0 дауыс
1.3k көрілді
Сәлеметсіздерме!Шерімді кімге тарқатарымды білмей,сіздерге жазып отырмын.Мен бір жігітке қатты ғашық болып қалдым.Бір жақын арада ол қалаға көшіп кетті.Ал мен болсам неге оны бұрыннан жақсы көрмедім деп өкініп жүрмін.Екеуіміз 2-3 жылдай бір жолмен қайтып жүрдік,бірақ араласпаппыз.Күнде мектепке әсіресе  соны көру үшін баратынмын.Ал қазір еш қызық жоқ сияқты.Жатсам да,тұрсам да соны ойлаймын,оны ұмыта алмаймын,бір жігітпен жүрейін десем де ол үнемі көз алдымда.Не істесем болады?

6 жауап

+1 дауыс
Алғашқы жастық махаббат осылай болады....тек ойың сонымен бірге болу....тіпті ғашығың үшін оқуыңды тастағыңызда келеді....ол өтеді де кетеді сен одан гөрі сабағыңды оқы жігітт табылады
0 дауыс
Тағдырың қиын болған ғой............................
0 дауыс
кеткен адам қайта келмейді әлі де басқа жігіт табылады тек үмітіңді үзбе.Сабағыңды оқып өз өміріңді жаңадан қалыптастыр.
+1 дауыс
Алғашқы махаббаттың дерттері ғой,уайымдай берме,сағынсаң агентпен,телефонмен сөйлес,қалаға бар қыдырып
кеше-қайта келмес
бүгін-ертеңіңді бермес
ертең-кешегіңді елемес сондыктан ойынды басқа нәрселермен айналыс, көңіліңді өзің қызығар іспен айналыс
0 дауыс
Осы сезімді сезінгеннің өзі қандай бақыт оны кейіннен түсінесін. Қазіргі ең басты мақсатың оқу болсын.Егер ол жігіт тағдырыңа жазылған болса бір кездері алдыңнан шығады.Жүгірген жетпейді,бұйырған кетпейді. Қызда ең бастысы намыс күшті болу керек жігіттердің артынан жүгірудің қажеті жоқ.,керек болса ол сенің артыңнан жүгірсін.
0 дауыс
ондай сезим менде да болган, баскасы кездеседи журекти жаулап алатын. менда кезинде умыта алмагам сабакпен айтеуир алданып умытып баскага 2 жылдан кейн гашык болдым али ак умытасын уайымдама
...