+3 дауыс
5.2k көрілді
Жалпы патриотизм дегеніміз не? Өзіңізді патриотпын деп есептейсізба? Мен ұялы телефонымда Әнұран, Ту, Елтаңбаны міндетті түрде ұстаймын. Ал достарым маған сен таза патриотсың деп айтады. Ал менің оларға айтар дауым бұл әркімнің істейтін міндеті деймін. Өзім үшін бұл әрекетке қарап патриот деп айту дұрыс емес, мен үшін патриот адамдар басқа. Сіздерге оны айтып жеткізе алмаймын. Сіздерде қандай ой бар? Отан сүю иманнан екенінде естен шығармайық

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
“Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас” деген халық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар.

«Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы! Қа­зақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы! Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш  уақытта ұмытпауымыз керек», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысы патриотизмнің жер бетіндегі кез келген ұлттың жетістіктерінің бірі екенін қадап айтты. Яғни, бұл – кез келген қазақстандықтың табысын мақтаныш тұту, сондай табысқа қол жеткізуге өзіңді де қайрау деген сөз. Әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек. Сонда әлгі адам­ның да, елдің де мейманасы тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Менің ойымша, отандық патриотизм – бұл елдік­ті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп,  оған құрметпен қарауы, өз  Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық және азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдайтеріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сыяды. Бұл мәселені ашып айту үшін, мынадай мақсаттарды бөліп алайық. Біріншіден, азамат­тардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары  мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Екіншіден, әр тұлғаның бойында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Бұл ұстаным бала жастан, отбасындағы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны баршаға мәлім. Үшін­шіден, жас жігіттер мен қыздардың рухын шыңдайтын әскери-патриоттық тәрбие беру. Төртіншіден, әртүрлі ұлт, нәсіл, конфессиялардың өзара қарым-қатынасының принципі ре­тінде төзімділікке тәрбиелеу. Бесіншіден, қоғам мен тұлғаның әлеуметтік жағынан маңызды құндылықтарын қалыптастыру және дамыту.

Ендігі кезекте мақсаттардан міндеттерге көшейік. Алғашқы міндет – патриотизмге дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Сөздің ашығын айтқанда, қазақстандықтардың     бойындағы пат­риотизмді қоғамдық өмірде де, билікте де жою-құрту бағытына емес, қалыптастыру-биіктету бағытына бұру. Қалайша? Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жаңа басқару элитасы туралы сөз қозғағанда мемлекеттік құрылымдарға жаңа күштердің ағыны қажеттігін айтып жүр. «Алдағы уақытта елді басқаратын жастар сауатты ғана емес, сондай-ақ нағыз патриоттар болуы керек. Бұл жерде татулығымыз бен бір­лігімізге қауіп төндіретін патриотизм емес, өз Отанына, оның халқына деген нағыз сүйіс­пеншілігімен көмкерілген демократиялық патриотизм жөнінде әңгіме болып отыр», – деді Елбасы. Екіншіден, патриоттық тәрбие – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Егерде біз елдік мүдденің төңірегіне топтасып, өз Отанымыздың тағдырына деген зор жауапкершілігімізді сезінбесек,  жоғары жетістіктерге жете алмаймыз. Ұлттық қауіпсіздікке азаматтық-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әскерге, құқық қорғау  органдарына және барлық мемлекеттік институттарға  құрмет көрсету сияқты мәселелер де жатады. Сонымен қатар, бұл міндетке өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі үшін, жастарға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, саламатты өмір сүру салтын насихаттау да кіреді.

Үшінші міндет – ұланғайыр жеріміз бен егемен елімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге мұраға қалдырған ата-бабаларымыздың, қазақ тарихындағы есімі елге мәлім батырлар мен ақындарды, жыраулар мен оқымыстыларды, мемлекет және қоғам қайраткерлерін   мақтан  тұтуымыз қажет. Мысалға, сонау қазақ-жоңғар жүзжылдық соғысынан бастап, 1986 жылғы Желтоқсан ұт-азаттық көтерілісіне дейінгі кезеңдегі ел есінде мәңгі қалған батыр-ақын, әнші-жырау, палуан-күрескерлер қаншама?!. Солардың есімі ұмытылмауы үшін, жас ұрпақтың санасында мәңгілікке сақ­талуы үшін   патриоттық тәрбиенің мәні зор. Немесе тәуелсіздікті аңсап қана қоймай, со­ның жолында жанын пида еткен «Алаш» ұлттық үкіметінің тарихын алайық. Өткен жылы Астанада «Алашорда» атты жаңа деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күніне орай жарыққа шыққан тың туындының айтары мол. Ең бастысы, туған ұлтымыздың мүддесі үшін бастарын қатерге тіккен алаш ардақтыларының есімдерін, ерліктерін бүгінгі буынға жеткізе алғаны.

Әрине, тізбектей берсек, патриотизмнің міндеттері өте көп. Мысалы, өзіңнің Отаның үшін үлкен жетістіктерге жету. Шынайы патриоттық сезім өзіңнің отбасыңа, еліңе, Отаныңа деген кішкентай махаббаттан бастау алады. Мақаламыздың басында біз ана сүтімен, ата дәстүрімен берілетін өз туған тіліңді толық меңгеріп, оған құрметпен қарау да патриотизм­нің бір белгісі екенін айттық. Яғни, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді үйренуі арқылы оны меңгермегендерге жақсы үлгі көрсетуі керек. Мемлекет басшысы, әсіресе, жас­өспірімдер мен жастарға мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие, білім беру жөніндегі ой-пікірлерін жиі-жиі айтып жүр. «Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылық­тарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік тілге құрметпен қарап, оны лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Біздің мінде­тіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға де­йін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз. Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін», – деді Елбасы Н. Назарбаев ағымдағы жылдың 28-қаң­тарында Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

толық:http://pr-hal.kz/?p=3083

http://www.atr.kz/?p=3665 мына сілетемемен өтіңіз! Терең түсіне біліңіз!
+1 дауыс
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".[1]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%B7%D0%BC
+1 дауыс
Патриот деген өз отанын сүю.мен өзімді патриотпын деп санаймын!ту,елтаңба,әнұранды білу әр қазақтың міндеті,елтаңба,тудың суреті соткасында болса болд ол адам патриот деген қате пікір,соткасында болғандардың бәрі патриот емес.Патриот деп меніңше отанының әнұранын,елтаңбасын,туын қастерлеп заңын ешқашан бұзбайтын,елін жаулардан қорғайтын адамдар!
0 дауыс
Патриот деп мен өз Отанын сүйетін,Отанға адал,қай жерде болсын,елде болсын өз Отанымен мақтанатын адамды айтамын
0 дауыс
рәміздерді телефонда ұстайсың онымен әжетханаға кіресің бұл патриоттық па? және патриотпын деп бос сөзбен айтқанша кезі келгенде іспен дәлелдеу керек (өз ойым)
Қолымнан келгенінше алып кірмеуге тырысамын. Жарайды сіздерден кешірім сұрай отырып дәл қазір телефонымнан жоямын суреттерін
0 дауыс
Әрине потриотпын,және қасымдағы достарымды соған шақырып жүремін
0 дауыс
Патриотпын әрине,бірақ мұны достарым мойындамайды өкінішке орайй(((
0 дауыс

Мен ендi сенбеймiн ешкiмге,
Президент перiште болса да.
Сыймасам сыймайын бес күнге,
Сол үшiн басымды алса да.

Мен ендi сенбеймiн елiме,
Егiлiп тұрса да күлетiн.
Сенбеймiн жерұйық жерiме,
Жемқорлар тайраңдап жүретiн.

Сотқа да сенбеймiн сұраншақ,
Пәрменi парамен баттасқан.
Өтiрiк жүремiн ұран сап,
Сыңаймен елiме жақтасқан.

Саған да сенбеймiн Отаным,
Отқа да түспеймiн сен үшiн.
Байысам бәрiбiр сатамын,
Батыстың киiп ап кебiсiн.

Ешкiмде ренiш болмасын,
Мен ендi сүймеймiн бұл елдi.
Халыққа атылған қорғасын,
Сенiмнен айырып жiбердi.

0 дауыс
Адам ешкашан озiн озi "мен жаксы адаммын, иманды!", "мен жаман адаммын" дей алмайды. Деседе ешкiм мойындамаса не пайдасы бар? Булда сол сиякты, адам оз кара iсiн бiлмейдi, айналасындагылар бiледi. . . Жалпы мен озiм елiмдi, жерiмдi суйемiн, казакка тиiсiп жатса жай отыра алмаймын. Мумкiн патриот деп баска нарсенi айтатын шыгар?!
0 дауыс

Әрине патриотпын.Жан-жақтағы достарымды патриотқа шақырамын.

Ұқсас сұрақтар

...