Президент болсаңыз не істер едіңіз?

+5 дауыс
8.6k қаралым
Сіз Қазақстанның президенті болсаңыз ісіңізді алдымен неден бастар едіңіз?
• Санаты: Қызық сұрақтар Белгісіз

26 жауап

0 дауыс
Отырып алып "ананы істер едім, мынаны істер едім" дей бергенше керісінше "мынаны істер едім, ананы істер едім" деген дұрыс сияқты меніңше.
мына сөзің тарихта қалатын сөз екен :)
Тарихта қалды уже, кеше жаздым ғо
0 дауыс
Заңды қатал қылар едім өлім жазасын косар едім және депутат министр бастық пара алса қолын шауып тастайтын заң шыгарар едім
неткен қатал едің, бізге қиын болатын болыпты ғой
0 дауыс
Мен Президент болсам ең алғаш қарттар үйін жабатын едім,жетімдер үйін болдырмас едім,жемқорлыққа жол бермес едім.
+1 дауыс
Мен Президент болсам бірінші мақсатым жемқорлықты жою! бүкіл ақша жегіштерді қуып!  екіншіден заңды қатаң қылу! Сонда ғана қазақ халқы барлық қаржысын дурыс қолданып,барлығы теңесіп қайыршылық, жұмыссыздық жойылушы еді. Араб әмірлектеріндегідей өмір кешуші едік. Ондағы мұсылман бауырларымыз бір бірін тартып әрдайым көмек көрсетіп,қадірлейді. Оз жерімізде қазақтармен қазақ араждасып бір бірін қызғанып көре алмай журсе, бірлік татулық қайдан болсын. БІрлік бар жерде тірлік бар дейді қазағым! Сондықтан бір бірімізді құрметтейік! Сол басты істерім президент болсам)) Көп айтсам, қате кетірсем кешірерсіздер)
0 дауыс
Жемқорлықты жоям деп айтып жатсыңдар ол сендер айтқандай оңай шаруа емес. Мен президент болсам ақша жинаймын )
0 дауыс
Армандап көрейік)) Мен Президент болсам - Энергетиканы дамытатын едім. Әсіресе жел энергетикасы мен күн энергетикасын дамытатын едім. Жемқорлыққа қарсы жарнама, плакат, баннер шығара бермей - пара алып не беріп ұсталып жазасы дәлелденген адамның қолын шабуға заң шығарар едім! Кім қарсы шығады? Ойланыңызшы)) Дұрыс! Параға жақын адам. Пара алмайтын және пара бермейтін болсаңыз бұл заңның Сізге қатысы жоқ екенін біліп қорықпай өмір сүре бересіз. Әрі қарай. Ғылыми жаңалықтарға көңіл бөлетін едім. Қазақстанда қаншама өнертапқыштар бар, бірақ біреуінің атын білмейміз, не ойлап тапқанын білмейміз. Неге? Әрі қарай кеттік қазақ кинематографиясын жөнге қояр едім. Қазір шығып жатқан фильм, сериалдар шала қазақша әрі сапасыз. "Алдар көсе" мульфильмінің сапасы 1995 жылы шыққан "История игрушек"-тің шаңына ілесе алмайды. Жаңа туылған әрбір нәресте үшін тағайындалатын соманы (жөргекпұл дей ма) 10 есе арттыратын едім. Білім беру жүйесін өзгертетін едім. Мектепте мұғалімдер КСРО-кезіндегідей үйретіп жатыр, кітаптар да әлемде болып жатқан ғылыми т.б жаңалықтардан бейхабар. Ал ЖОО-да 4 жыл бойы тек мамандығына қатысты даярлайындай қылатын едім. Мысалы Инженерге философия, әлеуметтану, сияқты пәндер керек емес. Студент қызығушылығына байланысты өзі ізденіп қалаған лекциясына қатысатын болу керек. Айлық мәселесі - сағаттық айлық қылатын едім. Яғни ай сайын ақша алмай істеген сағатыңа байланысты алатын қылатын едім. Мысалы бүгін 8 сағат жұмыс істедің бе? 8 сағаттық ақшаңды сол күні-ақ ала аласың. Қаласаң бір апталығыңды жинап, сонда жұмыс берушіге қарап қалмайсың. Әрі адал істейсің. Пара туралы заң бар ғой))  Қалғандары есіме түспей жатыр))
0 дауыс
Пара алуды жоюшы едім!
+1 дауыс
1)Министр, депутаттарга казак тилин уйренуге 1жыл берип, 6ай откен сон жиналысты казакша жургизип, 1жыл болган сон барлыгын казакша сойлеулерин талап етемин, карсы шыккандар жумыстан кетеди......
