0 дауыс
Сәлеметсіңдер ме? Мен 11 сынып оқушысымын. Мен 11 ді бітіргеннен кейін программист болғым келеді. Компьютерге де техникаға де қатты қызығамын.Компьютерге арналған кез келген программаны жаксы білемін. Үздік атестатқа бітірейін деп жатырмын. Программист болу үшін ҰБТ дан қанша балл алуым керек( орыс тілін қоспағанда)?Ұлттық университетке түсу үшін? программистті оқу үшін қандай программалармен жұмысістей білуім керек? Қандай тілдерді білуім керек? Жалпы қиын емес пе? Мамандыққа сұраныс бар ма? Жалпы программист болу туралы толық мәлімет берсеңіздер. Алдын ала рахмет!!!
26.03.2013 1.2k қаралым

4 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қайырлы кеш!!! жалпы қанша жоғары балл алсаңыз соншалықты атақ даңқы жоғары оқу орынына түсесіз... бағдарламашылар техник және веб болып бөлінеді, ал сұраныс жағына келсеңіз толып жатыр

негізі қазіргі кезде техник программистерге сұраныс өте жоғары. әрине бағдарламалау тілдерін жақсы білсеңіз онда да сұраныс бар... жалақы да жоғары мамандықтардың бірі
26.03.2013
+1 дауыс

Мамандық оңай емес,күрделі,бірақ батыр майданда шынығады дегендей,үйреніп кетесің,сұраныс жоғары бұл мамандарға,себебі қазір кезде әр уйлерде компьютер бар,олар бұзылмай тұрмайды,соларды оңдап бересің дегендей

26.03.2013
0 дауыс
Физика таңдайсың 70-тен жоғары болу керек қо шамамен содан соң Turbo pascal, C++ Borland, C++Buldier программасын анық білсең болғаны содан соң Delphi  деген программа бар
27.03.2013
0 дауыс

Шынымен де шынайы программист болғың келсе, ойланбастан SDU-ға немесе  IT-ға бар (бұл екеуінің болашағы жарқын)! Частный ВУЗ деп ҚОРЫҚПА! Кезінде мен де сөйтіп, частный ғой деп басымды ала қашқам (қазір ҚазҰТУ-ді бітірем,бұйыртса),бірақ көп нәрседен құр қалғам... Жалпы ҚазҰТУ мен ҚазҰУ-дің дәрежелері бірінен-бірі үлкен болуы мүмкін, бірақ білімі бір деңгейде. Кейін өкініп қалма!

29.03.2013
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы