+5 дауыс
8.5k көрілді
Сіз Қазақстанның президенті болсаңыз ісіңізді алдымен неден бастар едіңіз?

26 жауап

–1 дауыс
Мектептерге лифт салдырар ем,біздің мектеп 5 этаж,мініп түсу қиын)))мектептерге хауыз салдырар ем.Ауруханаларда емдеу ақысын төмендетіп,ауруханалар мен жетімханаларға қаржы бөлер ем.роддом мен жетімханаларға сәбилерін тастайын деп жатқан әйелдерді құпия ұстамай тв-дан,газеттен фотолорын жариялар едім,ақыры тілшілерге жұмыс табылад және көкек аналар ұятты болмау үшін балаларын тастамайд шығар.Әр қалаға метр салғызар ем негізі жоспар көп қой тек қаржы жетсе.
+1 дауыс
Мектеп, аурухана, балалар үйлерін күрделі жөндеуден өткізіп, барлығын заманға сай жабдықтар едім... Мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысын көтеріп, жаңадан мешіттер салатын едім.  Ауылдар мен қалалардың көркеюіне бар күшімді жұмсар едім... сонымен қатар туризмге де назар аударатын едім))))
+5 дауыс
Арабтар сияқты,мұнайдан түскен өнімнің 80-90пайызын өз елімнің экономикасын,әлеуметін көтеруге жұмсар едім.
+1, мұнайды өз елiмiзге пайдалануымыз керек!
Рахмет,мен кандидаттығымды ұсынсам,сен маған жақтас болады деп сенемін:)
ол онай шаруа емес деп ойлаймын,  өзіміз-өзіміз дей берсек жағдай қиын болады, бөлісе де билу керек кой (бала кунинди есине тусирши: біреу сенімен дос болып ойнау үшін сен оган кәмпитиннен болип беруші един гой), мен солай ойлаймын, ол үшін ренжуге болмайды гой
пікірге +1)
+3 дауыс
Президент болсам:
1. Жемқорлықты, Таныс-тамырлықты, Сыбайластықты түп-тамырымен жоюға тырысар едiм, және есiрткi, арақ деген зиянды әдеттерден аулақ болу үшiн арнайы бағдарлама құрып, халықты спортпен айналысуға шақырам!
2. Жұмыс. Жұмыспен қамту 2020 деген бағдарламаны толықтырып, жұмысқа оңай әрi тез кiруiн қадағалар едiм. Және де осындай бағдарламаны көбейтуге тырысам.
3. Жалақы. Жалақы, еңбекақы, шәкiртақы, зейнетақыны жыл сайын көтерем, азық түлiктiң бағаларының тұрақты болуын қадағалаймын.
4. Қала мен қатар Ауылды да көркейтуге тырысам.
5. Осы "халықтың жағдайы қалай болып жатыр екен" деген бағдарлама ашып, апта сайын телеарнадан көрсететiн қылып, сұрақтарына жауап берем.
Жақсы жауап екен, +1
Рахмет))
Дұрыс айтасын бауырым.Әрбір қазақ ерінбей адал еңбек етсе, бірінші пункт орындалып, бәрі де жақсы болады.
0 дауыс

Мына срақ сұмдық екен. Адамды кәдімгідей ойландырып тастайды екен:)) Не жазарымды білмей қалдым ғой. cheeky

)))Қиялдауға мүмкіндік беретін сұрақ))
Белгісіз
0 дауыс
Дикктатор Болар Едім!)))))))
мен сендердің айтқандарыңның бәрін істеймін, халкым!!!! (егер президент болсам)
ол десе олесинба))(giggle)
+2 дауыс
Ең бірінші билік басындағы орысша сөйлейтін,қазақша сөйлей алмайтын надандарды билік басынан түсіріп тастар едім,олар ана тілін білмейтін арсыздар!Балық басынан шіриді демекші солар орысша сөйлесе қалық не болады?
0 дауыс
Мен президент болғанда әр қаланы таза ұстау үшін жұмысшылар жалдап далада күл-қоқыс бәрін тазарттырар едім,қоқыс тастаған адамға айыппұл төлейтіндей заң шығарар едім,Қазақстанның жері таза болу үшін әр қалаға осындай заң шығарар едім.Көшеде ақша сұрап отырған цигандарды біздің Елімізден қуып,тұрғызбас едім және көркімізді бұзады.Базар жағына келсек әр қаланың тек бір көшесінде өте үлкен аумақты алып жататын Базар аштырар едім,атын өзіне сәйкес келісіп ойластырар едім,Базарда ішіне кіргенде жайылып отпай,Бір үлкен Сарай сияқты көлемге тек киім-кешектер,екінші үлкен Сарайға ет бөлімі,үшінші Сарайға жеміс-жидектер,төртінші Сарайға Кәмпит-печенье тәттілерді,тұс-тұсымен әр Сарайды үлкен-үлкен аумақты алып жататындай қылар едім.АРАҚ,ТЕМЕКІ дегендерді біреуін қалдырмай сындырып,төгіп жоқ ЖОЙып тастар едім,Біздің Қазақстанда осы заттардан Көшеде қоқыстың жәнінде жүретін адамдарды көріп жүрмін,бұл маған жақпайды,Бір жағынан Арақ деген тойда көңіл көтерерде қояды,ал мен ондайды болдырмас едім,орнына Қазақтың киелі Қымыз,Шұбат дегендерді қояр едім,бұлар адамға өте пайдалы,ал Вино,Пива дегендер бола берсін,бұлардың адамға зияны жоқ,асқазанды тазартады,ТАУАР ЗАТТАР бәрін арзан қылар едім,Нанның бағасы 25 теңгеден бастап арзандап,бәрін қырып,арзан қылдырар едім,тіпті үйдіңде бағасын арзан.Ал енді үйді әдемілеп сапалы заттармен салдыртар едім,Қалада райондарда үйлер бәрін 10 қабатты уй салдырып,зауыттар жаңадан дамитын жұмыстар аштырып,ақшасын ең төменгі жалақы 50 000 болады және жалақыны жылында көтеріп тұрар едім,зейнеткерлердікінде осылай.Интернет,ұялы телефонды осы қалпында дами берсін,көліктерде бары.Осы кезде халықтың саны көбейеді,халық тыныш болады.
мен президент болсам, осы басшымыздың істерін жалғастырар едім.
0 дауыс
ардакты аналарды алаканымда устап журер едм!!!!!!!!!
0 дауыс
Мен Президент болсам, ең бірінші әрбір қазақтың, өмірге қазақ болып келгеніне қуанатындай жағдай жасаймын.Қазақстан қашанда жасай бермек!
Патриот болсаң, қазақша жазшы!
0 дауыс
Осы айтқандарыңның бәрiн орындаймын, МАҒАН ДАУЫС БЕРІҢДЕР... :D
+1 дауыс
Жемкорлыкты жойып,футболды дамытар едим!!!!!Казакстаннын футболын оз колымызга казирден бастап алмасак казакстаннын алем чемпионатына шыкканын ол-олгенше коре алмай кетемиз!!!!!!
Сонда басты мақсатың футболды дамыту ма?)
Қақа өлген екен пұтболдан)
0 дауыс
Мен президент болсам, қарапайым халықты шенеуніктерге, басшыларға тәуелді етпес едім. Қарапайым халық басшыларға жалпақтамай,оздерин қорғай алатындай болса.
0 дауыс
Қазір отырып ананы істер едім, мынаны істер едім деп айта алмаймын. Егер құдай қалап президент болып жатсақ Қазақстан үшін бар қолымнан келгенін аямаймын. Ондай уәде бергенше іспен дәлелдеу керек деп айтар едім.
пікірден іс туады ғой,елдің пікірімен санасу керек қой
арине халық болмаса президент кимге президент болады. хылықтың мұң-мұқтажын саралай білу керек. бірақ ел басқаруда оңай емес.
+4 дауыс
ҚР тұңғыш Президенті күні құтты болсын! Елбасымыз аман болсын!
Алдын ала құттықтадыңба ))))
...