0 дауыс
3.5k көрілді
Торт,пирог пісіргенде асты-үсті қызарып піседі де, ортасы шикі болып піспей қалады,үнемі солай.Ол үшін нестеу керек?мүмкін көтеруге қойып қойайын ба? рецепте көтеруге қоймағансын  менде қоймаймын қоймайтын шығар ақыры деп.Сіздердікі ортасы шикі піспейтін шығар.Ортасы шикі болмау үшін нестеуге болады?

3 жауап

+1 дауыс
Мүмкін сіз температураны тым жоғары қоятын шығарсыз. Ондай жағдайда сіздің айтқаныңыздай болады. Орташа температурада пісуі қажет.
жо, ең төмен температураға қоям)
Оны духовканың дәл ортасына қойып жүрсіз ба?
0 дауыс
Көтеруге қоймайды, керісінше, қамыр дайын болған соң бірден пісіру керек. Қамыр дайындалып жатқанда пешті қыздыру керек, яғни пирог қамырын қызып тұрған пешке саласыз.

Сұйық қамырмен жасалатын пирог рецептерінде ұнға қоса ұнтақ жарма (манная крупа) 1-2 ас қасық қосып жіберсе, ортасы шикі болып, отырып қалмайды. Әдетте ондай пирогтарды 180°С-та пісіреді және піскенін тексеру үшін ағаш шимен тексереді. Яғни пирогтың ортасына шиді тығып көресіз, құрғақ шықса бәлішіңіз дайын деген сөз.

Тағы бір кеңес, ас содасының орнына қамыр қопсытқыш қолданған жақсы (разрыхлитель теста).
...