрын бірге оқып кетіп қалған, типа жан досы жақсы көріп қалып, сөз салды, осыны қалай түсінеміз? Кейде бірге оқыған кластасымен үйленіпті дегенді де естиміз, сонда олар кезінде дос болмады деп ойлайсыздар ма? Қыз бен жігіт дос бола алады, кейін екеуі бөлек-бөлек отбасын құрған кезде ғана...Егер де жұбайлары қызғанып жағдайды ұшықтырмаса....
 Жалпы, қыз бен жігіт мәңгі дос бола алмайды, ертең екеуі де екі жаққа кетеді немесе екеуі қосылады...Я бар, я жоқ...
 Сондықтан, достық махаббатқа ауыспай тұрғанда, қарым қатынасты сақтап қалу керек..
0 дауыс
Жігіт пен қыздың арасында достық сезім бар, болады да. менің дос қызым бар екеуміз бір үйдің баласындаймыз яғни апалы інілі сияқты. Ол Арыстан ал мен Талдықорғаннан болсам да, оның сүйгені менің сүйіктім болса да бір бірімізбен сағаттап телефонда, кездескенде кундеп отыра беретін кездер болады. Ең бастысы ой го адамды бұзатын, арам ой болмаса болды артық іс қимылға бармайсыздар. Ер балдармен сырласқан бөлек ал қыз баламен сыр бөлісу өзгеше . . .
0 дауыс
Мен шындықты айтамын! Шын мәнінде достық емес ол! Сыйландар - Дос болмандар! Түбінде жақсылыққа алып келмейді....
0 дауыс
Болады содан соң махаббатқа айналып кетуі мүмкін!
0 дауыс
болады арине ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
0 дауыс
Қыз бен жігіттің арасында дос болу мүмкін емес!Мен өз басымнан өткен жағдайды айтып берейін.Мен бір жігітпен жан дос болған едім,артынша ол маған өз сезімің білдірді!Мен олай боларына сенбеген едім.Бірақ қазір мен сол жігітпен жүрмеймін.Тіпті сөйлеспейміз.Қазір мен бір жігітпен дос болып жүрмін,бірақ біз бір-бірімізге бауырым деп сөйлейміз.Ол да артынша сезімің білдіріп жатса таң қалмаймын!Бір сөзбен айтқанда қыз мен жігіттің арасында достық болмайды.
0 дауыс
Салеметсиздерме!Достык жалпы улы кундылыктардын бири!  Мен ойлаймын кыздардын арасында достык браы бар алайда кызганыш деген нарсе катар журеди.Ал жигитпен кыздын арасында достык болмайды деген ол жай сандырак.Ал арыкарай араларында махаббат оты тутанама жокпа ол еки достын ар уяттары билетин нарсе.Кате тусинип калманыздар менин айткым келгени достар дос болып калуы керек! Бирин бири унатса онда достыктан уласкан махаббат деймиз ! Ал дос бола турып кыз немесе жигит кана жаксы кору ол дурыс емес,Олай дейтин себебим жаксы корген адам кызганады ал кызганыш не истетпейди?Биреуи гана жаксы корип биреуи озге биреуди жаксы корсе жаксы корген досы сол оз досынын журегин жаралауы мумкын,Ал шынайы достык кызганышсыз ол жигитпен кыздын арасында!
0 дауыс
Болады неге болмасқа! )

Осыған м.вирус ағамыз жауап берсе екен. Күтем !
0 дауыс
болады егер жан дос болса махаббатка уласады
0 дауыс
Әрине болады достық
+1 дауыс
Мүмкін деп ойлап едім,мүмкін емес болып шықты 5-ай бойы сөйлескен досым,сезімің білдірді.Ыңғайсыз болып қалды кішкене.
0 дауыс
Менин ойымша кызбен улдын арасында дос деген болмайды мен шынымды айтайын 90% баллар кыздарды пайдалану ушин немесе сол кызбен журу ушин отирик истеп журеди. 60% кыздар соларга сенеди.
Может кыздарда пайдалангысы немесе жургиси келетин шыгар. Бирак кыздар жагын билмедим улдар жагы сондай.

Пайдалану (*екс)

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы