Мен бар ғой, жұмыста күні бойы осы "сұрақ-жауап" , тағы басқа сайтта отырамын.Жұмыс істемеймін. Кейін ойлаймын, егер өстіп интернетте отыра берсем, жұмыс жасамай жүре берсем, жұмыстан шығып кетемін бе деп. Бірақ, олай ойлау маған соншалықты қорқынышты емес сияқты болып көрінеді. Өзімнің жазуға тиісті қағаздарымды жазудың орнына күні бойы отыра беремін. Қарындасым маған ұрысады: немене кешке дейін отырасың, сол бір түк пайдасыз сайтта? Одан да қағаздарыңды жазбайсың ба деп. Сооол, осы сайтта интернетке тәуелділік, интернетке тәуелділік деп біраз сұрақты да қойып тастаған едім кезінде осы сайтта. Енді сұрақ, егер мен осылай бос уақытымның көп бөлігін өстіп сайтта өткізе берсем, ары қарай не болуы мүмкін. Қазір де отырмын, ештеңе жазбай. Осы сайттағы сұрақтарды ақтарып, біресе фейсбукті, біресе майл.ру -ды. "Мой Мир"-ді аккаунтымды өшіріп тастасам, біраз уақыттан кейін қайтадан ашып алуым мүмкін , керек болып қала ма деп. Қысқасы, өстіп өз-өзіммен әурелену қашанға дейін жалғасуы мүмкін, бұл менің өміріме зияны тиюі мүмкін бе? Әлде психологпен сөйлескенім дұрыс па? Бірақ, психолог 3мың тг алам дейді, сол 3мың тг ақталуы мүмкін бе?