+5 дауыс
629 көрілді
Қазақ сайттарында бір байқағаным, Админі де, қолданушылар да назар тұрғысында Сіз дейді де, сөйлем ортасында СЕНге ауысып кетеді. Әрине бұл мәдениеттілік дейтіндер табылар, бірақ мен саған СЕН десем менің ойым, көзқарасым  төмен, немесе маңызды,маңызсыздық  дегенді білдірмейді ғой.  Меніңше, СІЗ еркін қолданыста тиімсіз, сонымен қатар өз ойын білдіруде шынайылық СЕНде ғана сезіледі.

Сен осы туралы не ойлайсың?

12 жауап

+6 дауыс
Бір шетінен сізді қолдаймын, бір шетінен қолдамаймын. Екі ой қалыптасып пікірталас болып кетуі мүмкін. Қалай болғанда да үлкенді сіз деп айтып өскен баламыз. Қанымда бар десем де болады. Жасы үлкендерге солай айтамын. Қыз балдарымен танысып, алғаш сөйлескенде де сыпайылық ретінде солай айтамын.

Менің ойым барлығы СІЗ деп айтуға көшсе деймін. Ыңғайсыздау бірақ соған үйренуге болады екен.
Сұрақтың басында айтылғандай жүйеде... сайтта ғана дегенді айтқым келген. Әрине тікелей кездескенде үлкенге Сіз дейміз ғой,ініге де, танысқа да, құрдасқа да Сіз деймін, сыйластық болмаса да алшақтықты  білдіру үшін...
"Сайта ғана.......  , сайтта СЕНГЕ көшу туралы ғана айтқым келді...
Тусінікті! ))))
Түсіністікке рахмет бауырым!
.....шіркін кешегі Саммит тұсында айтылғандай, қазақстандықтар  жартылай болсада интернеттелінгендер болса ғой....!
+5 дауыс
Әр адамға байланысты. Мысалы, мен басқаларды сіз дегенде ашылып сөйлесе аламын. Сен деген ыңғайсыз.

Қазақта "Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек" деген мақал бар екен.

Сөйлесуші адамға сіз десем оған деген құрметім жоғарырақ болады. Бірден ұрысу және дөрекі сөйлеу болмайды сіз дегенімде.
+7 дауыс

Мен "сізден" гөрі "сенге" көшкенде, адамды жақын тартамын, ал сіз деген құр сыпайылық сияқты көрінеді, негізі, адамның ниеті дұрыс болса болғаны, сөзде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ, инетте сен деген дұрыс сияқты, ол практикалық жағынан да дұрыс. "Сіз" деп бастып, сөйлесу барысындағы бүкіл сөйлемдерге "іңіз", "ыңыз" деген артық әріптерді теріп отырғым келмейді :)  

+7 дауыс

Иә, сен деген  еркін пікір алмасуға ыңғайлырақ smiley

+5 дауыс
Мен  бәріне сен деп сөйлеймін,өйткені жасым үлкен,ал кішілердің сіз дегені дұрыс қой.
+5 дауыс
мен басында интернеттегі форумдарда пікір жазғанда өзімше "сіз" деп жазатын едім. "солай.де" сайтының "бұл сайтта барлық адам бір біріне сен деп сөйлеседі, бұл әдебсіздік болып саналмайды" деген ережесін оқығаннан кейін қазір барлық жерде тек "сен" деп қолданатын болдым :-) оның үстіне интернетте кімнің үлкен, кімнің кіші екенін белгісіз
+4 дауыс
Сен негізі жақсы жігітсің! Ол сенің сөздеріңнен аңғарылып-ақ тұр!
+4 дауыс

Жақсы, онда мен бүгіннен бастап "сенге" кошемін. Ешкім ренжімесін, келістік пе? smiley

+5 дауыс
Мен бірден СЕНге көштім,солай адам жақынырақ сияқты виртуалда)Бірақ жақын танысқанда үлкенді Сіз деймін)))
+4 дауыс
Жақсылап жауап жазғым келген... бірақ жауаптарға қанағаттанып отырмын....
+4 дауыс
маған сіз деп сөйлескен ұнайды. арадағы сыпайылық пен татулықты білдіреді ғой. Батыс жақта ғой үлкенге де кішіге де сен деп сөйлейді. өте тұрпайы, анайы.
+4 дауыс

Мен сайттарда "сіз" деймін. Үлкен адамдаға да солай. Ал өзіммен қатарластарға "сен" деймін. Сайтта "СІЗ" деп жазсақ деймін. Осылай сыпайырақ.

...