Өткен жолы СЖ сайтына ән шығару жайлы әңгіме қозған болатынбыз. Сөйтіп айтылған әңгіме жабулы қазандай тынып қалды. Бүгін міне сол жайлы айтқым келіп отыр. Мен сайтқа өлең шығарған болатынмын! Қараңыздар, оқыңыздар. Мағынасына үңіліп, жете түсінуге тырысыңыздар. Админ және сайт қолданушылары мақұлдап жатса, өз ішіміздегі компазиторлар игі іс жасап неге әнін шығармасқа! Сындарыңыз бен міндеріңізді жасырмай айта беріңіздер. Түзеуге тырысамын!
Бұл өмірден қамыққанда,
Айт сырыңды қалыс қалма.
Ақыл айтып, жөн сілтейді
Сұрақ-Жауап тарыққанға!
Қайырмасы:
Серкесі бұл талай сайттың
Шығаратын қазақ атын.
Ғаламтордың жолдарында
Сұрақ-Жауап оза шапқын
Бар әлемді таңдандыра.
Қылыштайын жылтыңдаған
Бұғып басын тартынбаған.
Қиналғанға көмек беріп
Сауап алған Жаратқаннан!
Іздеген жауап сауалдарға
Болған үлгі талайларға.
Біздерде бар ақылдылар
Қарсы тұрар дауылдарға.
Өлеңің керемет екен!
өнерің үстем болсын,мынау нағашылардың атынан деп 5000 тг лақтырып тастайтын жер екен ))))
Негізі жақсы, бірақ:
"Жылтыңдаған" деген сөз біртүрлі емес пе "жарқылдған" десе қалай болады
Марат ақынсың ғо.Керемет ән.Сұрақ-Жауап сайтының ұранына лайық ән...........
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы