+1 дауыс
5.9k көрілді
Мінезді өзгерту мүмкін нәрсе ме? Мысалы қырсық адамдар болады ғой.... Өз тілімен сөйлемесең ерегесіп қалатын

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине! Ол үшін өте көп адамдармен араласу керек. Көпшіліктің ортасында жүру керек. Ең бастысы, адам өзін сыйласа, өзген де сыйлайды. Міне өзгені сыйлағанды айналасы сыйлайды. Жастармен араласқан адам әзілқой әрі мінезі көпшілікке жағатын болып шығдады сөзсіз. Орта жастағы адамдармен үнемі араласатын адам, әсіресе зиялы оқыған адамдар болса, онда мінезіңіз барлық адамға ұнауы мүмкін. Себебі ондай адамдар артық әзілдемейді әрі саналы түрде қатынасады. Сөйтіп адам жүрген ортасына қарай өзгере бастайды деп ойлаймын.
+2 дауыс
Мінез мәйегі адамға туа бітеді дейді гой.Өзгереді-яғни сол  ортаға адаптация жасайды.
+1 дауыс
Әрине мінез туа қалыптасады,ал туа қалыптасқан мінезді ,ешқашан өзгерте алмайсың.Мысалы: Сіз жамааан қырсық,көкбет болдыңыз делік,ал мен сіздің туа қалыптасқан мінезіңізді өмір бақи өзгерте алмаймын.

 ПиСи:Бұл менің пікірім!
Қырсықтықтың себебі бар. Психологиялық агрессия болуы мүмкін. Қаптаған мейірімді жандардың арасына бір қырсықты апарып тастасаң, қырсықтық мінезінен арылуы мүмкін.

Әйтпегенде, адам ешқашан өзгермейтін болғанда, адамдар бүгінгідей бұзылмас еді. Себебі сәби балалардың қырсыққанын көріп пе едің? Мен әлі көрген жоқпын. Ойында еш бөтен пиғылы жоқ періштелер ғой. Олар кейін берген тәрбиесіне қарай, өсіп жатқан ортасы мен жағдайына қарай мінез-құлқы мен ниеті қалыптаса бастайды деп ойлаймын. Адамды 40 градус аязға апарып тастаса да сол жерде өмір сүруін жалғастыра береді, адаптацияланып. Сол сияқты адамның өзгеруінде тұрған ештеңе жоқ.
Белгісіз
+4 дауыс
Мінез өзгерту өзіңнің арласатын ортаңа байланысты ғой, мысалы ақкөңіл инабатты, сыпайы, ақылды адамдармен арлассаң өзің де сондай болып кетесің. Егер адам қаншалықты қырсық болса, соншалықты мінезін өзгерту қиын болады.
+1 дауыс
Абай Құнанбаевтың "Адам мінезін түзеп болмайды", деген кісінің тілін кесер едім" деп айтқаны есіңде болар...
+3 дауыс
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты. (М. Теплов)
Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен арқылы озады. Нәресте анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем,жесем,ұйқтасам-бұлар тән құмарлығы. Екіншісі-білсем,көрсем деп ұмтылады-бұл жан құмарлығы. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім (Абай).
0 дауыс
мінездің жақсысы адамның бәріне керек сондықтан өз мінездеріңізді дұрыстаңыз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
4 жауап
...