+1 дауыс
593 көрілді
Мен өткен сұрағымда бір жігітке ғашықпын.Не істеймін деген  едім ғой.Ол кеткелі көңілім түсіп жүр еді,енді мынаны естігенде төбемнен жай түскендей болды.Маған үнемі бір жігіт ойнап,бірақ орынсыз тиісе беретін.Сондықтан оны жек көретінмін.Сөйтсем сол сұмыраймен мені туылған кезімізде атастырған екен ғой.Мен оны ешқашан білмеппін.Кеше жездем агентте балалармен сөйлесіп отырғанымды көрген,содан соң осыған не үшін отырасыңдар,жігітпен сөйлесесің бе не деп бықсыта бастады.Оны естіген апам болса жігітті қайтейін деп едің,өзіміздің дайын күйеубаламыз тұрғанда дегенде менде шок болып қалды.Сонда не қыз міндетті түрде атастырылған адамына қосылу керек па?

9 жауап

0 дауыс
Той қашан?... Кәзір бұрынғы заман емес әркімнің таңдауы бар...
0 дауыс
Оны қыз бен жігіт өздері өзара талқылайды..
0 дауыс
Ех " Былай тартсаң өгіз өледі , былай тарсаң арба сынады" ! Шыныменде қиын екен. Қарсы болайын десең - ата анаңа ұят, ал ата анаңның айтқанын қылғың келді делік, бірақ ол жігітті ұнатпайсын! Қай ата - ана баласына жамандық ойлайды дейсің?! Егер үйдің тірегі Әкең сені түсінсе онда сені оған қоспауы мүмкінғой! Сондықтан бар сырыңды әкеңе айтуың керек!
0 дауыс
Өздерініз сөйлесіп шешесіздер ғо атастырған жігітте ақылды болса бағынды байламайтын шығар!!!
0 дауыс
Қазақта бесік құда, бел құда деген сияқты атастырулар болады. Бірақ, өскеннен кейін атастырылған адамға шығасың ба, жоқ па ол сенің өз еркің.
0 дауыс
Құдайға шүкір біз зайырлы, тәуелсіз әрі демократиялық мемлекетте тұрамыз!

Атастырылған жігітке үйлену міндетті дегенді мен ҚР Конституциясында да, Қасиетті Құран кәрімде де көрмеппін!

Әркімнің еркі өзінде, егер ол сізге ұнамаса солай айтыңыз апаңызға)
Қасиетті Құран барлығын оқып қойыппа едіңіз (Ескерту!! Құранды оқыдым деп өтірік айтудың қажеті жоқ)
+1 дауыс
Атастырғанына анық көзің жете  ме?мүмкін саған әзілдеп айтқан шығар
+1 дауыс
Қазіргі заманда,әркімнің өз еркі.Сен өзің қаламасаң,ата-анаң зорлап қоспайтын шығар.Өз қалауыңмен шеш.Жақсы көрмейді екенсің,оны айт.Қазір еркіңнен тыс,зорлап қосу деген қазаққа жат нарсе болған.Қысқасы,өзің шешесің ғой
0 дауыс
Апаң ойнап айта салған болар. Мені де мамам аяғы ауыр кезінде біреумен атастырып қойған. Қазір сол бала менің сыныптасым.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 2.07.2021 Махаббат сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
...