0 дауыс
Акдемияға актерлікке тапсырайын деп едім соған енді шығармашылықпентапсырады дейді дейді соған не дайындап баруға болады???
30.03.2013 5.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Актер боламын дегендерге пайдалы ақпарат:

5В040700 — Актерлік өнер мамандығы

1. Музыкалық театр артисі (қаз.топ.)

2. Драма театры мен кино артисі

3. Эстрада артисі

Қабылдау шарттары:

Актерлік өнер мамандығына түсушілердің жас мөлшер: қыздар (21 жасқа дейін), жігіттер (23 жасқа дейін). Актер мамандығына түсер кезде талапкердің дауысы, іс-қозғалысы (пластикасы), актерлік қабілеті, қара сөз (мысал, сықақ) оқуы мен би билеп, ән айтуына ерекше көңіл бөлінеді.

Грант:

— Қазақ топтарына 12 грант

— Эстрада артисі (биылдан бастап) 12 грант

«Актерлік өнер» мамандығына түсу үшін қажетті балл

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Актерлік өнер» мамандығы бойынша оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең кем дегенде 70 балл жинау қажет, соның ішінде қазақ тіл мен қазақстан тарихы пәндерінен кем дегенде 10 балл.
Оқуға құжаттар тапсырғаннан кейін «Сахна тілі» мен «Актерлік шеберлік пен әннен» екі шығармашылық емтихан болады. Ол емтиханның әрқайсысынан ең жоғарғы балл 25. толығырақ http://yvision.kz/post/271275

17.08.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы