+4 дауыс
2.4k көрілді
Қаншалықты күй тыңдайсыз. Қандай күйлер ұнайды? Шетелдердің даңғырақтары күйдің орнын басып барады. Қайран бабадан қалған асыл мұраның қасиеті жоғалып барады. Күйді баяу тыңдасаңыз соғұрлым керемет әсер аласыз. Шетелдік әуендерді қатты тыңдау әдетке айналған. Ал бұл құлаққа қатты зиян екенін естен шығармайық. Дәріптей білейік ағайындарымызға:

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлемдегі барлық дыбыс пен музыкалардың патшасы күй десем қате айтпаған болар едім. Шыңғыстың ұлы өлгенінде, баласынан айырылған түйені идіргенде, ауру адамды сауықтырғанда осы күй болатын. Күйдің құдыреттілігі міне осы! Күй тыңдаған сәтемді барлық нәрсені ұмытып, жаным тебіреніп кетеді.
+2 дауыс
Күйлерді күнде тыңдаймын дей алмаймын, бірақ  тыңдаймын. Домбыра да ойнай аламын сондықтан да болар күйдің де құдіретін түсіне аламын)) Ал шетелдің  әуендеріне келер болсақ, зиянын да пайдасын да көрген жоқпын.  Заман өзгерді... Адамдар да өзгерді.  Бұған еш нәрсе істей алмаймыз(
+1 дауыс
Күй тыңдай қоймаймын.Бірақ Көңіл толқыны деген күйді қатты ұнатамын.Соны тыңдасам ойға атты шомып кетемін.Сондықтан оны үнемі тыңдап тұрамын.
+1 дауыс
Әрине тыңдаймыз: Құрманғазының Сарыарқасы, Нұрғисаның Аққуы, Момбетовтың Салтанаты т.б. көп қой керемет күйлер
+4 дауыс

Қазір XXI ғасыр!Қазір заман емес,адам өзгерді.Күйдің орны төмендеп бара жатқаны,бұл әрине рас нәрсе.Бірақ,менің бір байқағаным,күйдің құдыретін көбіне тек күйшілер ғана түсінеді.Менің өзім де бастапқыда күй болып жатса,назар аудармайтынмын да,кейінірек өзім домбыра үйірмесіне қатысқалы,күйге көп мән беремін.Маған Секен Тұрысбектің "Ақ жауын","Көңіл толқыны" күйлері өте қатты ұнайды.

   Бірақ шет елдің барлық әуендері даңғара,нашар дей алмаймын.Олардың ішінде де адамға ерекше көңіл-күй сыйлайтын өлеңдері бар.Жалпы жақсы жаққа тартатыны да,артқа сүйрейтіні де бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
10 жауап
0 дауыс
5 жауап
...