2)Барлык  мектептерди жанартып, НИШ мектеби сиякты кылушы едим, 1аптанын 5куни сабак оку кылып, жане сабак уакытында 30мин уакыт уйыктауга 30мин тамак жеу сиякты талаптар коюшы едим. Сосын сабактарга дин сабактарын косушы едим аптасына 2реттен!!!! Жане барлыгы 6сыныпты битирген сон оз багытына кететин болады(физ-мат, био-химия.. тб багыттар)
3)Отау курган жастардын уйленгенине 5жыл болган
сайын комакты каржы берер едим, ал жас сабиге жылына акша салынып турады, кейн озине окуына керек болады.
4) Картайган ата-анасын багып откан баласына
машина, уй сылар едим, себеби казр кобиси болек шыгып, аке-шешелерин багудан кашады, ал егер жанагыдай болса багуга таласады.....
5) Базарларды жоюшы едим, заманга сай улкеееен маркет салдырып немесе сауда орталыктарын аштырып, халыктын жагдайын жасар едим. Сонда барлык саудагерлер Бишкекке жыртын-жыртын етип шыга бермейди, жанеде Казакстаннын дизайнерлертне де жумыс табылады осылай
болса!!!!!
6) Озге улт окушыларына казак журналистери, казак тилшиси болуына коп грант болуши едим, сонда олар грантка талпынып, казак адебиетин тандап, казактарданда таза казакша сойлейтин болады!!!
7) ЕНТ-дан аз балл алгандар мен грантка 1балл жетпей калгандардын барлыгы акылы окиды. Негизи бул дурыс емес!!! Баллдары коптерге женилдиктер жасап, оку акысын томендетип, ал аз алгандар окымагандар сол баягы багасымен акшасын толейтин болады, будан барлыгы коп балл алуга, окуга тырысатын болады!!!!
Негизи шынымды айтсам мен де президент болгым келдеди!!!!!! Бала кездеги арманым, али де ойымнан кетер емес!!!! Айта берсен копкой арман!!! Бирак шынымды айтсам президент болып жатсам осы армандарымнын барин орындаушы едим, халыктын мунын тындап жагдайын жаксартар едим.... аттен мен кыз баламын... кыздар президент бола алмайтын шыгар(((((
0 дауыс
Баска улт окылдерын куып тек казахтарды калдырар едим
0 дауыс
Футболға ақша бөлер едім!
0 дауыс
1)ел болмас бұрын, тіл мен тарихты білуді қадағалаушы едім.
2)мемлекет алдыға шығу ішін, әр адам үлес қосу керек, сол себепті жұмыспен қамту керек.
3)мемлекетті алдыға итеруші жастар болған себептен, білімді жақсарту керек деп ойлаймын. Қәзіргі кезде білімнен бұрын,формаға қарайды. Сол себепті жастардың таланттарын алдыға итеруге көмек жасап, жақсы білім беру керек.
4)халықтың өмір сүру деңгейін көтеруші едім, иә ол емхана, білім беру орындары, және халыққа қызмет ететін ғимараттарды қәзіргі кезеңге сай болатындай жасау, жол жасау, ортақ ой халықтың өмірін жақсарту заттары.
5)бізде көбінесе болып жатқан табиғаты зиян жерлерді, немесе табиғи қиналып жатқан жерлерді жақсарту, және табиғаттың тазалығын сақтау шедім, және арал теңізін сақтау жолын ойластырып, семейде болған аппаттарды жақсартуға, құрғақшылықты шешуге тырысушы едім.
6)дамыған елдермен ортақ проэк жасауға, олармен тығыз қатынас алуға, сауда және индустрия өндірісін жаһандандыруға қосылуға тырысар едім.
7)ресей дің біздің елге жіберіп отырған, орыстандыру және әлі күнге дейін отарландыруды ақырындап тоқтатуды ойластыру шедім.
8)біздің елдегі ең қиыны бұл төбеде отырған коррупционерлер, соларды тоқтату, және оларды ыстауға тырысушы едім.
Айтар болсақ көп, бірақ мынау айтқандар бірінші болып істер заттарым.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы