Мен ауылда тұрамын,аудан орталығында.Ауылда қылмыскерлер аз,түнде жалғыз өзің қорықпай жүре бересің.
Тамақ жағы сапалы,сары май,ет,құрт,қоспа,манты,сорпа,әгүршік,помидор бәрі қаладағыдан гөрі денсаулыққа пайдалы.Таза ауа,тамаша табиғат.Бәрі таныс,бәрі туыс.Жаңа технология жағынан да қаладан қалып жатқанымыз жоқ,тұрғын үйде суы,басқасы ішінде,иінағашпен су тасып жүрген ешкім жоқ.балалар еңбекпен шыңдалып жақсы өседі,қаладағыдай бір ұйымға кіріп кете ме,жаман жолға түсіп кете ме деп алаңдамайсың.