Қазақ сайттарында бір байқағаным, Админі де, қолданушылар да назар тұрғысында Сіз дейді де, сөйлем ортасында СЕНге ауысып кетеді. Әрине бұл мәдениеттілік дейтіндер табылар, бірақ мен саған СЕН десем менің ойым, көзқарасым төмен, немесе маңызды,маңызсыздық дегенді білдірмейді ғой. Меніңше, СІЗ еркін қолданыста тиімсіз, сонымен қатар өз ойын білдіруде шынайылық СЕНде ғана сезіледі.
Сен осы туралы не ойлайсың?